БҰТтан шықты
Елімізде ҰБТ басталғалы бері қызу пікірталастар болып жатыр. Біреулер арнау шығарып та үлгерді, құттықтаулар деген секілді.
Ал емтихан күндері біздер қызу жұмыста болдық. ҰБТның бір «бұтын» тіреп тұрмағанмен, барып кел, шауып кел қызмет атқардық.
Биылғы сынақ былтырғы мен салыстырғанда қатты болды. ҰҚК қызметкерлері оқушыларды тінтуірмен тексеріп кіргізді. Қазақстан боынша рекорд бізде болды, сынақ түскі 12 басталды.
Мектеп оқушыларының да тапқырлығы керемет қой. Бұрындағыдай телефонды шұлыққа тығу, балаққа тігіп алу дегендер қалыпты. Бірінші тінтуірге келген оқушы бары осы дегендей бір қалтафон тастай салады. Тексеріп келе бергенде тағы екеуі ышқырға тігілген болып шығады. Ол аз десеңіз, костюмінің (күн жанып тұрса да, экзамен тапсырушылар терлемейді шамасы) астарын былай қойғанда, иық көтергіш губканың орнына тігіп келгендер де ұсталды. Хиджап кигендердікі — супер. Тұла бойы толқан телефон. Бір оқушы ұлтараққа салып келіпті, телефонын алмақшы болғанда ұсалды, өкінішке орай, телефонының экраны сынып қалыпты.
Екі тінтуірден аман есен өткен талапкер сүрініп құлап, телефоны түсіп қалып тәркіленді.
Онымен қоса ұялы телефон сигналын бөгегіш құралдар қолданылды. ЕнД, бұл тек аты болмаса заты онша мес. Аппараттан үш қадам жерде пасворд, бес-алты қадам жерде билайн, сәл әргіректе кселл\актив ұстай береді.
Аудиториға телефонмен кіріп кеткендерде аз болмаған сияқты, талапкерлер тапқыр екен.
Ең таң қалдырып шулатқан жәйт, бір қыз баланың әжетханада телефонын алмақшы болған кезде ұсталғаны. Телефонды ішкиіміне төсемшемен (прокладка) жапсырып өтіп кеткен екен.
Жалпы алты жүз талапкерден мың шақты телефон алынған.
Сөйтіп, кемінде 100 балл жинайды