Бөпе Тимур:)
1989 жыл. Бірінші сыныпқа барған кезім. «Нөләвәй» деген дәл біздің алдымызда құрып кетті. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін үздіксіз оқып шықтық. Сондықтан жұрт секілді 4-сыныптан секірмей өттік. Бір қызығы, 1-сыныбымыз құдды бір балабақша секілді өтті. Таңда ертесімен сабаққа барамыз. Түске дейін оқимыз. Түсте асханадан тамақ ішеміз. Сосын «тихий час». Сағат төрттерде тұрғызады да полдник беріп, ойнатады. Кешкісін, дәл қазір есімде жоқ, жобамен алтының уақыты болуы мүмкін үйге қайтамыз. Мына суретте мектепке алғаш барғандағы венеткаға түскен кезім. Көзіммен күнге, қатты жарыққа тіке қарай алмаймын. Бірден жасаурап сала береді. Ал ол кездің фотографында (бізді түсірген) «свечка» деген дүние болмады. Сол үшін барлығымызды терезенің нақ қарсы алдына отырғызып, содан түскен жарыққа қаратып түсірді. Менің «ауруым» басталды. Енді түсіре бергенде көзім жасаурап, басымды бұрып әкетемін. Қазіргідей сыфыровой фатапарат жоқ. Пленкасының әр кадры санаулы. Қайта-қайта кадрын бүлдіріп, өзім де жөнді суретке түспеген соң, ақыры мені терезеге қаратып емес, терезенің босағасына, көлеңкелеу жаққа бұрып, бір қырымнан түсірді. Сөйтіп, "Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" суретке түстім:)))
тамақтанған жерімде біздің үйдің альбомы болмады:))
дұрыс
дұрыс емес:) Үйде отырып жаздым. Енді ше, қаламыз ба жұрттан:) Қызықтырып жіберді
Мынау оқушы Тимур ғой! :)))
западная солидарность))))күшті, ирониялық тұрғыдан алғанда 100 балдық шкаламен жазыпсың, индивидуал!