"Ей, өмір" Абай Аязбаев


Ей, өмір, әуреге салған,
Қол жетпес арман, өтер жалған.
Болсаң да қатал,
Таңдарым да атар,
Бөленіп жатар, бақытқа апар.

Күн мен түн таласып жарысқан,
Жандар көп өмірмен алысқан.
Талайдың басынан бағы ұшқан,
Талайлар өмірде табысқан.

Тәтті ғой бұл өмір жағымды.
Өмірге салып қал жаныңды
Өткенің келмейді өкінсең,
Өмірден алып қал барыңды.

Кеткендер өмірді сағынар,
Өмірге келгеннің бағы бар.
Түсінсең өмірдің жаны бар
Өмірмен шырағың жағылар.

Өмірдің қарасы-ағы бар,
Қас қағым өзендей ағылар.
Қуантар, жылатар, жағылар,
Өмірдің өзінің заңы бар.

Авторы кім екен:)))))
Бөлісу:

2 пікір

Abilakim
/Кеткендер өмірді сағынар,/
Автор кеткендерден "Өмірді сағынып жүрмін" деген смс алғандай сөйлейді
/Қас қағым өзендей ағылар/
Қас-қағым сәт, дүлей өзен, асау өзен…
sammita
өмір жағымды
Өмірге салып қал жаныңды
Түсінсең өмірдің жаны бар
Өмірмен шырағың жағылар</b:))))