Ең нашар газет сайттары

  • KazNET
сурет: Азаттық радиосы
сурет: Азаттық радиосы

Қазір қазақ сайттарының басым көпшілігі ақпараттық, яғни БАҚ өкілдері сайттары. Оның ішінде газет сайттары. Бүгін сол газет сайттарының ішіндегі ең жамандарынан бір жинақ жасап отырмын.

Бұл жинаққа енбеу үшін сайттың қандай ерекшеліктері болуы керек:

— Сайт навигациясы түсінікті болуы қажет.
— Оқырманмен интерактив болуы керек, пікір жазу, форум, сауалнама т.б
— Мұрағаты түсінікті болуы қажет, айдарлар бойынша мұрағат немесе уақыты бойынша.
— Сайт тілі және кодировкасы қазақ тілінде болуы керек.
— Газет туралы ақпарат, редакция құрамы, газет тарихы, байланыс, жазылу туралы ақпарат.
— RSS немесе электронды жазылу мүмкіндігі.
— Ақпаратты басқалармен бөлісу мүмкіндіктері.
— Сыртқы келбеті, түстері, шрифттары бірқалыпты болуы тиіс.

Осы талапқа сай келмейтін газет сайттары:


Бұлай болуының басты себептері:

— Газет басшыларының газеттің электронды нұсқасына немқұрайлы қараулары.
— Сайтқа жауапты адамдардың техникалық білімдерінің жетіспеуі.
— Сайтты арзан жолдармен жасату.
— Сайтты қазақша білмейтін адамдарға жасатуы.

Нәтижесінде газет қанша мықты болса да сайттары интернетте сол деңгейге жете алмауда. Интернетте де оқырман аудиториясы бар екені ескерілмеуде. Газеттің электронды нұсқасы арқылы да газетті танымал қылып, жарнама берушілерді тартуға болатыны түсінілмеуде. Қазақша сайт жасап көрмеген, қазақша әріптермен жұмыс істеп көрмеген жасаушылардың арқасында сайт бетінде техникалық және грамматикалық қателер көп. Сайтты жаңартып отыратын редактордың техникалық білімінің аз болуына байланысты газет сайты стандарттарына сай келмеуде.
Бөлісу:

