Қарама-қайшылық. (кино туралы ой-толғам)
Қызық деймін осы, қазіргі кезде кино саласында қанішерлер (вампир), жындар (дьявол) туралы неше түрлі кино көресің. Сонда сол кинолардың бәрінде христиан дінінің құдай үйлерінен, қасиетті сулардан (священное вода), крестерінен, библияларынан қорқып жатады. Әйтеуір соңында солар жеңіске жетіп жатады.
Ал ислам дініндегі осындай жындарды жеңгені туралы кинолар жоқтың қасы.
Сол жаңағы қаптаған ужастиктерді көріп алып мәз боламыз, солардың ішінде христиан дінінің сүрелерін оқып жатады. Түсінбесекте соларды көріп, жеңіске жеткендерге мәзбіз.
Ал ислам діні ұстанатындар кино түсірмейм ма деген ой келеді, әрине ислам дінінде сурет салу харам дейді, бірақ осындай кинолар арқылы дін ұстанымынада әсер етуге болады ғой.
Не жазарымды да білмей отырмын.
Киносын білмейм, біз жақта керісінше бал аштырып, біреулерді сыртынан дуалатып, оған қарсы мықты дуалағышты жалдап, тағы басқа соған ұқсас нәрселерді жасату күнде-күндегі тіршілік. Соны көрген соң — кино түсіріп қажеті жоқ сияқты, себебі адамдар жын-перілермен байланысып басқа оқиғалар болып, бағанағы түсірген кино көруге жарамай қалуы мүмкін)
Бір материалдан оқығаным бар еді, статистика, Париждің тұрғындары 1 жылда қала бюджетінікінен де көп қаржыны бал аштыруға, дуалауға, түрлі тұмарлар, қорғануға талисмандар мен тағы да осыған ұқсас нәрселерге жұмсайды екен. Сомасы дәл есімде жоқ, бірнеше млрд доллар деп жазылған.
1.
2.
Енді өздеріңіз елестетіп көріңізші: Исламға қайшы кино түсіріп, ислам идиологиясын жүргізуге бол ма?