Фитна болып кетті(Ахилар назарына...)

Көп адамдар аяқты шалып кетті,
Күдікті ойды жүрекке салып кетті,
Тыныш жатқан қаймана қазағымның,
Берекесін біреулер қағып кетті.

Іріткіні жаңбырша төгіп кетті,
Аға іні арасын бөліп кетті,
Халқым деумен күн кешкен азаматтың,
Барлығын да түгендеп сөгіп кетті.

Қиын болды өзгерді қас қабағы,
Таппай қалдық бұл күнде дос жаранды,
Салып кетіп фитна арамызға,
Құлатты ғой арманды асқаралы.

Халқымыздың деңгейін пайымдамай,
Не болар деп ертеңді уайымдамай,
Даналықсыз әрнәрсе айтып жатыр,
Меккеліктің жеткізіп жайын оңай.

Мұсылмандар екіге бөлінуде,
Бауырмалық жіптейін сөгілуде,
«Не болып кетті» деген бір күмәнменен,
Кей жандардың иманы төгілуде.
АЛДАСПАННЫҢ ЖАРҚЫЛЫ!!! қайнар көзі: aldaspann.wordpress.com/2011/06/04/фитна-болып-кеттіахилар-назарына/#more-27
Бөлісу:

2 пікір

balzaminka
ия, солай болып жатыр. Бұдан құтылар күн бар ма екен өзі. Қоғамдық орындарда сөйлеуден де қалатын түріміз бар, қай жағымыздан біреуісі сап ете қалар деп :(
Janasil
Кетті деген сөздің бәрін осы шаққа ауытыру керек секілді.
Мысалы «жатыр» сөзіне.
Іріткіні жаңбырша төгіп жатыр,
Аға іні арасын бөліп жатыр,