Музейдегі түн-2011: Біздің қоғамда дәстүрге айналып келе жатқан жаңа мейрам
Музей қызметкерлерінің күні осылай аталады. Алматының Ұлттық музейінде өткен биылғы «Музейдегі түн» де жаңа қырларынан көрінуге тырысыпты. Мен осымен үшінші жыл қатысып отырмын. Концерт, түрлі көрмелер, қолөнер бұйымдары — жылдағыдай адамдарды топ топ етіп үйіріп қойыпты. Тіпті қолөнер бұйымдарын өз қолыңмен жасап, бейнелеу өнерін, құмнан әйнек бетіне сурет салу істерін қолданып көруге болады.
Шара кезінде Панфиловшылардың реконструкторларын көрдік. Басында жәй фотоға түсу үшін жақындап едік, кейін әңгіме жарасып, мен сәлден соң Панфиловшылардың ізбасарларының біріне айналып шыға келдім. Олар фотодағыдай арнайы киімдер мен қару алып, Қазақстаннан шыққан даңқты дивизияның ерліктерін насихаттайды екен. Биыл біздің дивизияның құрылғанына жетпіс жыл толады екен. Соған орай да бірқатар шаралар ұйымдастырмақ. Мені қатарларына қуана шақырды. «Біздің құрамымызда бәрі орыстар, арамызда қазақтар жоқ, ал Панфилов дивизясы ең көпұлтты әскери құрам болған ғой» деді Михаил Витальевич (көзілдірік кигені). Болашақта Ұлы Отан соғысы жауынгерінің формасын киген мені де көріп қаларсыңдар. Михаил Витальевич олардың атқарған істері тек орыс тіліндегі БАҚтарда ғана айтылып жүргенін, қатарларында қазақ тілінде ақпарат тарататын адамның жоқтығын қынжыла жеткізді. Мен әрине, керекинфо туралы айттым, біздің платформаны қазақ тілінде ақпарат тарату құралы ретінде пайдалануға болатынын жеткіздім. Ол қуанып қалды.
Сыртта кішігірм экзотикалық жануарлардың ханасы құрылып қалыпты. Үкі, түрлі папугайлар, игуана, жыландармен фотоға түсуге болады. Мен алып питонмен түстім.
Жыл сайын өтетін шараға келесі жылы да бару бұйырсын. Бәріңе де баруға кеңес берем. Музей. Түн. Тамаша.
Шағын видеокөрініс:

екінші суретегің күчт кен, прям сонда тұрғандарға түсіндіріп жатты ғо. окоптағы жатқан адамда күчт :)
Жылан:«Осы біреуге көрінбей-ақ қояйын десем, жүрмейтін жері жоқ екен, ғаламартсстың»…
ЗЫ Геракл мен Патиктің бір адам екенін енді біліп отырмын)