52 пікір

Altygradus
ең тәуір дегендері осы шығар?? Айқын мен ЗаманҚазақстандыкі біраз болсын қолдануға келеді, бөлек айдарларымен
ErNur
Ия оның дұрыс Аршат. Біздің газеттің сайтын көріп қарап көріңіздерші www.aktobegazeti.kz
asaubota
айтпақшы ErNur Ақтөбе газетінің админі :)
ErNur
:))) Авторы Аршат өзің ғой жұрт көрсін де газеттің сайтының қалай болу керек екенін.
Altygradus
ашылып, көрініп болғанша талай уақыт алады, ауыр екен
urimtal
Мозиламен ашып қарап едім, баяу ашылды және сол жақ бағандағы суреттер шегінен шығып кетіпті. Күнтізбенің орнына әлеуметтік желілердің белгілерін қояр едім. Себебі күнтізбенің үстінде онсыз да қай күні шыққаны көрініп тұр екен.
Altygradus
я менде Мозилламен ашқам, суреттері шашырап жатыр
AKY
Яттау бов қалд, негізі)))
asaubota
3 жыл болған сайт қой, негізі бір жөндеп, дизайнын өзгертіп алу керек.
Zilola
менде жұмыста експлоермен жақсы ашты, бәрі әдемі көрініп тұр :)
Maya
Сайтыңыз ұнады. Іске сәт!!!
patick
Бұндай сын футбол клубтарының да сайттарына қатысты. Ешқандай интерактив жоқ. Тек премьер лиганың командаларына қойылатын міндетті талап болған соң, аша салған. Тіпті юкоздан ашып алғандарын да көріп жүрміз. Ұят енді.
ErNur
Ағайындар айып етпеңіздер! Қазір дұрысталады. Техникалық ақау болған аздап :)
patick
Ақаларың аздап ұрттап қойыпты деп қой :)
Gulistan
Осы статья авторы Асаубота екеніне таң қалмадым:)
AsanQaigy
Әркім көрпесіне қарай көсіледі.
edige
Көптеген мақалаларды злектронды нұсқада бермейді. Себебі, тиражы азайып кетеді.
Егемен Қазақстан сияқты бюджет қызметкерлеріне қал-қалама жазылдыратын газеттердің сайтының дұрыс болмауы сайт мамандарының шығармашылық әлсіздігінде
KILYZAMAN
Көптеген мақалаларды злектронды нұсқада бермейді. Себебі, тиражы азайып кетеді.
-қуанарлық нәрсе екен…
asaubota
қай газетте істейтінімді былай білетіндер білетін шығар, жарияламай ақ қояйын. сайттағы мақалалар шынымен қызықсыз, функционал немесе басқа жағынан сайт жақсы болса да мазмұны қызық болмағасын ешкім қызығып оқымайды. негізі сайт редакциясы газеттен бөлек болуы керек. газеттегі көлдей мақалаларды сайтқа да беру міндетті емес, интернет форматқа келтіріп шығару керек және газеттің шығуын күтпей күнде жаңарта берген дұрыс. бірақ, бізде олай емес. алдымен газет шығады, сосын уже интернетте ескілік болып кеткен жаңалықтары.
KILYZAMAN
Міне, істің жөнін білетін балдардың санасы да саралы, тұжырмдары балдай…
19852407
 қосыламын.
Тізген талаптарыңның үдесінен маған жергілікті осы газеттің шыға алатыны ұнайды   — www.uralskweek.kz
ErNur
@Altygradus, @urimtal, @AKY қайтадан қарап көрңдерші енді дұрыс болуы керек www.aktobegazeti.kz
Altygradus
иә суреттері орнына келді
urimtal
@ErNur тап-тұйнақтай! :)
AKY
Мм, дұрыс екен)) Мухлевать етпесей;))))))))))))
VKM
«Жас қазақта» апайым істейді, айтамын)))
qisyq
Кім деген, кім деген???
Abilakim
Осы жазбаны ашар алдында «Орталық Қазақстан» газеті болмаса сілтемесін берермін деп ойлап едім. Орталығым ортадан ойып орын алып үлгеріпті))))
asaubota
байқасаңыздар облыстық газеттер тұр тізімде. республикалық емес қой деп оларға аяушылықпен қарап керек емес, керісінше сондай аймақтық газеттердің оқырмандары көп болады деп ойлаймын. өйткені қағаз версиясы тек сол аймаққа ғана тарайтын болса ал интернет версиясын сол жақтан алыс жүргендер оқиды, өз елдері туралы ақпарат алып отырар еді. сондықтан аймақтық газеттердің сайттары болғаны жақсы.

былтыр министрлік БАҚ.кз жобасын бастап беруге шақырған кезде мен мынандай да жоба ұсынып едім:

