Біздің елімізге, тарихымызға қатысты жұмыстар. В. В. Верещагин


//Богатый_киргизский_охотник_с_соколом//

//Киргизские_кибитки_на_реке_Чу//

//В_горах_Алатау//
Осы ксінің /бүркітіменен тұрған қазақтың бай аңшышысы/ атты жұмысы өзіме керемет ұнайды.
Қайта осы тұлғаны біздің елімізбен байланыстырып кеткеніне және осы жұмысын жазып кеткеніне қуанамын.
Сіздерде манағы айтып кеткен жұмысқа байланысты қандай ойларыңыз, пікірлеріңіз бар?
Жалпы, білгім келеді
Сурет атауларын аудармағаным үшін кешіріңіздер
Бөлісу:

46 пікір

Aizhantabyn
)))

маған да ұнады. Бірақ, бір түрлі екен. Денесі тым алып, ал басы кішкентай.

Өрнектер де, колорит те, тіпті атайдың құсына бір досына қарағандай қарап тұрған секілді екен.)))
Arhun
/Денесі тым алып, ал басы кішкентай./ мен де осыны байқап тұрмын
Ahi
Басындағын @qisyq киген бе? Біздегілер өйтіп кимейтін еді ғой
Arhun
Сонда қырғыз болуы мүмкін бе7
Ahi
Қайдам, кім біліпті
Arhun
Айыр қалпақты біздікілер киуші ме еді7
Ahi
Кимейді, мен білерде
omarbirat
Қазақтар да кие береді. Қырғыздармен тұрмыста қолданатын ортақ нәрселеріміз көп. Біз тұрған киіз үйде олар да тұрады, олар да ет асып, бесбармақ жасап жейді, олар да қымыз ішеді деген сияқты кете береді…
Arhun
Қысқасы айырмашылығы жоқ дейсің ғой…
qisyq
А?! Менде нең бар?
izbasar
Қазіргі қазақ киімімен ХІХ ғасырдағы қазақтардың киімі басқа болған. Киім тіккен материалдары да.
Ahi
Сақалды қарасай, сақалды дейін десем, Сатекең өмір бақи ішіп кете ме деп қорқам
konvict
Сенде сақал бар ма Ахи?
Arhun
1-ші суреттен ең басты қателікті байқайсындар ма7
Ahi
Бұтындағы американ үндістерінікіндей да, үстіндегі өзбектердікіндей… Бір түрлі
Arhun
Үстіндегі киімі расында өзбек коллориті сезіледі)))
omarbirat
Өзбек саудагерлерінен сатып алған шығар?
nurjanbay
жұмысқа киіп тастайын деп киген ғой. ал жайшылықта қазақша киінеді.
Beytanis
Бірінші сурет өтірік-өтірік салынған секілді…
Arhun
Мысалы неліктен деп ойлайсыз?
Beytanis
Әң әуелі суреттегі кісінің киімі әлекей-шүлекей, нақтылық жоқ. Екінші, қыран құс қонған қолы тым жоғары көтерулі және шынайы емес. Интернасьонал етіп жіберген секілді…
Arhun
Жалпы суретшілер салу үшін киімдерді кәдімгідей жинайды екен /коллекция ретінде/…
Ал нақтылық жағынан болсақ, мынандай қазақ жайлы нақты, шынайы суреттерді көоген емеспін
Beytanis
Сурет өнерінен хабарым болғандықтан айтып отырмын. Бейнеленген нәрсенің бәрі шынайы бола бермейді ғой, заман ағымы, суретшінің жеке көзқарасы дегендер бар.
Arhun
Онысы дұрыс Кейде атақты жұмыстарда үлкен қателіктер болып жатады…
Жалпы сурет туралы ойды білдіру үшін мамандықтың қажеті жоқ секілді
Ең бастысы логикамыз дұрыс бағытта істесе болғаны
өз ойым
Beytanis
Логика, көре білу, сезе білу, қажетті сәтті пайдалана білу логикасы!!! О, иә!
Ojdan
Өзбек саудагерлерінен сатып алған шығар?
Бұтындағы американ үндістерінікіндей да, үстіндегі өзбектердікіндей… Бір түрлі
Өрнектер де, колорит те, тіпті атайдың құсына бір досына қарағандай қарап тұрған секілді екен.)))
Сонда қырғыз болуы мүмкін бе7
Басындағын @qisyq киген бе? Біздегілер өйтіп кимейтін еді ғой
Ата-бабаларымыздың өмір сүру дәстүрінен бейхабар екенбіз.
Arhun
келісемін Библиотекадан қазақтың ұлттық киімдері атты кітабын көргенмін Сол шіркін қазыр қолыма түссеші Үстіндегі әр киім түрілеріне шейін атап шығуға болар еді Ал инет желісінде жоқтың кесірі
Ojdan
Библиотекадан қазақтың ұлттық киімдері атты кітабын көргенмін Сол шіркін қазыр қолыма түссеші Үстіндегі әр киім түрілеріне шейін атап шығуға болар еді
@Arhun, бір реті келсе, жарияласай!
Arhun
келістім жарайды)))
Arhun
Бір қателікті көріп тұрған секілдімін
Осы жұмыстаға басты кейіпкердің бейнесі қазаққа ұқсайды ма7
Beytanis
аралас…
Arhun
Көп бұл жағыан ойлар бар
1) қазақтың киімін киіп тұрған евопалық ақы алып өзінің суретін түсіртуші адам
2) кез келген суретші өзінің ұлтына ұқсатып салады /әдейі емес әрине/
Beytanis
О, енді мәселенің түйінін айттың. Әбден болу мүмкін нәрсе.
Arhun
Cодан кейін тағы бір қателік көріп тұрған секілдімін
Пікір айту, қателікті табу әр уақтта сурет салғаннан гөрі әлденеше жеңіл нәрсе сияқты ))
Beytanis
Мылтығы емес пе?
Arhun
сыртқы физианомияы расында бүр түрлі екен
AKY
Тұңғышбай Жаманқұлов)))
Arhun
Ұқсайды екен расында))
Erkekyz
Құстың аяғына байланатын жіп тура түспей, құйрығына жалғанған ба?
Arhun
құйрығының үстінен өтіп аяғына жалғанған секілді
izbasar
Қазіргі қазақ киім деп жүргеніміз көз үйренген болмаса,. ертеректе басқаша болған ғой.