1937 жыл Қазиза апаның көзімен


(Жалғасы. Басы)
Қазиза апа айтады:
ҚабірстанБір үйде бес бала болдық. Өзімнен кейін сіңілім бар. Одан кейін 1934 жылғы бір ұл болды. Ескендір. Содан кейінгі сіңілімнің бірі соғыс басталған жылы, ал кенже сіңілім соғыс аяқталған жылы туды. Жалғыз бауырымыз ерте қайтыс болды. Қазір біріміз Қарағандыда, екеуі совхозда, біреуі Алматыда, мен Теміртауда тұрып жатырмыз (апаның өмірден озғанына 3-4 жыл болып қалды). Қараталда жетпіс бес жыл тұрдым. Әсіресе Сталиннің қазақтың көзі ашық азаматтарының басын шапқаны есімде қалды. Шындығында отыз жетінші жылы қазақтар өздерін өздері құртты ғой. Қарқаралыда қай үкмет келіп біздің ауылды сығалап тұрды?! Біріне бірін айдап салғандар көп болды ғой. Есімде мына бір оқиға қалыпты.
Менің көз алдыма мына оқиға оралды:
...Дәу де болса, шаңдатып келе жатқан мына қара менің артымнан қуып келеді, – деді нағашы. Әу бастан не деп келе жатқанын түсінбеген қонақ бала атының басын тартты. Қараның жүзі сұп-сұр әй-шәйға қарамастан нағашының қолын қайырып, қонақ баламен бірге алып кетті. Кейін жұрт нағашы түнде қонақта отырғанда байқамай бір сөз айтып қалғанын, бір қазақтың кейін соны Қарқаралы милициясына ұстап бергенін сып-сып айтып жүрді. Нағашым сол кезде: «Әттең арманыма жете алмадым», – деп аһұрыпты. Біріншісі, қапыда кетіп бара жатырмын. Содан кейінгі арманым ертіп бара жатқан қонағымды үйге апарып қонақ ете алмадым деп өкініп кетіпті, жалған...

Қазиза педучилищеде оқып жүрген. Сабақтан соң жастар мұғалімін ортаға алып, жыр оқи бастады. Жастардың өлең-жырға деген махаббаты адастырды ма, ағай ескі халық әнін айтып берді. «Е, мына сорлы ертеңгі күнін біле алмай айтып отыр ғой», – деп қалды Қазизаның қасындағы бір жігіт. Айтқанындай болмады, ағайдың салған әні өзіне сор болып жабысты. Оқушылар әнші ағайды одан кейін еш көрмеді.
(жалғасы)


Urimtal блогының мұрағатынан (2008 жыл)
Бөлісу:

12 пікір

talgatjez
Басын оқығым келеді басына ті бассам, нот фаунд дейді?
urimtal
сілтемесін жаңа қайта қарап, түзетіп қойдым. Дер кезінде хабарлағаныңа рахмет, @talgatjez
Aizhantabyn
сол ғой, сол… қазақтың өзі бәрін ұстап берген… (((
talgatjez
Негізі ата-әжелерімізден көп мұраны сақтап алып қалсақ жақсы болар еді.
Өте дұрыс!
Үлкен әжем жасы 90-ға жетіп 2004 жылы дүниеден өтті. Кезінде онымен көбірек сұхбаттасып, түйгенімді қағазға түсіргенде ғой.
Gastarbaiter
Әрине, кінәлі өзіміз дей береміз. Бірақ ол кезде ешкімді кінәлауға болмайды.
Қазақ қазақты ұстап бергенін білу үшін сол күннің кемпірімен сөйлесу міндетті емес.
Қарапайым психология. Халықты үркітіп тастағаны соншалық, жан сақтау үшін бірін бірі орға жыққан. Аштықта бірінің етін бірі жейді адамдар. Құрт құмырсқа, бақа шаян теруге дәті шыдамағандар эволюциялық селекция сүзгісінен өтпей тұқым жұрағатымен құрыды.
Пендешілік әр заманда болған.
Тағы да қарапайым психология.
Мәселенки, Конвикт пен Қарасақал Мадленге ғашық.
Мадлен Қарасақалға ғашық. Өйткені Қарасақал байдың баласы, сымбатты, әдемі зерлі шапаны, оның терісі жылтыраған сәйгүлігі, сонау Меккеден алдырған мисуакпен тазаланған маржандай ақ тістері, күлкісі, бапталған сақалы Мадленнің крышасын кетірді. Конвикт әрине наққа жіберіледі.
Конвикт жарлының баласы. Тістері ақсиып, өткен жетіде сойылған ешкіден қалған сіңір-шандырдың шіріген иісі аузынан мүңкіп тұр. Шапаны шұрық тесік. Дамбалы жамау, өзі жадау. Бірақ ол да үміткер. Ашу ызасы қайнап ақ тұр. Уішіп қата қалуға еш желание жоқ.
Сол кезде Голощекиннің байларды піштіріп, жалаңкөт аштан қатырып жатқан науқаны жайлы құлағы шалады.
Сол түні Конвикт біраз қышынып-қасынып. Таңертең жыртық дамбалын бұтына тартып алады да жолға шығады.
СОдан:
«Ыздырапстыбите табаріщ, я адин бай знаю, рядым жебөт, Қарасақал забұт… Дыба табун лошад, три отар баран йес, лібәд буду сам бидел. Бай болғанда, сапсем бай, настоящий кулак» -деген дауыс жабық есіктің артында зарлап қоя береді.

Ертеңіне Қарасақалдың сақалын жұлып, тістерін қағып, жылқы-малдарын Конвиктке және оның жарлы жадау амиголарына үлестіріп береді/егер берсе. Бермесе бір қап бидай беріп, «тағы бай адам тауып жатсаң айт, шен-шекпен береміз» дейді.
Қарасақалдың құлы болған Конвикт Қарасақалдың алтын белбеуін үкіметке тапсырып, оған бір қап/мөшек бидайдан бір уыс та бермей, аштан қатырады.
konvict
КетЧнақ! Бірақ, өлітірп тұрып жазыпсың
Gastarbaiter
Мысал ғой жай ғана. Сенде кеткен ақым жоқ:)
konvict
Білем ғо. мысалың тақырып болып шығыпты. күлкіден қаттым
Gastarbaiter
Егер дұрыстап ойлансаң, күлетін нәрсе аз. Ешкімді де кінәлауға болмайды. Заман солай болды. Ал тумысынан әлсіз пенде әсіресе қатты тарыққанда және қатты масыққанда өзінің Адам екенін ұмытады.
konvict
Енді оның рас. Жаның қиналғанда өзіңе өзіңнен басқа дос таба алмайсың
qisyq
@madlen, не болды әлгі жерде?
chimaq
keshe qosyp beremin dep ,qalys qalyrp aldym,keshringiz...))