Мақта және қорғасынның жалғасы
Кеше қайсысы ауыр? деп пост жазып едім. Небәрі 35 әріптен тұратын сөйлем үшін ол жақта кішігірім соғыс болды. 95 коммент жазылыпты. Өзімдікін алып тастағанның өзінде де комменттердің саны азаймайды. Елді әуреге салатындай сұрақ ауыр ма еді? Жоқ! Бір кг мақта ауыр ма, бір кг қорғасын ауыр ма? Басы жұмыс істейтін кез келген жан бірден екеуі тең деп жауап береді. Меніңше осы жауап жеткілікті. Ал, мақтаны ауыр деу, немесе қорғасынды ауыр деп дәлелдеу қойылған сұраққа байланысты дау-дамайды жасап алудан басқа ештеңе емес. Шындығында біз үшін, қарапайым жандар үшін оның ауыр не жеңіл болуында бізге келіп кетер бірнәрсесі бар ма?
Мүмкін кейбіреулер ортаға тасталған сүйек секілді болған мың бірлікке таласқан шығар. Мүмкін біреуінің ауыр екендігін біліп бізді үйреткісі келген шығар. Бірақ қайсын ауыр десек те басқаша бір дәлел шығып жатыр. Мақта ауыр десек мақтаның көлемі үлкен болғандықтан ол жеңіл дейтіндер бар. Ал, қорғасынды ауыр десек мақтаны тығыздаса қорғасыннан ауыр болатыны туралы әңгіме шығып жатыр. Одан әрі кванттық механика, Ньютонның заңы, тартылыс кұші, ауырлық, серпіліс күші, үйкеліс күші, пайда болатын энергия, жылу, тығыздық, айта берсең неше түрлі себептер мен дәлелдер шығып жатыр. Бір сөйлемге жауап беру үшін неше түрлі сөздер жазылды. Соншалықты оны анықтау қиын ба? Тағы да ЖОҚ! Біз бір нәрсеге тереңірек үңіліп, астарын ақтарып, өзгеше бір дәлел іздейтін болсақ бітпес дауға ұласатынына куә болдық. Олай болатын болса бірге бірдің тең болатындығы жөнінде осыншама қызу пікір таластырып, анық жауапқа жете алмасақ онда біз неге басқа тақырыптарда, яғни өзіміз толық білмейтін тақырыптарда қызыл кеңірдек боламыз? Өздеріңіз байқаған шығарсыздар менің нені меңзеп отырғанымды. Әрине, ол — дін!
Мысалы, құранда «зейнеттеріңді жабыңдар» деп бұйырды. Біреулер хиджабпен жапты, енді бірі орамалды дұрыс көрді, басқаларына шалбар киген ыңғайлы болды. Ең бастысы мақсаты бір — жабық киіну. Олай болатын болса біз неліктен оның астарын қазбалап бізде анау болған, мынау болмаған деуіміз керек?
Бәрібір қанша жерден жыртыла жазсақ та бір кг мақта мен бір кг қорғасынның ауырығын анықтай алмағанымыздай ештеңе де таппаймыз. Сөйлей сөйлей аузымыз шаршайды, жаза-жаза қолымыз талады. Ал, елдер сырттан ұрысқа қызығып қарап отырады. Мысалы менің сендердің араларыңа мың бірлікті құрбан етіп таласқандарыңа қызықтаған секілді. Олай болатын болса өзіміз білмейтін нәрсеге неліктен шұқшия түсуіміз керек? Осыған жауап айтатындар бар ма екен?
Бәрібір таласқаннан түк өнбейтінін білсек керек еді. Келінге сәлем салу ширк деді. Бірі сәл еңкейсе болады десе, бірі аузы көпіріп мен басымды ешкімге имеймін деп кеудесін соқты. Егер сені қаланың сыртына апарып шекеге ОСАны тақап тұрып зың дегізсе, сосын көздеріңнен біраз жұлдыз ұшырып, бүйрек пен дыхалкіден біраз соққы жіберіп, тырнағыңа ине жүгіртсе сол жерде тұрғанның бәріне жалынып, аяғына бас ұрар едің.
Осы уақытқа дейін өткен ата-бабаларымыздың арасында өзіңдей ойлайтын бір жан табылмады деп ойлайсың ба? Жоқ, олар сенен де ақылды еді. Бірақ, олар тек бұйрыққа бас ұрды, өздерінше себеп іздемеді. Көсемсіп көлгірсігеннен көрі аталы сөзге тоқтады. Қой, онсызда біраз нәрсені мыжыдым, тоқтайын. Менікі де біреуге ақыл айтқан секілді болған шығар, бәлкім?! Менің ойым құр айтыстан ештеңе өзгерте алмайтындығымызды жеткізу еді.
Пы.Сы. Мың бірлікті Сигма мен Неоманға теңдей бөліп беретін болып шештім. Сигма нөмірін берді, Неоман ендігі кезек сенікі

Мен білгенімді ешкімге түсіндірмей-ақ қойсам болар еді, бірақ маған керегі сауатты пікірталас еді. Бірнеше адам таласқа қатыса алды, бірақ қатарымызда физиктер аздау екен, шыны керек.
-Мырзалар,-депті.
Мырзалар «Бітті, тағы бір заң ашты мына пәле! Біз қыртысып отырмыз!» деп іштей ойлап үлгеріпті.
-Мырзалар, терезені ашайықшы,әйтпесе мына бөлме қапырық болып кетті-деген кезде, бәрі «Уһ» депті
Келіннің сәлем салуын талқылағаннан (бәлкім біреулерге керісінше) қызығырақ.
Былай ойлап қарасаңыз (ойланбаймыз әрине) әрбіріңіздің күнделікті іс әрекетіңіз физика заңдылықтарына бағынады, бірін қарапайым түсіндіруге болатын болса, енді біріне біраз білім қажет.
Кешегі есепті қарастырғанның өзінде „қайсысы ауыр„ деген сөзді қалай түсінгеніңізге байланысты есепті бірнеше жолдармен шығаруға болады, Салмақ деп қарастырсаңыз классикалық механика заңдарына сүйеніп, қорғасын ауыр десек, Нүктелік масса ретінде қарастырылып, денені құрайтын бөлшектерді бір нүктеге ұмтылдырып (сығып) денені құрайтын бөлшектердің реалитивисттік қозғалысы әсерінен туындайтын масса салаыстырмалылығын (Эйнштейн жарықтықтың еңбегі) ескеріп, мақта ауыр деуге болады.
Бұл бірғана қарапайым жолдары десек, есепті қаншаға ауыр деп күделендіретін болсақ біраз есепті қажет ететіні сөзсіз.
Рас, келіннің сәлем салуын талқылағаннан қайсы ауыр екенін анықтаған қызығырақ әрі пайдалы болмақ.