еліміздегі барлық облыс орталықтарына барып, арнайы БАҚ.кз семинарларын өткізу. ол семинарларға барлық аудандық газет басшылары және бір тех.қызметкер келулері керек. сосын әр газет үшін БАҚ.кз порталы астынан жеке сайт ашып береміз. мысалы oiyl.baq.kz janaarka.baq.kz
семинарда оларға сол сайттарға қалай мақала салу керегін үйретер едік. және олар үшін мұның бәрі тегін, сайт жасаттырып, ақша шығарып әуре болмас еді. тек дайын сайттарына материал салып отырса болғаны. сонда қазақша контент те көбейер еді, сайт саны да, қолданушы саны да.
өкінішке орай бұл жоспарларымның ешқайсысын жасай алмай ол жобамен жолдарымды айырдым олардың қалауы бойынша.
болашақта білмеймін олар менің бұл ұсынысымды егер ұмытып қалмаса жасап, жасамайтындарын. ал былай көп шығын да керек емес бұл жоба үшін, жүзеге асырылса жақсы болар еді. шамалы болса да қазақ БАҚында революция болар еді.
FaraOn1
бұл жобаны БАҚ.кз жүгезе асырды, бізге келгені есімде. эффект ондай болмаған сияқты. өйткені олар жергілікті газеттерді сайттағы блог ретінде тіркеді. ал егер kazjur сияқты жасаса әлдеқандай болар ма еді…
esilerkesy
БАҚ.кз дегенде, қазір аймақтарға ҚАЗКОНТЕНТ тегін сайт ашып беріп жүр. Бірақ сіз айтқандай емес
konvict
Бұл тізімге «Жас Алаш» ты да қосса болады. Маған ең үнайтыны Алаш Айнасы мен БАҚ-тың сайты. Өзгелерге қарағанда оқ бойы алда. @orkenegro ренжімесін, олардың газеттерінің сайты да көңілімнен шыға бермейді.
19852407
«Халық сөзі» газетінің сайты ұнайды маған скрытая реклама
huanysh
alashainasy.kz ше? ;)
asaubota
естуімше олар сайттарын өзгерткізгісі келіп жатыр. орыстарға риза емес.
huanysh
иә, ондай бар, жандырақ жасауға жоспар бар сияқты
seken
Заман талабына қай газеттің сайты сай келеді? Контент+техподдержка деген формуламен алғанда. Әй, жоқ шығар әсте..?
asaubota
Контент+техподдержка деген формуланы түсінбедім Сәке :)

маған мына газеттің сайты ұнайды: www.elgazeti.kz/
seken
Барлық жағынан жақсы сайт дегенім ғой, мазмұны да, дизайны да, техникалық қолдауы да.
19852407
Оралдықтар шығаратын астаналық газет
asaubota
басшысы мықты продвинутый чел

Астанада тағы бір оралдық журнал сайтын жаңарттырып жатыр. жақында көресіңдер.
asaubota
жоғарыдағы тізімнен тек КерекИнфодағы аты-шулы Жас қазақ қана сайтын дұрыстапты.
serjan
Түркістан газетінің сайты қай движокпен жасалды екен, бас редакторын танушы едім, реті келгенде айтып қалайын.
Armanjan
Ареке «Маса.кз» газетін ұмытып кеткен сияқтысыз, 3 сөз жазса екеуі қате боп кете береді, оқи-оқи көзіміз үйреніп қалды.
asaubota
ол газет емес қой
ken
басында ең нашар газет(тердің) сайттары деп түсініппін)))
сөйтсем, газеттердің ең нашар жасалған сайттары екен ғо)
jigit
Аршат өзін нөлден сайт портал жасап көрдің бе әлде дайын движоктарды қолданасың ба?
asaubota
өзім жазбаймын, дайын движокпен жасаймын. сол тиімді.
asaubota
3 жылда өзгеріс аз ау?
zholantai
сайты тұрмақ, домендерін де ретке келтірмегендері баршылық па дейм, k-ны q-ға алмастыратын уақыт жетті ғо, уж
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
Менше, газеттің сайтын газеттің жайы туралы жаңалық айтып, ондағы мақалалар туралы тизерлер жазып тұруға күшті құрал. Бұрыңғы сандарын ақтарып үздік қысқа жазбаларды жариялауға болады, интернет журнал шексіз мүмкіндік береді. Немесе, оппа міне біздің спецкор пәлен мақаланы дайындап жатыр деп видеоға түсіріп алып тығып жіберуге болады. Газеттің келесі санынан оқисыңдар бұйырса, деп. Шетелдіктер сүйтетіндіктетіндіктен емес, шынымен солай етсе бірін бірі толықтырған болад.
Соңғы түзету: