linux Ubuntu -да бағдарламаларды қалай орнатамыз?


Виндоустан тек көшкен кезде қатты қиналғам. Бір қараңғыдан шыққандай болдым, Билл көкеміз біз үшін бәрін өлшеп пішіп берген екен, творчествоға дым қалдырмаған екен. Install.exe екі шерткен соң „далее„ баса бер.

Ubuntuда бағдарлама орнатудың бірнеше түрі бар, және бұндағы орындалатын (исполняемые) файлдар виндоустағыдай *.exe, *.bat деп шектелмейді, кез келген файл орындалатын файл бола алады. Тіпті *.txt файлы да.
Сонымен 1. Негізгі (исходные) файлдардан қажетті библиотекаларды жинап компиляция жасау арқылы, (Бұл әдісті толық меңгере қоймағандықтан кейінге қалдырып отырмын)
2. *.deb файлдардан орнату, негізі бұл *.deb = *.exe дегенге ұқсайды, екі рет шертжіверсеңдер болады. Немесе терминалда:
sudo dpkg -i файл_аты.deb

3. apt-get, aptitude командалары арқылы, яғни терминалға былай жазасыз:
apt-get install пакет_аты

aptitude install пакет_аты

4. Синаптик орнату менеджері ақылы, бұл өте оңай жол, яғни түсінікті интерфейсі бар.

Осыған қоса айтып кететін:
dpkg -r файл-аты
бағдарламаны өшіру
apt-get remove пакет-аты
пакеттерді өшіру
apt-get update
пакеттерді жаңарту
Бөлісу:

22 пікір

KILYZAMAN
Бұл ОСтың браузерлерге арналған көп тесіктері бар екен… Бұл дегенің екі ОСты бір компқа қоймаған дұрыс деген ойға итермелейді… Өз ойыңды білдіре отыршы!
sigma
Жалпы қазақ айтады ғой, -„Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды,„-деп, сол сияқты виндоустың да екі түрлі нұсқасы бір дискіге отырмайтыны сияқты линуксте виндоуспен бір дискіге отырмайды. Екіге бөлінген дискіге хр мен убунту қатар орнатып көрдім, жаман емес сияқты, негізі екі физикалық дискілерге орнатқан дұрыс. Ең маңызды нәрсе алдымен виндоус тұқымын кейін линукс орнатылуы шарт. Себебі виндоустың жүктеушісі линуксті танымай қалады.
KILYZAMAN
Ммм, менде алдымен Линукс кейін виндоус тұқымы тұр. Басында мәселе жоқ сияқты еді, бара — бара виндоус тұралап қалды. Приоритетті ауыстырудың оңай жолын білесіңбе? „Тұқымдарды„ :-) реттеп тастайтын
sigma
Олай істелмейтін сияқты көп жердегі жазбалар алдымен виндоус сосын линукс депті ғой.
KILYZAMAN
Менде солай тұр! Дер кезінде Виндоусты шақырмасам, Линукс келе қалады. Қазір Линукста отырмын…
Линуксты балам орнатқан, басында жақтырмай шыж-пыж болып жүрдімде, Виндоус тұралап қалғаннан кейін Убунтудамын. Қағлездігімен жылдамдығы барған сайын ұнап бара жатыр!
KILYZAMAN
GRUB это менеджер загрузки, позволяющий при старте машины выбирать какую ОС запустить, первой в списке стоит Linux Ubuntu, последняя строчка – Windows. Используйте клавиши “Вниз” “Вверх” для выбора нужной вам операционной системы и клавишу Enter для подтверждения выбора. Если будите бездействовать, примерно через 10 секунд автоматически начнется загрузка ОС Linux Ubuntu.
алынған жері — мендегісі дұрыс тұрса керек. Яғни балам бәрін дұрыс жасаған
KILYZAMAN
@sigma су миым енді сіңірді мына айтқаныңды
Ең маңызды нәрсе алдымен виндоус тұқымын кейін линукс орнатылуы шарт. Себебі виндоустың жүктеушісі линуксті танымай қалады
Ал мен — орнатуды емес, орнатылған ОСтардың комп қосылғанда қайсысы бірінші тұратынын сөз етіп отырыптым… Ештеңе емес деп ойлаймын, әйтеуір түсіністік қой…
blackbeard
Негізі бұл сөз менің өмірімде естіген ең сұмдық өтіріктерден бірі:)
Айтқан адамды Бұдда ұрмай-ақ қойсын:))))
KILYZAMAN
Қай сөзді сөз қылып отырғаныңды айта кетсең…
timurrr
Sigma, шынымен кешірім өтінемін. Қарасақалға қосылып табалағаным емес, бірақ айту керек енді.

"… линуксте виндоуспен бір дискіге отырмайды..." — отырғанда қандай! Сен бұл жерде логикалық болсын не физикалық болсын дискі туралы айтып отырсаң да қателесесің. Өйткені, Линух деген жігіттің файлдық жүйесі һәм жұрты уиндаға қарағанда басқа. Тиісінше, Линухты қондырғанда ол уинданың ішіндегі бос орынды өзіне сай форматтап алады.

