Диалог
— Сәлем! Өтінемін тұтқаны қоймашы!
— Не керек саған? Сенің мылжыңыңды тындап тұратын уақытым жоқ. Тездетші.
— Мен бүгін дәрігерде болдым…
— Ия, ол не айтады?
— Жүктілігім шын екен, 4 ай болыпты…
— Мен не істеуім керек? Маған керегі жоқ, алдырып таста.
— Тым кеш деп айтты. Не істеймін енді..???
— Білмеймін. Телефон нөмірімді ұмыт.
— Қалай ұмыт??? Ало, алооо
Абонент байланыс аясынан тыс жерде…
3 ай өтті..
— Сәлем балақай!
— Сәлем, ал сен кімсің?
— Мен сені қорғайтын періштеңмін!
— Кімнен қорғайсың мені? Маған мында ешкімде тимейді гой!??
— Сен қызық екенсің! Ия қалың қалай?
— Мен жақсымын, тек анам күні-түні жылай береді…
— Балақай уайымдама. Сен оданда көбірек ұйқтап, күш жина, әлі керек болады.
— Сен менің анамды көрдіңбе? Қандай өзі?
— Әрине мен сенің қасыңда емеспінбе! Сенің анаң өте әдемі де, тым жас.
Тағыда 3 ай өтті
— Періште!? Қайдасың??
— Қорықпа балақай, қасыңдамын мен.
— Бүгін анамның жағдайы қиындап кетті. Өзімен-өзі айқайлап, жылап шықты.
— Оған көңіліңді аударма. Жарық өмірді көруге дайынбысың?
— Дайын сияқтымын, бірақ қатты қорқамын. Анам мені көріп бұдан да қатты қайғырама деп қорқамын, періште…
— Олай деме.Ол міндетті түрде қуанады. Сен сияқты сүйкімді сәбиді жақсы көрмеуі мүмкін емес.
— Періште! Айналамыз қандай?
— Қазір қыс қой. Айналаның бәрі ақ мамыққа оранған. Қар жауып тұр. Аз уақыттан соң, өзің бәрінде көрерсің!!!
— Періште!? Мен дайынмын бәрін көруге.
— Жарайды балақай. Мен қасыңдамын. Саған сенемін!
— Періштеее! Мен қорқамыын…
Дүниеге сәби жылдам келді. Анасына ауырлық туғызбайын деп, тырысқан шығар бәлкім.
Тәулік өтті. Кеш. Қала сырты.
— Сен балам маған ренжіме. Қазір заман сондай, өзің айтшы, сенімен қайда барамын?? Менің өмірім алда. Ал сен, ал сен қазір ақ ұйықтап кетесің…
— Періште!? Анам қайда кетті?
— Білмеймін. Уайымдама, қазір-ақ келедіғой.
— Періште!? Дауысыңа не болды? Сен жылап тұрсыңба? Мен тоңып барамын, анама жылдам келсін десеңші.
— Жоқ, балақай, жылап тұрған жоқпын, солай көрінген шығар. Мен шақырып келейін анаңды. Сен тек ұйықтама, жылай бер, қаттырақ жыла…
— Жоқ Періште, мен жыламаймын. Анам маған ұйықтау керек деді…
Осы кезде қала сыртындағы бес қабатты үйдің бір пәтерінде әйелі мен күйеуінің айқайы:
— Мен сені түсінбеймін. Қайда кеттің деймін, қараңғы түнде. Дәрігерге барғалы бері, сен қатты өзгеріп кеттің. Жаным, жер бетінде біз сияқты бедеуліктен қорлық көріп жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Оларда өмір сүріп жатыр ғой.
— Өтінемін жүрші деймін, киінші кеттік.
— Қайда?
— Білмеймін. Бірақ жүрегім сезіп тұр, баруым керек… Сенші маған…
— Жарайды, соңғы рет болсын. Естисіңбе, соңғы рет…
Подъезден екі адам шықты. Алдында жылдам жүріспен әйел адам келеді.
— Жаным, сен алдын-ала жоспарлап қойған жолмен келе жатқандайсың.
— Сен сенбейсің, мені қолымнан біреу жетектеп келе жатқандай.
— Мені қорқытпашы. Уәде берші маған, ертең үйде жатып демаламын деп. Дәрігеріңе соғып қоярмын.
— Тыңдаш. Тыңдаш, естисіңбе? Біреу жылайтын сияқты.
— Ия, ана жерден шығып жатыр. Сәбидің дауысы сияқты.
— Балақай, қаттырақ жыла. Сенің анаң адасып қалды, бірақ сені қалайда табады.
— Періште!? Сен қайда болдың? Сені таба алмай қалдымғой. Қатты тоңып жатырмын.
— Сенің анаңды алып келдім, ол жақындап қалды.
— О Жаратқан! Бұл шынында да сәби ғой! Қатты тоңып қалыпты, тезірек уйге апарайық. Сүйіктім, Құдайым бізге сәби сыйлады.
— Періште!? Анамның дауысы өзгеріп кетіпті ғой
— Балақай үйрене бер, бұл сенің НАҒЫЗ АНАҢНЫҢ ДАУЫСЫ…
Орысшадан аударылды, авторы белгісіз.
Кейін іс бойынша тексергенде, мынандай қортындыға келіпті: жергілікті қыз емес тастап кеткен, басқа жақтан келген біреулер.Не бір жаққа кетіп бара жатып тастаған.
Сол баланың обалы ол қызды жібермес((((
көкек анасын ұрайынкөрпенің астына кірердеойлау керек еді.Топас болса көрпе астына кіруге санасы қалай жетті дейсің
Жігіттер қарадай жиеркеніп, өздерінше болып отыр, тап осы жігітсымақтың орнында өзі болса, 1001 амал тауып өзін ақтап алады да, тыныш басқа қызға үйленіп кете барады :(((
Одан кейін жұмысын істеп, аяғына тұрып, бәрін ұмытқан соң жақсы жігітті кездестірді, тұрмысқа шықты, тағы бала тапты. Бәрі де жақсы болды. Просто ситуацияға реальный көзбен қарау керек деп ойлаймын. Әрине, аборт жасаған өте қауіпті, әрі қорқынышты. Бірақ ертең өмірге келетін баланың да тағдырын ойлау керек қой. Не ананың, не әкенің жылулығын көрмей өскен баланың тағдыры не болмақ? Сен оған не бере аласың?
Жігіт сол күннен бастап қыздан қаша бастайды, қыздың халі күннен күнге ауырлап, ауруханадан бірақ шығады.
Сөйтсе қыз екі қабат емес, асқазанында жара пайда болып, ішектері жабысып қалған екен.
Қыз өлім аузында жатқанда, жігіт асығыс басқа бір қызға үйленіп кеттеді.
Шешім қабылдауға келгенде жігіттер қорқақ болып қалады.
Wohohohohohohoho!!!
Fight!
Өтті)))))))))))))))))
Қазіргі балалар неге нервный болады?
Өйткені алғашқы үш ай мен туам ба әлде алдырып тастай ма деп уайымдайды, кейінгі үш ай әкем шешеме үйлене ме үйленбей ме деп уайымдайды, соңғы үш ай әкемнің айлығы бізге жете ме жетпей ме деп уайымдайды.
Эээх, не дейсің ондайларға, ана бақытын бағаламаса — сәби даусына қапы қалар…