Адамның ойы
Сократ бір жолаушымен кездесіп қалыпты.
Жолаушы: – Айтшы маған, Афинада қандай адамдар өмір сүреді? Мен осы қалаға көшіп келмекші едім, – деп сұрапты.
-Жақсы, – депті Сократ, – алдымен сен маған айтшы, сенің қалаңда қандай адамдар өмір сүретінін.
Жолаушы: – Білесің бе, мен өмір сүретін қалада өмір қиын: енжарлық, көреалмаушылық, ұрлық, қызғаныш, кедейшілік, (кальян шегіп, түк істемейт) опшым құрыған өмір… сондықтан басқа қалаға көшіп өтпекші едім.
-Солай де, бірақ сен мұнда жаңа ештеңе таппайсың. Іздегеніңді басқа жерден табуыңа кеңес беремін, – депті дана Сократ.
Біраз уақыт өткен соң Сократ басқа жолаушымен кездесіпті. Ол да Афина қаласына көшпек ойы бар екен. Сократ бірінші жолаушыға қойған сұрағын бұғанда қойыпты.
–О, менің қаламда өмір керемет! Барлық адамдар бір-бірін сыйлап, көмектесіп, жақсы араласады. Олар сәлемі түзу ақжүректі абзалжандар. Кальян шегу деген түгімен жоқ. Мен сол, жәй білейін дегем, басқа қалаларда адамдар қалай өмір сүретінін, – депті жолаушы.
-Иә, Афинада сен суреттегендей адамдар өмір сүреді. Қалаға бар, бұл жерден нені көргің келіп келген болсаң – соны көресің, – деп жауап беріпті дана Сократ.
Есіңізде болсын: адам қай жерге барса да, үнемі өз ойын, идеясын, дүниетанымы мен көзқарасын өзімен бірге алып жүреді, – дейді бұл риуаят.
Өткенде агентте көптен хабарласпаған бір қыз онлайн болып тұр, содан жағдай сұрасып, хабар алмастық.
-Мен жаңа қалаға көшіп кеттім, енді бәрі жаңа! Ескі өмір артта қалды! – дейт. Сәттілік пен бақыт тіледім жаңа өміріне.
Айтқандары Сократ туралы риуаятты есіме түсіріп жібергені, бары сол…
Опыр топыр қопарма (аударма) үшін кешірім өтінем.
Риуаяттың түпнұсқасы мына жерде: myview.ru/index.php?option=com_content&task=view&id=157&Itemid=115
P.S: Gasta құрдас, сурет қалай екен?)
Кеше сурет іздегенде 3х4 шамасындағылары шығып еді гуглда, содан қоя салғам ана суретті, бүгін болиемениесі табылып түзетіп қойдым.
Пы.Са. қазақшам бітіп қалғандай болды… :)))