ГЕНОЦИД деп танымайынша
Қазақтың саны неге аз деп мазалайтын сұрақтар ойға келеді.
Қазақ жерінде болған ашаршылық, геноцид секілді оқиғаларды ашуға тырысқан Алаш Айнасының бүгінгі саны сол тақырыпты байланысты жарыққа шықты. Соның ішіндегі өзіме ұнаған мақаламен бөлісейін деп осында салып отырмын:
Сурет Қазақстан Мемлекеттік орталық мұражайынан алынды
Қаймана қазақты қырып өткен ашаршылық туралы айтылып та, жазылып та келеді. Әйтсе де қолдан ұйымдастырылған нәубетке әлі де бірегей, ұлттық деңгейдегі көзқарас қалыптасқан жоқ. Тауқымет тартып, тағдырлас болған Украина халқы ашаршылықтың қасақана ұйымдастырылғанын ашық айтып, бұл зұлматты кезеңді кеңестік билік тарапынан болған геноцидке балады. Дәлірек айтқанда, Виктор Ющенконың қамшының сабындай қысқа президенттік өкілеттілігі кезінде Украина Радасы ашаршылықты «геноцид» деп танитын заң жобасын қабылдаған болатын.
Көзқарастың ұлттық деңгейде екеніне тағы бір дәлел – саяси жүйе ауысса да, билік басына өзге адам келсе де, украин халқы нәубетті жылдарды ұмытпай, тарихи сананы жыл санап жаңғыртып келеді. Бұл елде жыл сайын зерттеулер жүргізіледі. Биылғы жылы жергілікті «Рейтинг» әлеуметтік тобы жүргізген сауалнама нәтижесі халықтың 58 пайызынан астамы ашаршылықты геноцид деп білетінін көрсетті. Украина басынан өткерген ашаршылықты айтып, тарихи әділ бағасын алуға ниет танытып келеді. Қазір бұрынғы президент Виктор Ющенко осы мәселеге түбегейлі кіріскен. Украинаны мысал етуіміз бекер емес. Қазірдің өзінде халқының саны 46 млн-ға жуық бұл елдің ұлтшыл-патриоттары «егер ашаршылық геноциді болмағанда, демографиялық жағдайымыз әлдеқайда қуатты болар еді» дейді. Энциклопедиялық деректерде украиндардың 3-3,5 миллионы қырылғаны туралы мәліметтер бар. Ал отандық тарихшылар мен демографтар біздің елде 1919-1922 жылдар аралығында 1 млн, ал 1931-1933 жылдары 2,4 млн адамға дейін аштан қырылғаны туралы айтады.
Екі елді салыстырып қарағанда, аштықтан көз жұмғандардың саны бірдей болғанмен, жалпы халықтың санына шаққанда, қазақтың қасіреті ауыр тартады. 1897 жылы Ресей империясы жүргізген санақта қазақтардың жалпы саны 4 млн 84 139 адам болған екен. Осы халықтың жартысынан көбі қырылып, аман қалғаны атамекенін тастап кетуге мәжбүр болған. Осындай қасіретті кезеңдерді бастан кешсек те, ашаршылыққа тарихи әділ бағасы берілмей келе жатқаны жасырын емес. Мысалы, бізде бірді-екілі қоғамдық ұйымдар болмаса, бұл мәселеге бас ауыртып жүрген жанды байқамайсыз. Ақпарат құралдарында ауық-ауық айтылып қалғанымен, нәтиже жоқ. Жылына бір рет көктемнің соңғы күні айтып қана қоя салғаннан ештеңе шықпайтынына нақты мысал көп. Бір ғана ескерткіш мәселесінің өзі сиырқұйымшақтанып кеткеннен кейін, басқасынан қайыр күтудің өзі артықтау. Кез келген мәселе бойынша қоғамда талап болмаса, билік те мойнын бұрмайтыны саяси ғылымдағы аксиома десек болады.
