Қораздар сайысы! @Ahi vs @Ojdan

Тақырыпқа қарап Ахи мен Ождан төбелесіп қалды деп ойлап қалмаңызда. Дұрысы мен қызық болсын, жұрта назар аударсын деп жаза салдым. Қысқасы былай, күлен талды білетін шығарсыздар. Сол талдың ұрығы ма білмедім қораз қылып ойнайтын бір жапырағы бар. Оны бәрлерің бала күндеріңде ойнап көрген шығарсыңдар. Өткенде көшеде бір бала ойнап жатыр екен, есіме түсіп кетті. Содан кішігірім қораздар сайысын ұйымдастырмақпын. Бір тобына Ахилаторлар, екіншісіне Ождановтар деп ат бердім. Ешкім қарсы болмас.

Тігілген ақша да аз емес екен.
Ойын аяқталды, жеңімпаз өкінішке орай Ахилатор болып шықты. Олардың үш қоразы аман қалды.

Ождановтар түгел қырылды
Бөлісу:

27 пікір

omarbirat
Бұндай ойынды талай ойнағанбыз. Осы ағаштың атын есіме түсіре алмай жүргеніме біраз болды. Респект! :)
askerbek
Бұл үйеңкі ағашының тұқымы ғой, жарықтық.бізда ойнаппыз аудан орталығына барып
konvict
Үйеңкі деген осы ағаш па? Біз күлен тал деп атаймыз
Abilakim
сонда қалай төбелестіресіңдер, біз шаш төбелестіріп көріп едік, мынандайды көрмеппін
konvict
Анау екі аяғынан ұстап бір-біріне айқастырып тартып, тартып қаласың. Сынғаны жеңілген болып саналады.
Abilakim
Бұдан шаш төбелес қызықтырақ шынымды айтайын
konvict
қалай ойнайды?
a63a1
Қалайша көрмедің сен? Бұны жарты қанатын жоғарыдан тастасаң вертолет деген ойын шығады
konvict
Ондайын ойнамаппын
a63a1
анау жинап қойғандардың біреуін балконнан лақтырып көр джындыыыы айналад)))
Janasil
жастары айналмайтын шығар. Кепкенін лақтыратын едік кезінде.
a63a1
іііі дұрыс айтасың))
Zilola
бізде ойнайтынбыз, тек атын ващще білмейтінмін бұл талдың :)
Рахмет :)
Janasil
Қайдағыны еске түсіріп. Жұмыстан кейін көшеден тал іздеп кететін болдық қой.
saken
бұндай талды "Өсімдіктану" пәнінің кітабынан ғана көргенімді ескерсеңіздер, менің бұл ойынды өмірі ойнамағанымды түсінесіздер ғой :D
a63a1
ауылыңда тал жоқпа не?
saken
шеңгел деген талға жатады ма? ))

жоғарыдағы суретте көрсетілген тал жоқ.
Onlasyn
Қайдан боласыз? :)
Қызылорда емес па?
a63a1
шеңгел деген тапал келеді, тікенегі бар кызыл аю құлақ диме бір қызыл домалақ, қарақат тәрізді бірдеңе өседі
konvict
Кепкен кезде ысқыруға керемет құрал
Zilola
сексеуіл ше? жыңғыл ше? баялыш ше?
konvict

Сексеуіл міне, жыңғыл мен баялышты инеттен таппадым. Кейінірек жеке пост қылып жазармын
edige
Қоянсүйек деген болушы еді шөлейт жерде.
Жүзген деген тағы бар. Гүлінің дәмі қышқылтым болатын. /Ай айтпақшы Қилы қайды?/
konvict
Біз жақта бұның бәрі бар. Айта берсең көп қой. Ауылға барып жатсам осындағылар үшін құмға барып суретке түсіріп алып келермін