Электронды құран

Ауылда мешітте істейтін немере ағам бар еді. Соның тапсырыстарын орындап тұрамын. Айтқан діни кітаптарын Алматыдан алып, салып жіберемін. Бұл жолғы тапсырысы қиындау болып тұр. Электронды Құран тауып берші деген өтініш. Мен жалпы электронды Құран жайында бірінші рет естуім. Ондай бар ма шынымен?
Алматыда қай жерден табуға болатынын айтып жіберсеңдер. Сосын бағасы туралы да ақпараттар білсеңдер, айта кетіңдер. Жақсылықтарың Құдайдан қайтсын.
Бөлісу:

13 пікір

chimaq
qytaida satylay....baghasy 250yuan chamasynda ghoi deimin…
sigma
@ojdan, Электронды құранды да дәрет алып ашу керек пе осы?
timurrr
Ақтөбедегі Сансызбай есімді Әл-Азхар университетінің түлегі әрі имамнан сұрағанымда электронды құран үшін дәрет алу парыз емес деді. Бірақ ниетің Құран оқу болғандықтан абзал болса керек. Анығы Аллаға мәлім…
edige
Мен оқитыным мынау: kitap.kuran.kz/#!/bet/598
Толық болмаса да арапша, қазақшасын таңдау, дыбыс түрінде, автоматты қою дегендей мүмкіндіктері бар. Көшіруге болатын электронды таппадым але
patick
Түсінбей қалдыңдар ма? Менің айтып отырғаным кәдімгі құрылғы (аппарат). Ішінде электронды түрде құран енгізілген. Бірақ қандай мүмкіндіктері барын (тыңдау, оқу) білмедім.
chimaq
men biletin mynandaiy:elektrondy quran,qalamy bar,oqyghyngyz kelgen jerdi qalammen turtse dauystap oqyp beredi
Altygradus
ухты мынадай түрі қызық екен
timurrr
@patick мына Chimaq-тың үлгісіндегі Құран болар іздеп жүргенің? Олай болса, оны Алматыдағы «Баракат» юаспасынан 12 мың теңгеге таба аласың. Сілтемесі және толығырақ мына жерде: barakat.kz/140-quran-na-4-yazykah-v-mp3-formate.html
edige
@Ahi сенің хабарың бар ма мұндайдан? Керек деп отырған адамға бір қажетке жарасайш
Ahi
Барахолка жақта әл-Фараби базарында мұсылман заттарын сататын бір қатар бар, сол жерге барып сұрап көрсеңіз болатын шығар. Барахолкада біреу осындай ұстап тұрғанын көрген едім
asaubota
мынау жақсы екен kitap.kuran.kz/#!/bet/1

қазақша аудармасымен