Ал халық саны бойынша әлемде 28- орын алатын Украина ашаршылыққа деген шынайы көзқарасты қалайша ұлттық деңгейге көтере білді? Украинада республикалық, облыстық, қала берді аудан деңгейінде ашаршылықтың себеп-салдарын зерттеумен айналысатын қауым бар. Олардың ақпараттық ресурстары да жоқ емес. Украинадағы аштық туралы шынайы деректерді, фотосуреттерді біздегідей тек тарихшылар ғана емес, әрбір ынталы азамат біледі. Себебі арнайы интернет сайттар да ашылған. Халық санасын манипуляциялаудың ең жаңа, заманауи құралы – ғаламтордағы әлеуметтік желілер дейтін болсақ, бұл елде ашаршылық шындығы туралы «в контакте», facebook сияқты сайттарда арнайы аккаунттармен жұмыс қызу жүргізіледі және әлеуметтік желілердегі қызу-пікірталастар мен ұсыныстар тиісті мінберлерден айтылады. Желілердегі қауымдастыққа мүше жеке азаматтардың саны да едәуір көп. «Анти-Голодомор-Геноцид» атты фанклуб та тұрақты түрде жұмыс істейді. Яғни қоғамда осы мәселені көтеруге деген ынта бар. Қоғамдық пікір қалыптасқан. Тіпті Сталин бастаған КСРО көсемдеріне жергілікті сот шешім шығарып, айыптағаны да бар. Сондықтан да шығар, елдің ең жоғарғы заң шығарушы органы – Жоғарғы Рада «ашаршылық – геноцид» ұғымын білдіретін заң жобасын қабылдап, Біріккен Ұлттар Ұйымына Украинадағы ашаршылықты геноцид деп тану туралы ұсыныс жолдаған-ды. Егер елдің ішінен осындай ынта-жігер байқалса, сол елге сыйластықпен қарайтын сырт көз де сол елмен санасатынына көз жеткіздік. Мысалы, украиндердің осынау талабы халықаралық қауымдастық мүшелерін де бей-жай қалдырған жоқ. Әлде «Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» дегенге келе ме, Украинадағы ашаршылықты әлемдегі беделді деген 28 мемлекет геноцид деп ресми түрде таныды. Олардың арасында Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия құрлығындағы өркениетті, дамыған мемлекеттер бар.
Түйін
Бір ұлттың жартысынан көбі қасақана әрекеттердің құрбаны болса, оған қандай тарихи баға берілу керектігін көзі қарақты кез келген азамат біледі. Ашаршылық құрбандарына тағзым да жетіспей жатыр. Ескерткіш мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйымдар шырылдағанмен, оған құлақ асар ешкім болмай тұр. Арасында шежіре шертер тарихшысы, құқықтық қатынастарды жілікше шағатын заңгерлері, саясатты сараптайтын саясаттанушы, философтары бар Парламентімізден осы мәселені ашық айтып, ұлттық деңгейге көтеруге ниеттісін байқай алмай отырмыз. Тым құрығанда, қоғам нақты бағасын беру үшін қоғамдық ұйымдар ақпараттық-насихаттық жұмыстарын кеңейтіп, саны бар, сапасы аз жастар ұйымдары ғаламтор арқылы осы тақырыпты қаузау керек. Сонда ғана қазақ халқының демографиялық ахуалына ауыр соққы болған нәубетті жылдарға ұлттық деңгейде бірегей көзқарас қалыптасатын сияқты.
Автор: Жарқын Түсіпбекұлы, Алаш Айнасы

Қазақстандағы ашаршылық нәубетін геноцид деп танымайынша, тарихи әділеттілік қалпына келе ме?

мектепте тарих мұғалімі жақсы болатын. СОл кісі айтып берген: ашаршылық кезінде бір әйел екі бөпесімен (бір ұл, бір қыз) ай далада келе жатыр мыс. Содан, ізіне бір аш қасқыр түсіп, қалмаған соң, бір ағаш басына мінбекші болады. Бірақ, екі баламен міне алмаған соң, қолындағы қызын қасқырға жем қып, өзі ұлымен мініп, аман қалған деседі. ағыл тегіл жылаған едік (((