Донецк өзені. Байдаркамен сапар
Кеше профессор Шелепов Жандос екеумізді Донецк өзенінің жағасында орналасқан Богородичное селосындағы саяжайына алып барды. Донецк өзені — 1,5 миллионнан аса халқы бар Донецк қаласын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Міне, сол өзеннің бойымен байдаркамен сапарға шықтық. Бұл мен үшін үлкен жаңалық болды)))
Бастапқыда ағысқа қарсы жүздік. Ол кезде мен, әрине, ескен жоқпын)) Ал Жандос ентігіп қалды. Оның қасында аташка шыдамды екен))
Ал қайтарда, негізінен, мен есіп отырдым)))
Жалпы, В.Ю. тәжірибелі әрі өте шебер есуші екен. Бізге байдаркамен жүзудің негізгі қағидаларын айтып отырды:
1. Байдарканың сырты терімен қапталғандықтан, оны суға саларда жерге сүйретпей, көтеріп салу керек, өйткені, байдарканың ең әлсіз жері — тері.
2. Тоқтайтын кезде жағаға тұмсықпен келуге болмайды, өзенді бойлай тоқтауға тырысу керек.
3. Байдарканың ескегінің басындағы күректері екі түрлі орналасқан, біреуі вертикаль, біреу горизонталь. Есуді бастағанда ескектің оң жағындағы күрегі вертикаль бағытта тұратындай етіп оң қолыңа қысып ұстайсың, ал сол қолыңда айналып тұратындай бос ұстау керек. Ескен кезде әуелі оң қолмен есесің, сосын сол қолыңда айналдырып барып сол жағындағы күрек суға вертикаль келгенде сол қолмен есесің.
4. Байдаркамен жүргенде негізгі күш бірінші және соңғы адамға түседі. Соңғы адам байдарканы басқарады.
Ал енді фото-репортаж:
Байдарканың салмағы небәрі 30 килограмм
Пай-пай пейзаж-ай!
Жандос шаршады
Шамалы әлденіп алу керек
Мыналар түу Харьковтан келе жатыр екен
Палатка құрып демалушылар көөп
Дем алып отырмын, рахат!
Енді мен есем)))
сурет кермет, тұнып тұрған романтика )))
Бірақ, мен қуаныштымын, Әйгерімшпиенссапар жақсы өтіп жатыр екенКүшті байдаркамен жаңа әсер болған екен.
Осы бар ғой қорқамын судан:))
Бірақ оған қатысы жоқ шығар әә:)))
Өзі бірақ рұқсатын берді суреттерін қоюға.
«Сенің-ақ репортажың бітпеді ғо» деп мазақ қылады мені(((
адресімді өтірік айтқаным жақсы бопты:))Елден жамандық көргендей қайтқың жоқ-ау:))