Сақал - нағыз еркектің сәні
Мұхтар Әуезов. Абай жолы. Бірінші кітап. Алматы. «Жазушы» баспасы.
Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес. [9-бет]
Дәл осы кезде Майбасардың атшабары кіріп келді. Бұл бағана, кеште Құнанбайдың қасында тұрған қаба сақал, қара Қамысбай. [12-бет]
Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. [15-бет]
Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесіле қарамайды. [15-бет]
Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей – осы отырғандардың бәрінен де сұлу. [15-бет]
Қызыл жүзді, жирен сақалды Байсалдың денесі ірі, қапсағай. [15-бет]
Аттылар мінбелеп кеп түсіп жатты. Бұлар бес кісі екен. Бастығы Майбасардың қара сақал атшабары – Қамысбай. [26-бет]
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар келбетті келген, зор дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. [42-бет]
Кесек мұрынды, шоқша сақал, зор дауысты Түсіп Жігітектің Бөжейден соңғы басты адамының бірі болатын. [45-бет]
Қастарының арасынан түскен екі сай ажымы болушы еді. Сонысы қазір тереңдеп, қатты түйіліп алыпты. Бетінде ұзарып қарауытып шыққан түктер бар. [64-бет]
Толық дөңгелек денелі, қызыл жүз, ақ сақалды Алшынбай, тірсекжең қара қамзолдың сыртынан пұшпақ ішігін желбегей жамылып отыр екен. [79-бет]
Сұрғылт жүзі түнеріп, қатты ашумен қарайып бара жатқан тәрізді. Бетінде түк атаулысы бозғылданып, біліне бастады. [80-бет]
Қасында қазақ тілмәш Қасқа бар. Сақалы шошайған, өзі қағылез келген арық сұр. Бұл тілмәш күндіз-түні осында келіп-кете беретін. [80-бет]
Майыр Құнанбай, Алшынбаймен қол алысып амандасып болды да, жерге отырмай, Құнанбай қарсысындағы жалғыз орындыққа отырды. Үлкен көк көздері қылилау келген. Бет-аузын қалың бұйра сары сақал басқан. [80-бет]
Бар топтың ентелеп қамағаны – үлкен ақ сақалды, келісті қарт екен. Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан сол. [85-бет]
Кейінірек келе жатқан бір бурыл сақалдыдан Абай:
— Бұл кісі кім, аға?.. – деп еді. Анау таңданып:
— Е, білмеушімең, Шөжікеңді?.. О не дегенің?.. Бұл – Шөже ақын емес пе? – деді.
Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы. Атын ести сала ол бурыл сақалдан сытыла жөнеліп топтың алдыңғы қатарына ілесіп, Шөжені жақсылап қарап, сөзін тыңдай бастады. [85-бет]
Келе жатқан Бөжей, Байсал, Байдалы екен. Ортадағы түлкі тымақты, күрең төбел атты – Бөжей. Ақ сұр жүзі жабыңқы. Қоңырқай мұрты менен сақалына кешкі аяз қылау салыпты. [87-бет]
Шоқша бурыл сақалы бар, жал тұмсық, сұр жүзді бір кісі екен. [95-бет]
Үлкен қара сақалды, суық түсті Байдалы қонақтардың бетіне қарамай, мойнын есік жаққа бұрып отыр. [121-бет]
Оларға үйреншікті құбылыс, қазір бізге бөтен болып көрінеді… Қайсысы ұсқынсыз?!

Көбіне «Абай жолында» ұлағаттылықты оқыппын
ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың
ия бар ондай мысалы мақалдар бар:
«Сақалын сатқан қариядан, еңбегін сатқан бала артық»
«Мақалыңа сақалым» т.с.с.
Ұрсқан кезде «Ей сенің күнге ағарған сақалыңнан болайын, сақал ешкіде де болады» деп
«Абылайды Абылай еткен оның сақалы емес»
Демек, бұл бұйрық! Ұзын көйлек киіңдер деген хадис әкеліңіз енді
Аллаһтың сөзімен хадистерді қалайша тең қылып отырсың?
