Жанкүйерлер Қазақстанның жеңетініне сенбейді
Сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің тек 3,5 %-ы ғана Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанды жеңеді деп жауап берген. Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайты жүргізген сауалнама нәтижелері осындай.
Қазақстан жанкүйерлерінің басым бөлігі, яғни 95,85 %-ы әзірбайжандар жеңеді депті. Тең ойын болады дегендердің саны 0,84 %-ға тең.
Еуропа-2012 чемпионатына іріктеу ойындарында Қазақстан бірде-бір гол салған жоқ және бірде-бір ұпай ала алмады. Ал Әзірбайжан құрамасы өз алаңында Түркияны ұтып кетті.
Ойын Астанада, 3 маусым күні болады.
Сауалнама нәтижелері:
Қазақстан-Әзірбайжан матчы қалай аяқталады?
— Әзірбайжан аз голмен жеңеді — 86.33%
— Әзірбайжан ірі есеппен жеңеді — 4.86%
— Әзірбайжан екі гол айырмасымен жеңеді — 4.6%
— Қазақстан аз голмен жеңеді — 2.4%
— Гол болады, бірақ ойын тең яқталады — 0.65%
— Қазақстан ірі есеппен жеңеді — 0.45%
— Қазақстан екі гол айырмасымен жеңеді — 0.45%
— Гол болмайды, ойын тең аяқталады — 0.19%.
Ақпарат көзі.
негізі сауалнамаға менің түсінгенімше тек тіркелген қолданушылар ғана дауыс бере алады. мыңнан астам азер ерінбей тіркелді дегенге сенемін.