Тауық жұмыртқасының қабығы...

Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі.

Рахит, балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдің жетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальцийалмасудың бұзылуы қаннның аздығына, тез салқынтигіштікке, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді.Әйелдерде ақ етеккір бөлінгіш болып, түсік тастағыштық, толғақ кезіндегі әлсіздікке, жатыр бұлшықеттерінің әлсіз болуына да кальцийдің аздығы себеп. Ал енді ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қыйындау мәселе. Хлорлы кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңіуі өте қыйын.
Тауық жұмыртқаларының(бөдененікі айтпасада) қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады(көмірқышқылдық кальций) да оңай қортылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады! Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы — біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы. Олар болса ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түлуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациалық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі.
Тамаққа қосылатын ұнтақталған қабықтардың — ағзаға пайдалы жоғары терапевтік белсенділігі мен бактериалық немесе басқа зиянды нәрселердің жоқтығын көрсетті. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының ондай қасиеті жоқ.
Бір жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай.
Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді:
— профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде);
— 1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды;
— (19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ;
— ересектерге жылына екі рет жасалған алдын алу шарты(профилактика) пайдалы.
Жұмырқа қабығы ағзадағы радионуклидтерді шығаруға да үлкен себебін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орсан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронций-90ды жойып отырады.(күніне 2 ден 6 граммға шейін қолданылуы керек).
Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минутай қайнатылады. 1,5 нан 3 граммдайын жақсылап майдалап(кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде бір рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылданады(каша, қатық).Батыс елдерінің аптекаларында 1970 жылдан бері сатылады екен.
жалғасы болады
Бөлісу:
  • 8

16 пікір

Onlasyn
Кеше «мисвак» дегеніңе үндемеп ек, мынауың не? :)
KILYZAMAN
:-), түзеттім! РАХМЕТ!
a63a1
1 ай бойы, завтрак ишниса обед ишниса ужин ишниса айбал болды! Құсқым келед ужыы
KILYZAMAN
1 ай бойы, завтрак ишниса обед ишниса ужин ишниса айбал болды! Құсқым келед ужыы
тілің будандалып кеткенбе бауырым? Ертеңгі ас кезінде бір рет жеткілікті…
Aizhantabyn
лимон шырынымен жеген пайдалы деп естідім…
калцийді сүзбеден алғанды жақсы көрем))) мынаны жей алмай қойдым ((( тас жұтып жатқандай.
Zilola
Бұрындары жеңгем осындай ұнтақты күніге таңертең бір шай қасық ішіп, сумен жұтатын.
Кәдімгі кофемолкамен майдалап аласың, болмаса келі сияқты нәрсемен ұнтақтап, майда порошок болғанда жұту оңай.
Өткенде байқап қалдым, әпкем де ішіп жүр екен. Жалпы әпкем осындай эксперимент жасағанды ұнатады.
Бір-екі рецептін осында жазармын оң нәтиже шығып жатса.
Altygradus
ооо рахмет @KILYZAMAN
тек ана 1-3 грамм дегендерің ол ұнтақ күйінде ол қаншалықты мөлшер, граммдап өлшер зат жоқ менде. Зиола айтқан бір шай қасықтай ма??
Сосын қайнатылған болады дегеніңе қарап, шикі жұмыртқа болсын, пысқан жұмыртқа болсын бәрібір қабығы жарай береді ғой??
KILYZAMAN
Сосын қайнатылған болады дегеніңе қарап, шикі жұмыртқа болсын, пысқан жұмыртқа болсын бәрібір қабығы жарай береді ғой??
Жұмыртқаны пісірп ішіндегісін балашағаңа, қабығын өзің жесеңде болатын шығар деп ойлаймын. Бұл материалды аудармалап едім, граммдағы мөлшері неше қасық боларын білмедім… Тақырып жалғасын табар деген ойдамын, практиктерде бар сияқты(лимон шырыны жайлы Айжантабын жазды ау деймін)
Altygradus
аа жақсы рахмет
@Aizhantabyn сен бізге керексің:)))
лимон шырынымен ол қалай??
KILYZAMAN
@ziola ныңда біраз айтары бар көрінеді
Altygradus
иә Зиола әпкеңнен көріп келші,үгіту әдісін тағы басқасын:)
Zilola
Кеше әпкеммен сөйлестім.
Шикі жұмыртқаның қабығын аршып, сумен тазалап жуып, кепкен соң духовкада 2-3 минут қыздырып, сонан соң барып кофеұнтақтағышпен ұнтақтау керек. Күнде таңертеңгілік 1 шай қасыққа лимонның 2-3 тамшысын (ұнтақ құрғақ болмау үшін, бірақ менің әпкем 2-3 тамшыдан да көп қосамын дейді), артынша су ішіп жібересің.
Әпкемде кофеұнтақтағыш болмаған соң, ұнтақ дұрыс дайындалмапты, тамағымды жырады деп ішпей жүр екен.
ПС: мен @zilola –мын ғой, @ziola десе маған сені өсектеп жатыр деген хат келмейді, бір L ұмыт қалыпты :)
KILYZAMAN
Жұмыртқаны жақсылап піскенше қайнатып, қабығын аршимыз. Қабықтың ішіндегі пленкасын тазалап 2-3 сағатқа кептіруге қоямыз(қатты ыстық жерге немесе тура күн көзіне емес). Фарфор ыдыста әбден майдалаймыз(пудра сияқты болсын). 6 айдан 1 жасқа шейінгі балаға пышақтың ұшындағы пудраны, ал 1 жастан 3 жасқа шейінгі балаларға екі есе көп береді, бұл әдіс диатезді болдырмайды. 5—7 жастағыларға майдаланған қабықтың жартысын жегізу керек. Балаға берердің алдында порошокқа бірнеше тамшы лимон сөлін тамызу керек, бұл кездегі жүретін химиялық реакция қабықтағы кальцийді, ағзада тез қортылатын күйге жеткізеді. Мұны күн сайын бір айдан бірнеше айға шейін қайталаған абзал. Еш зиянсыз әдіс.
Ескі емшілік амалдардан кеңес: бүйректегі және қуықтағы тастардан арылу үшін жаңа ғана балапан шыққан қабықты жақсылап майдалап жүзім шарабымен ішкен дұрыс. Күн сайын 10 г мөлшерінде болғаны дұрыс.
Тағы бір емшілік әдістемеде ағзадағы сілтілік және қышқылдық тепетеңдікті сақтау үшін шикі жұмыртқаның қабығын пайдаланғанды жөн дейді. Ол үшін жұмртқаны бір сағаттай суда шайып кейін теседі екен. Қабықты банкада жабық қақпақтың астында сақтау керек екен.
Бір күнде бір ас қасық 2-3 тамшы лимон сөлін тамызып қабылдаған дұрыс депті...
Maya
Қилеке, рахмет! Осындай пайдалы кеңестеріңізді коптеп жаза беріңіз.