Бес тілек

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Әзәзіл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа

Үшінші тілек тілеңіз
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз
Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз
Алты қанат ақ орда
Ардақтаған аяулың
Күнінде барып біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа!!!

Бұқар жырау

Ал біз қазір бес тілек тіле десе, не тілер едік?
Бөлісу:
  • 2

18 пікір

AsanQaigy
Қазақ айтады бірінші байлық денсаулық деп, сондықтан баршамыздың денсаулығымыз мықты болсын! Ал сол үшін алып қояйық!
satibaldi
«Жаны ардақты жақсының,
Күнде бірі өлсін!» — дер.
«Жаназасын оқы, — деп, — Шақырушы келсін!» — дер.
«Скат, құран шығарып,
Мал мен мүлкін бөлсін!» — дер.
Сол бөлінген олжадан,
«Өзгелерден көбірек,
Сыбағама берсін!» — дер.
Бұл — молдалар тілегі.
Жақсы тілек бола ма,
Сонда олардың тілегі? — делінген жерлерін әрине, жариялауға мүдделі болған жоқсыз???
AKY
Бухарь жырау жарад!
izbasar
Әкім қараларға ынсап бер.
sigma
Бірінші тілек тілеңіз
дәлелсіз пікір жазбасқа
екінші тілек тілеңіз
орынсыз минус алмасқа
үшінші тілек тілеңіз
ақиып тұрған жас бала
Алланың сөзін айтам деп
Ширк болып қалмасқа
төртінші тілек тілеңіз
керектен көзді жазбасқа
бесінші тілек тілеңіз
Сайт қожасы Аршаттан
бан деген қарғыс алмасқа
qisyq
Өй де! Шап, шап! Жібер көк ешектің басын!
konvict
Қап, мынаны кеш көріп бағалай алмай қалғаным ай
omarbirat
Алтыншы тілек тілеңіз

Тақырып аты «Бес тілек»…  Шылыми тәжірибе жұмыстарымен айналысуға кеттім…
Dzhuli
 бірінші тілек бір тілек — оны айту не керек,
ол менің жеке тілегім...қасымда болса серігім.
екінші тілек, жан саулық — мықты болсын денсаулық,
үшінші тілек, өмірлік — бақытты өмір сүргенім,
төртінші тілек, маххаббат — аман болса сүйгенім,
бесінші тілек, арманым — ата-анам аман болғаны…
(экспромт Джули 15:25 06.06.2011ж.)
qisyq
Бірінші тілек тілеңіз,
Шираулы орай косякты
Сәтсіз жерде жармасқа?
Екінші тілек тілеңіз,
«Вертолеттің» күшімен,
«Ихтиандрдың» ісімен
Унитаз жаққа бармасқа,
Үшінші тілек тілеңіз,
Тәлтіректеп шығып кафеден
Долданып тұрған толпаның
Астында бекер қалмасқа,
Төртінші тілек тілеңіз,
Күмпиген ісік, көк көзбен
РОВД-да отырып,
"Қызарып" арыз жазбасқа,
Бесінші тілек тілеңіз,
Несие бар, қарыз бар,
«Сенген қойым сен бе» деп,
Қысқарған жалақы алмасқа,
Алтыншы тілек тілеңіз,
Күндердің күні болғанда,
«Не істедім осы тұрарлық»
Деген бір өшпес ойменен
Қылжиып өліп қалмасқа…
nurbolsaparbai
жәнәтка барсам дем тиейтін едім
Gulzhanat
Кешіріңіз, үшкілсіз көйлек деген қандай көйлек?
Marationok
менің ойымша, үлкен қиығы бар көйлек декольте секілді
Gulzhanat
хех) қызық екен. неге кимеске?
Marationok
Киіңіз, кім киме дейді? Бірақта, бізде бағалайық, көйлегіңізді
Gulzhanat
Ондай көйлек кимеске тіле дегенге… Ахи екен ғой пост авторы. Ғафу етіңіздер — голова дырявая
Marationok
Ештеңе етпейді ғой, кисеңіз де өз еркіңіз, бірақ дұрыс жазбаға еш қатысы жоқ