Маңғыстауда не боп жатыр?


Ауылдан кеткеніме үш жылдан асып барады. Дегенмен, туған жерден кіндігім үзілмесі анық. Әр мезет ауыл жақтан оқыс хабар келсе, елегзіп те қаламын. Мен кеткелі бері талай оқиғалар болды. Алғашқы тосын жаңалық беймәлім үшеудің таксисті көлігімен алып қашып, орта жолдан полиция бекетінде жанжал шығарып, ары қарай Түрікмен аспағы болғаны. Соңғы естігенім — Ақтау түрмесінен 21 тұтқынның Голливуд киносына бергісіз сценаримен қашқаны… Солардың арасында үнемі назарда боп келе жатқаны — маңғыстаулық мұнайшылардың жиі-жиі ереуілге шығып кеткені етін. Енді міне, осы жылдың мамыр айынан бастап тағы да ереуілдер толастар емес. Құрықтағы жұмысшылар, Қаражамбас мұнай кен орнындағы жұмысшылар және Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылар бірінен соң бірі өз қалуларының орындалуын радикалды түрде талап етуде. Әрине, ресми орындар мұндай көтерілістерді бірден заңсыз әрекетке балап, сол себепті ереуілге шыққандармен адам құсап сөйлесуден де бас тартады. Мен оқиға орнында жүрген жоқпын. Естігенім ауылдағы ұзын құлақ пен К+ арнасының ютубтағы арнасы. Сондықтан мәселеге біржақты баға беруден аулақпын. Рас, халық көшеге шығу үшін, митинг өткізу үшін, мейлін ол бейбіт болсын, рұхсатнама алуы міндет! Алайда, сөзін тыңдағысы келмей отырса, оларға билік неғып рұхсат беріп қойсын? Олардың рұхсатын күтіп жатпастан халық көшеге шығып кетті. Дәл осы әлсіз жерден келіп, билік басындағылар да, құзырлы органдар да кенеше жабысып алып, жіберер емес. Неше күннен бері болып жатқан оқиғаларды көріп, жүрегім ауыруда. Арысыңды мал құсатып екі қол, екі аяғынан төрт жағынан көтеріп алып, машинаға тоғытып жатса, қалай тыныш отырарсың?.. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?». Менің түсінігімде, еңбекақысы мен тұрмысы жақсы, көңілі тоқ адам көшеге шықпайды. Ендеше, оппозиция бара алмайтын ерлікке қара жұмысшыны апарып отырған не күш? Жұмысшылардың қорғаушысы Наталия Соколова қайда жоғалып кетті? Халық арандап отыр ма, арандатып отыр ма? Неге Қырымбек Көшербаев келгелі Маңғыстауда көтеріліс жиілеп кетті? Әлде кездейсоқтық па? Заңсыз болса да өз талаптарын айтып бейбіт шеруге шыққан халықты «заңды» жолмен тарату қаншалықты заңды? «Мұнайшы» дегенде санамызға 500 000 теңге айлық елестейтін жандардың тілегі нендей? Әлдебіреулер айтқандай олардың жалақысы жарты миллион екені ақиқат па? Шынымен де олардың жағдайы нашар ма? Егер жұмыс беруші жұмысшы шағымына пысқырып та қарамаса, ал билік жұмысшының көшеге өз талабымен шеруге шығуына рұхсат бермесе, ендеше шыдамы таусылған бұқара не істеу керек? «Ертең тас жауады» десе "Әуелі жауып алсын, сосын көрерміз" деген Қазекем неге бұл күні алай-дүлей? Бәрін былай қойғанның өзінде, құқық қорғаушыларға оқиға орнында жүрген түсіруші топ пен журналистерге кедергі жасап, тіпті олардың камераларына шабуыл жасауға кім рұхсат берді не кім бұйрық берді? БАҚ жұмысына кедергі жасап, өзі заңға томпақ келгенін ол құқық қорғаушы біле ме, білмей ме? Білсе, неге кедергі жасайды? Білмесе, өзі білмейтін құқықты қалай қорғап жүр? Қысқасы, сұрақ көп, жауап жоқ! Менің Нұрсұлтан Әбішұлына лоялді екенім әмбеге аян. Бірақ ол оның жүйесіне бас иіп, шұлғу деген сөз емес. Соңғы үмітіміз сол кісіде. Бәлкім халқына басу айтар не мәселенің шешімін ұсынар. Қара басым, заңсыздық атаулыға қарсымын. Заңсыз шеруге де. Бірақ заңсыз шеруді заңсыз жолмен тарату дегенді ешбір заңнамадан таба алмаспыз. Бұл — Елбасымыз айтып жүрген ешбір толеранттылыққа жатпайды. Мұндай ереуілдердің арты жақсылыққа апармайтыны да анық. Адайлар бір көтерілмесін деп тілейік. Елдің іші алағай да бұлағай болғаны тіптен ұнап жүрген жоқ. Менің қорқатыным, халықты басқа бір күштердің арандатуы мен соңғы нәтижені өз пайдаларына асырып кету ықтималдылығы. Осыдан сақ болыңдаршы, маңғыстаулық халқым!
Бөлісу:

12 пікір

VKM
(((қолдап отырған адамдар бар екені анық...әйтпесе кім қазір көшеге шығады?
19852407
қолдап отырған дегенде Кәсіподақ ұйымының жетекшілері ғана, болды
Юристерін 3 күнге жауып тастап еді, кейін мүлде шығармай қойды
Abilakim
«Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?»
Арқада қыс жайлы болса, арқақ ауып несі бар. арқаның қысының қаттылығын меңзегені ғой
timurrr
Сол ғо енді бәріміздің де айтып отырғанымыз…
Economist
Тимур, сенімен толықтай келісемін. Шынымды айтсам осы жағдайларды көрген менің де жүрегім ауырады. өзім де Маңғыстаудың тумасымын. Шынында да арыстай азаматты аяқ-қолдан сүйретіп алып бара жатқанын көргенде қаным қайнады. Халықты арандатып отыр әдейі. Мұнайшыларды қойып, жергілікті халық, адайлар көтерілмесін деп тілейік. Дәл қазір екі жақ та ашулы, келіссөзге келе қоятындай жағдайда емес. Халықты ашындырып алды. ((( Өткенде ғана КМГ РД басшылары, ақшаларымыз жеткілікті, әлемдік биржаға шығамыз, шетелдік мұнай компанияларына қаржы салғымыз келеді, портфель көбейтуге Қазақстанда бізге тесно деген болатын. Астанадағы офисі мен жалпы басшы жағы майлы жілікте. млн.нан кем алмайды. Ал қарапайым жұмысшылар, вахтамен жүріп алатыны 70-80 мың ғой. Операторлардың айлығы 200 дегені өтірік.
askerbek
Менттер биліктін адамын қорғауға арналған күш-сымақ.Көрейік Нән қанша жасайды екеню.
alisha
Иә, Тимур, жағдай мәз емес. Апталдай азамат мұның салмағын көтере алмай көз жұмды. Өзі бригадир ме, сондай бірдеңе ғой. Қарамағындағыларға тоқтау бола алмағаны үшін сазайын тартып үлгерген шығар. Ел аман, жұрт тынышта масқара ғой мынау!
huanysh
интернеттен басқа жерлерді бұл ақпарат айтылмай жатыр ғой, қателеспесем. Телеарналардың бәрі тыныш!
timurrr
КТК мен 7 арнада ештеңе жоқ па? Мен өзім теледидар қарамайтын болған соң мән бермеппін…
huanysh
КТК көрсетема деп күткен едік көрсетпеді ештеңе енді көрсетпесе!!!
just19
Менты не наши кенты.

Лібад осыны кім білмейд, дүрдараздар жанындағы бір-екеуін ұстатып жіберіп себастьян жасап кеткендері нес. Бастап айқайлап жүрген адам қоқақ даусы әзер шығып тұр, негізі басындағы адамның рухы мықты болуы керек.