Бектау ата тауы

Бектау ата тау желісі аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектауата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.алынған жері
Бөлісу:

26 пікір

KILYZAMAN
Жақында Астанаға жол түсіп, немере інімнің жеңіл автосымен барып едім. Жолдағы әсерлерден менің санамда қалып қойғаны: Бектау ата тауының сілемдеріндегі керемет мүсін — шалқасынан жата ұйықтап кеткен алыптың басын елестетеін жері болды. Фотоаппаратты ұмытқандықтан, суретке түсіре алмадым. Ал инеттен таппай отырмын. Керекшілер естеріңде жүрсінші, сәті түссе суретін ілулеріңді өтінемін!
Abilakim
Қарағанды-Балқаш аралығында ғой.Балқашқа жақын 70-80 км шығар
KILYZAMAN
Тура айттың, суреті барма? Бар болса іле салшы Әбеке осы жерге.
Abilakim
Өзім бармаған едім,өтірік айтпай-ақ қояйын.Мынау апам мен жиенімнің сонда отбасымен барғанда түскен суреті. Жездем суретке түсіріп тұр))))) Түсетін суы жоқ демесең барып демалуға болады

(82.04 Kb, 449x600)
KILYZAMAN
Әбеке Рахмет. Менің күткенім жоғарда сөз болған тас мүсіннің суреті (Ұйқыға кеткен алыптың басы сяқты өзі)… Яндекстен Бектау-ата деп қарап талай кереметті көріп, іздегенімді таппадым, алдында Гуглдетіпте көргем
KILYZAMAN
Небір керемет минералдары бар екен… Су қоймасы да бар сияқты.
satibaldi
Бектау ата тау желісі аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектауата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.
Қазақстанның қай жерінде екені ақыры белгісіз болып қалды, көшірме мылжың сөзден.
KILYZAMAN
Қазақстанның қай жерінде екені ақыры белгісіз болып қалды, көшірме мылжың сөзден.
— бір дәруіштің толғана жазған туындысы болса керек еліміздің бизиткасы айдарындағы сайтқа…
satibaldi
Шоқан Уәлиханов деген орыстың ішпиені саған дейін Омбы губернаторына бүге-шігесіне дейін сызып сатып кеткен жерлер бұл, қайталанып қайтесің.
KILYZAMAN
Қайтқан малданда береке күткен қазаққа таудың жыры бөлекқой…
KILYZAMAN
(45.73 Kb, 230x154) киелі саналатын тұщы суы осы болса керек…
satibaldi
Қытайлар қанша ұсынып отыр?
KILYZAMAN
Жалмаңдама! Сатылмайды жер. Сатыбалып, сатыпжіберіп дәніккен екенсің шірік неме…
satibaldi
Иә, біздің изоляторлар Филбиді де патриот қылып шығарған… Жағыпты саған…
KILYZAMAN
Бетбақтанып баражатқаныңды байқамай қалған сияқтысың… Қатып алғаннан саумысың?
KILYZAMAN
Тағыда өтінемін, жолдарың түсе қалса осында сөз болған мүсінді суретке түсіріп алуды ұмытпаңдаршы Керекшілер… Алдын ала РАХМЕТ!
KILYZAMAN
Табылды ау ақыры (125.34 Kb, 950x525) саяхат деп осыны айт
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 21:11
Beytanis
+ қояйын десем бағалау уақыты аяқталды деп тұр. Ұнады.  
meirzhan
жә, жә, ақталма.
Beytanis
Ақталған жоқпын, пікірімді білдіріп отырмын. Тыйым саласыз ба, мырзам?!
KILYZAMAN
Әулие Атабек туралы аңыз
Балқаш қаласының оңтүстік шығысында 60 шақырым жерде Әулиетау деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды. Халық аңызы бойынша: Қасиетті Атабек өткен ғасырларда өмір сүріпті. Ол бірде шапқыншылық кезінде жаудан қашып келіп, осындағы ең үлкен үңгірге тығылады. Сол кезде Алланың әмірімен үңгір ішінде су қайнары пайда болыпты. Таудың 80 метр биіктігі үңгірінде тығылып жатқан Атабекті шапқыншылар таба алмапты. Содан бұл жерді Әулие деп атайды. Әулиетау деп аталуы – тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек.
Әулиенің басына келіп, тәуіп етіп, түнейтіндер көп. Оның суы көптеген ауруларға ем. Келгендер ақтық байлайды, басына мал шалады. Шипалы суынан ішеді. Әсіресе, бала көтермеген әйелдер жиі келіп түнейді. Бектауата "қасиетті", "әулие", «киелі Бектау» деген мәнді аңғартады.
алынған жері
satibaldi
Дерьмо әже тауы деген жоқ па екен а, салсайшы, бәдік.
Gastarbaiter
«Гәунә жеңще» есіме түсіп кетті.