Боямасыз өмір...

Көкесі әдеттегідей мас болып келді. Батпақ-батпақ бәтеңкесін шешпестен тозығы жеткен диванға гүрс ете құлады. Құлады дегенімізбен қолындағы жартылай ішілген бөтелкесі қолынан түсе қойған жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Боямасыз өмір...Айбектің жылағысы келді. Көкесін де аяйды. Бұрынырақта бұлай ішпейтін. Үйге қонақ келсе ғана ішетін. Алдымен автобус жүргізуші болып істеп жүрген жұмысынан шығарды. Сонан соң бір кісілер келіп бұларды үйлерінен шығарып жіберді. Неге шығарып жібергенін бала миы жеткілікті түсіне алмады. Айбек анасында аяйды. Ол кісі бөлменің жоғарғы жағында жерге төселе салынған көрпенің үстінде жатыр. Ауырып жатыр. Жақында Айбек бауырлы болады. Бірақ бұған қатты қуанбады Айбек. Анасын ауыртып келетін бауырын іштей жақтырмайды.
-Көке, бүгін ішпей-ақ қойыңызшы…
-Не дейд мына жүгермек? Әкесіне ақыл айтып жатқанын қарай гөр, неге ішпеуім керек?-көкесі басын көтеріп диванның жиегінде отырған мұны иығынан итеріп жіберді.
-Бағана сабақта апай: «Бүгін балаларды қорғау күні деп еді...»-құлап жатып, жылап жатып айтқан ұлының мына сөзі Кемелдің жүрегін тіліп өтті. Баласын қатты итеріп жібергеніне іші-бауыры езіле өкінді.Қолындағы бөтелкесін ашық есіктен сыртқа лақтырып жіберді. Сосын… сосын әбден кірлеп кеткен кәстөмінің жеңімен теріс қарап, баласына көрсетпей көз жасын сүртті…
Бөлісу:

19 пікір

Maya
Осындай әкенің болғанынан болмағаны артық. Ішіп бар ауыртпашылықтан құтылам деу ақымақтық. Алла сақтасын!!!
Onlasyn
Ауыртпашылықтан құтылу үшін емес, жәй өзі қоя алмайтын болса ше?
Abilakim
негізі анау-мынау деп сөзді көбейте беруге болады)))
Onlasyn
Лібә, жұмыстан кішкене қол босап қалды, соны да көп көрдің бе:))
konvict
Қойыңыз, Әлімгерейдің кейіпкері кейін істеген ісіне өкінеді емес пе?
a63a1
Жылаттың ғой Әбеке жылаттың!
sammita
:(((( "Қара пима" есіме түсіп кетті…
Abilakim
Бұл жерде оқиғаны жақсылыққа қарай бұрғым келді…
sammita
аха, боямАсыз деші.
Abilakim
Боянсыз өмір демегеніе шүкір де)))
izbasar
Қазақтың басындағы ХХ ғасырда пайда болған шөлмекпен келген нәубет.
edige
Осындай тақырыпта бір «жанатының» бар еді гой… :)))
edige
Дүкенге келіп 200 теңгелік «Парламент» пен 500 теңгелік «Нұреке»-ні тарынбай алатын көкеміздің, қасына еріп келген кіші баласына «Сен де осы қылқылдап қоймайсын» деп 5 теңгелік сағыз бен қазанбасқоразкәмпит алып бергенін көргенде ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ-ПИ деп тастағым келді
Abilakim
Әке мен бала дүкеннің жанынан өтіп бара жатыр.
-Әке, балмұздақ жейікші…
-Балам, менің де сол балмұздақты жегім кеп тұр-ау.Тек ақшасы құрғырдың араққа ғана жетіп тұрғаны…
boztorgai
үйге кірген әкесінің су болған балағын көріп, баласы:
-әке, сыртта жаңбыр жауып тұр ма,-дейтін көрінед.
-жоқ, күшті жел тұрып тұр
Aizhantabyn
((((((((((((((((((((((((((((((((

Ішкіштерден АЛЛА сақтасын… адамның әлсіздігі ғой…
Adiletshu
Қысқа болса да әсерлі екен