Ханафи мазхабының атақты ғұламасы Ибн әл-'Абидин былай деген: «Еркек сақалын толық қыруы харам». (Қараңыз: әл-Хашия 2/417)
Ол саған жарасып сені көрікті көрсетсе, болашақ жұбайыңа тиімді болса болды. Респект
Сақал бояу парыз ба?
Мәләдес
«Бауырым» деп Ибн Таймийаның шәкіртеріне айт!
-Жекпе-жек! Жекпе-жек!-деп айқайды салып жүр.
Сол кезде бір жоңғар атып шығып:
Біз сенімен жекпе-жекке шықпаймыз.Өйткені сенің сақалың жоқ!-дегенде ана батыр ұялып қапты…
көселерді (мүлдеп түк шықпайтындар) қай санатқа жатқыздыңыз тақырып қожайыны?
Сақалың тәрелкедегі тамағыңа малынып отырып ақыл айтқан жараса қоймас…
"Өзге емес өзім айтам өз /сақалым/ жайымда"
"Құдай-ау, Ленинге неге тиіспейді бұлар?" :)))))))))))))))))
Бір философ айтпақшы:
«Сендердің мен туралы не ойлайтындарыңа түкіргенім бар, ең бастысы мен сендер туралы ешнәрсе ойламаймын!»
Просто шаршатып, тізесі шыққан тақырып қой!
Жарасымды болса қойсын. Маған сақал шықпайды…
Амал жоқ
Ал қазанбас blackbeard — ке жарасып ақ тұр.
Әрбір адам өз керегін алады дә
Қоғам болғаныңды)))
Негізі бұттың ортасындағы жүнге де салақ болмай, күзеп тұрған дұрыс.
Қазақты арабтандыру үшін жүрген адамға ұқсап кетесіндер...
Салем салуға болмайды, қымыз ішуге болмайды, сақалды қырған күнә /сүннәтті парызға өткіздің/, ата-анаңның басына зиярат жасауға болмайды, болатын нәрсе қалмады ощым…
Мен қазақ болып туылдым, қазақ болып кетем, балаларымды иманды қазақ етіп тәрбиелейм АРАБ ЕМЕС!!!
иектегі сақалды
өнер жігіт көркі деп
ескермедік мақалды (ыбырай алтынсарин)
ахи!
не тормозни;)
Энергия жинап келсін:)))
негізі сөзінің жаны бар, мен екі сағат бойы алдар көсенің жауға шапқанын елестете алмай қойдым
— Соңы сіз ба? — деп сұрап сөзге тартайын деп едім, — ия — деп бұрылып қалды. Мұрты бар… Сақалы болғанда талатын ем...
Сақал — шынымен еркектің сәні. Мұрт та...
KVN de bar edi goi mynadai!
— Kyzdar, sizderge bizdin murtymyz unamaidy ma?
— Iya, iya unamaidy, unamaidyyyy!- deidi kyzdar!
— Kaitein endi? Bizge sizderdin de murttarynyz unamaidy…
Зато емшекті еркектер бар ((
Алдап нем бар
маған да плотна сақал мұрт өсет:)
бір күні қоярмын сондай суретімді;)
Көне Мысырда ел арасында дінді қатты оқып кетіп, уағыз айтып, қыртып жүретіндерді ара-тұра жинап алып, дарға тартып тұрған екен. 5 000 жыл бойы мықты мемлекет болыпты содан.
Дін — @Ahi сияқты нувориштердің ісі емес, дінді әлдеқайда беделді адам қаузау керек.
Мен Сталинді күннен күнге түсініп келе жатырм.
*54
Бірақ тігін машинасын жасаған адамнан — ұзыннан шұбақ мылжыңдар мен тезистер, бәтуа мен лағнаттар емес, тек тігін машинасы қалыпты. Сенің қалдырмақ болып отырған өсиет-қиссаларыңнан адамзатқа қырық мың есе пайда әкелді, әкеліп жатыр; біреулер дамбал тіксе де нәпақасын тауып жүр.