«негізі екі физикалық дискілерге орнатқан дұрыс» — мұның еш қажеттілігі жоқ! Бұл дегеніңіз — тек бір ғана физикалық диск орнығатын ноуты бар адам қолдан тесік жасап екінші диск орнату керек дегенге саяды. Бұл әрине күлкінішті! Бір физикалық дискті орын жетсе нешеге бөліп, қанша ОС орнатсаңыз да өзіңіз білесіз! Еш проблемасы жоқ!

Ал енді бірінші Винда, сосын барып Линух қою керек дегеніңіз дұрыс.
sigma
Шамасы екі виндоусты бір разделге отырғызып көрмеген болсаңыз керек (ХР-ге дейінгілер және ХР өзіне дейінгілермен отыра беретін еді, соңғы виндоусым виста болды, оны да орнатып көрмеппін, дүкеннен келген ноутпен). Бір дискі дегенде сол бір разделді айтқан болатынмын (ұғынықты жазған сияқты едім ), ал бос орынды өзінше форматтап алады деген басқа әңгіме,
Екіге бөлінген дискіге хр мен убунту қатар орнатып көрдім, жаман емес сияқты
дегенім осы екі разделге орнату дегенім еді.

Ал екі физикалық дискіге орнатқан дұрыс дегенді ашып айтар болсақ, былай:
Жалпы линуксоид болсаңыз білуіңіз керек, своп деген бәлекетті. Ол дегенің бөлек раздел, компьютердің жедел жадысы жетпеген кезде, не жедел жадыны босату керек болған кезде қолданылады. Своп бөлімін дискінің бас жағына орналастырған дұрыс екенін де білуіңіз керек. Ал дискіге алдымен виндус орнатсақ, солай болады да, ол автоматты түрде дискінің төр жағын иемденеді де, линукске қалғаны қалады.
timurrr
Негізі ойыңыз дұрыс секілді де, бірақ жеткізуде өате жіберіп жатқан секілдісің (әлде секілдісіз:))

«Шамасы екі виндоусты бір разделге отырғызып көрмеген болсаңыз керек» — мәселе екі уиндада емес қой, оған дауым жоқ!

Менің дауым "… линуксте виндоуспен бір дискіге отырмайды..." деген сөзіңде ғой? Линукс уиндамен бірге бір разделге де қондырыла береді, Линух өзіне керек жерін алады, бос орын боса болғаны девотрм. Өйткені, оның файлдық жүйесі басқа. Ал енді басқа раздел болса, онда қандай жүйені орнатсаңыз да бола береді, әрине. Оған ешкімнің айқайы жоқ болар.

«Своп деген бәлеңе қосыламын» дедім ғой? Бастысы, уинданың үстіне линух қою. Ол үшін шығынданып қосымша диск алып (ноуты барларға бұл опшн шынында да издевейшн енді;)), оны да, Линухты да қондыра білмейтіндерге тағы да шығынданып түк қажеті жоқ! Бірінгі уинда, сосын линух! Болды, іс бітті!
sigma
Осы жерде гуглдетіп барып разделы жеского диска деп көр дағы.
Сол жерден ақ түсінесің бір разделге линукспен виндоус отырмайтынын.
виндоус- fat, ntfs
линукс- ext2, ext3 тсс
timurrr
«кез келген файл орындалатын файл бола алады. Тіпті *.txt файлы да» — мына сөзді де біраз зерттеу керек секілді:)))

Соңғы кезде жаман еріншектігім ұстап, дым жазбай жүрген соң ба, мақалаң ұнады. Дегенмен сөздерің фильтр керек екен:)
sigma
орындалатын файл — исполняемый файл- execute file

Сөз саптауымды айтып отырсаңыз қазақ тілін сырттай оқыған физик жігітпін ғо
timurrr
Рахмет, Сигмеке, орындалатын файлдың — исполняемый файл һәм execute file екенінен хабардармын. Қанша дегенмен ИТпін ғой. Мені қызықтырғаны *.txt файлды орындатып жібергенің еді:)
sigma
ерінбесем осыған арнайы мақала жазармын
Serzha
көз қызармайтындай қылып бағдарламаны орнатуға бола ма?
sigma
„көз қызармайтындай„ деген тіркестің мағнасын түсіне алмай отырмын
Serzha
линукста көп отырған адамдардың көзі қызарып, бетіңнен безеулер шығып кетеді дегенді естідім
sigma
Ойбуй, оны сізге кім айтып, жүр.
Негізі красноглазики деп гентушниктерді (Gentoo линукс түрі) айтады. Мына жерде.
serjan
Туада көзі соқыр адамға бір әдемі қызды басқа тілмен суреттеп жатқандай болып тұр маған.