Сіз сулулық салонына барасыз ба?

Сіз сулулық салонына барасыз ба? Сол ғимаратқа кіре берген кезіңізде маңдайшаңызда не жазылғанына назар аудармайсыз ба? Көбінесе қыздар қауымы аңғарымпаз келетін еді… Заман өзгерейін деген бе?!


Алматы қаласы, Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысы. Бұл бір ғана мысал, былайынша көптеген сулулық салондарында осылай жазады.
Бөлісу:

21 пікір

omarbirat
Бізге шашты арзан қысқартып беретін жер болса болды, жазуына қарамаймыз. Өзім көрген салондардың маңдайшасында Ұ әрпімен жазылатын сияқты. Бұндай сулулық салондарынан гөрі, Алматыда «Аяқ-киім дүкендерінен» аяқ алып жүре алмайсың ба деймін :)
Ahi
шашты арзан қысқартып беретін жер болса болды
Ииииии, қай-қайдағын еске түсірдіңіз ғой, осы соңғы рет шашымды алдырып, екі шетін басқа кірпіш түсіп кеткен етіп қойды да, төрт бұрышты қылып, соған қаным қайнап жүр… Сол шаштаразшының түрін ұмытпаспын, енді оған алдырмаспын! Күнді басымды жуып жүрмін енді, тез өссін деп((
Gastarbaiter
Студент кезімде Розыбакиев пен Абай қиылысында 200 теңгеден алдыртатынмын. Кейін табысқа байланысты сұлулық салондарын да таңдай бастадық. Одан кейін тұрақты бір адамға алдырғанды жөн көрдік.
omarbirat
Комоктарда болатын, ұмытпасам. Қала бойынша ең арзан шаштараз сол жерде болды ғой деймін :)
Gastarbaiter
Қазір жоқ па не?
omarbirat
Ол жақтан өтпегелі көп болды. Қазір бар-жоғын білмейді екенмін, шынын айтсам.
Gastarbaiter
ішінде кішкууунтай карабелый телебизор бар болатын.
saken
әлі бар. Үш жүз теңге деп жазулы тұр сыртында.
qisyq
Тұрақты шаштаразың болғаны жақсы екен.
Ол салонның маңдайшасында бәрі дұрыс жазылған:)))
Erkekyz
мағанда солай сияқты.)
asaubota
еркек шаштараздың алғаны жақсы. бірақ бізде салондар болмаса былай еркек табу қиын. студент кезде өзіміздің махалленің шаштаразына баратын едік, рахат шешессс темекі тартып шәй ішіп, неше түрлі қызық әңгімелер айтып, демалып қайтатын едік… эххх соңғы кезде сағына беретін болыппын Түркияны
Gastarbaiter
жастық шағың сонда өткен соң ғой)))
asaubota
адам болып қалыптаса бастаған кез ғой, он алты жасымда кеттім, жиырма үште оралдым. сосын ғой әлі сол жақта жүргендей мына жақты көп салыстырып жүйке құртатыным :)
Ahi
Айттым ғой, осы түрік лицейлерінің бір күдікті құпиялары бар! Сода оқитындардың көбісі түрік, түрік деп тұрады әйтеуір…
Gastarbaiter
Шетелде оқымай ақ, Париж-Париж деп жүрміз әйтеуір.
sigma
Түріктерді жек көрем. (дым істемесе де)

@asaubota жақсы бала
konvict
ҚойнаҚ! Қазақ, қазақ деп жүрміз
Gastarbaiter
Тегін путевка ұтып алсаң бармаймын деш))
konvict
Қазақ, қазақ деумен шет елге қыдырудың мәселесі екі бөлек деп ойлаймын
Gastarbaiter
мен интернационалистпін.
saken
ауылда жүргенде көрші үйдің баласына қарбыз апарып беріп алдыратын едік. :))
Бартердің қызып тұрған кезі етін.