Абая-Джандосова
Алматыға қанша барсам да байқағаным, алматылықтар (мен сұрағандар) Абай мен Джандосов көшелері қиылысады деген адамға түрпідей қарайды. Иә, иә, өзіңді аспаннан түскендей сезініп қаласың. Расында да бұл көшелер қиылысады. Бір кездері адасып жүргенде тапқам (Негізі сол жерді салғанда жұмысшылар мас болған болар). Алматыға оқуға келіп, керекшілермен кездесетін болдым. Гульвира ұйымдастырған. Сатпаева — Байзакова деген жерге Сатпаев көшесімен жаңа алаңнан төмен түсіп келем. Көше келді де заправкаға тірелді. Джандосова деп тұр. Біреуден Байзакова қайда деп сұрағанда төмен жақты сілтеді. Содан не басымды қатырайын Джандосоваға түстім де кеттім. Абайға шықтым. Гульвираға соғып едім түсіндіре алмадым. Сосын не болсада Сатпаевка кайта барайын деп кері жүрдім. Сатпаев – Джандосов қиылысына келідім де Сатпаевпен кері көтерілдім. Бір жүз метрдей жүрген соң сүйір бұрыш жасай қиятын проезд сияқты кішкене көше тап болды. Бұл қай көше десем адам айтпайды (білмейді), есі дұрыс адам үйінің маңдайына қалақ қағады ғой деген оймен жоғары тарта бердім. Екі кварталдай жүргесін (оған дейін жан баласы кезікпеді) бір үйдің шарбағындағы Байзақов көшесі дегенді оқып, Саптаевқа қарай жүрдім. Сол бұрыштан Гульвира күтіп алған болатын. Ал осыны Бақытқа айтсам -»Қалай Джандосова мен Абай қиылысады? Мүмкін емес,»-дейді.
Кеше апа-жездеме Абая-Джандосоваға не маршрут барады десем маған күледі. Бекжан да сенбей осы біршама жерге дейін барды. Сонда деймін, Алматылықтар өз қаласын білмейді ме екен? Әлде күнделікті күйбің тіршіліктен айналасына қарауға қолдары тимейді ме екен?
ПС: Қазір ол жерде үлкен развязка.
Кеше апа-жездеме Абая-Джандосоваға не маршрут барады десем маған күледі. Бекжан да сенбей осы біршама жерге дейін барды. Сонда деймін, Алматылықтар өз қаласын білмейді ме екен? Әлде күнделікті күйбің тіршіліктен айналасына қарауға қолдары тимейді ме екен?
ПС: Қазір ол жерде үлкен развязка.
Пікір жоқ әзірше