Ауылда өткен 1 күн

Бүгін ауылда ас берілді. Ауыл дегенім-Жантас ,Өскеменнен 80 шақырым жерде, таулардың ортасында, Тарғын өзенінің бойында орналасқан шағын кент.Жақында нағашыларым үлкен іс бастады: ферма сатып алды,ірі-қара мал, жылқыларының санын көбейтті. Енді құс өсіргелі жатыр.Ең қызығы, сол ферманың орны мамамдардың арғы аталарының қонысы екен.Өмір бойы Туан жұрты деп аталынатын жер екен.Енді өз жерімізде шаруашылық жүргізеді нағашы ағам. Сондықтан, аруақтар риза болсын деп, сол кісіден тараған жұрағаттар, ауыл үлкендері түгелдей науқанға шақырылды.
Міне, сол жерде түсірген суреттер:

құлыншақтар көбеюде)

менің кіттей сіңлілерім)


Сол жердің табиғаты.

бауырсақ)
Бөлісу:

108 пікір

KILYZAMAN
Не деген әсем табиғат… Сірә, тауларында қызыларша(сауырағаш) өседі…
VKM
рахмет, аға. Табиғаты керемет екені рас)
konvict
Мен бүгін ауылдан келдім.
Beytanis
Құдай дұға, тілек, ниеттеріңді қабыл етсін!
VKM
Құдай дұға, тілек, ниеттеріңді қабыл етсін!
Beytanis, амин! Туй, былай қуанбаспын, тағы не жазды екен деп қорқып жатсам)
Beytanis
Өмірді тек қара, көлеңкелі, жаман жағынан көретін кертартпа адам емеспін ғой, қарындас-ау!
Altygradus
Істері оңға бассын
VKM
Көп рахмет,Altygradus.
Altygradus
дөңгелек бауырсақтарға қызығып отырғаным:))
VKM
оны стаканның қырымен кеседі, сонда доп-домалақ болып шығады. Дәмі… супер!
Altygradus
білем ғой оны біз де солай жасаймыз үйде, одан үлкендерін самауырдың үстімен кеседі:)Домалақ қып жасағасын оны пысырғаны қиын, түсін біркелкі ғып, сол үшін жай қиықша жасай салған анағұрлым оңай деп соңғы кезде солай жасап тастап жүргенбіз, мына домалақ бауырсақтарды көріп сағынып кеттім:))
saken
пысырғаны қиын
осы сөзге күлкім келеді :))
негізі пісіреді ғой. Әдеби тілде де солай.
Altygradus
негізгісінде шаруам жоқ. Біздің жақта солай айтад
qisyq
Әкем шығыстан ғой. Пысырған деп сөйлейді:) Сосын сол жақта бауырсақты осылай пісіреді. Мама да осылай істейтін болды. Алматы облысының стилімен араластырып пісіреді. Микс короче.
boztorgai
мұндай сарыдомалақтарды жамбыл облысында кездестіргем. олар пончик деп атайды
VKM
Не керек,әп-әдемі бауырсақ деген атты пончик деп ;))))әзіл)
Zilola
жалпы бұндай домалақты (что такой домалақ дегендей), барлық жерде де жасай береді. Тек көп қонаққа арналған бауырсақты бұлай стақанның қырымен кесіп отырмайды ғо, аз-маз (1-2 шара) бауырсақты осылай жасаймыз, одан көп той-жиынға пышақпен ромбик етіп кесіп пісіреміз.
Белгілі бір облыс не ауданды домалақ тоқаштың авторы деген дұрыс емес
qisyq
Туффф… сонша қатты айқайлағаны нес.Ұйқыдан ояттың ғой.
Zilola
кешір жарығым :)
Altygradus
Кішірек не орта болса ондайды бар жерде жасай беруі мүмкін, ал үлкендерін тек шығыста ғана жасайды. И көбіне мен айтқандай самауырдың жоғары жағымен кеседі
meirzhan
Кіп-кішкентай бауырсақтар бар ищо.
Zere
Керісінше, Мақпал, дәл осындай домалақ бауырсақтарды тойға жасайды. :)
Zilola
еее, әр жердің салты басқа онда :)))
boztorgai
Белгілі бір облыс не ауданды домалақ тоқаштың авторы деген дұрыс емес

қатипа сықпытова — тараз/жамбыл қаласының тұрғыны. патент №0002-16. қазақ сср тамақ өнеркәсібі министрлігі.1952 жыл.
VKM
boztorgai, сол патентті Қатипа апайымызға сіз берсеңіз, сонда нешедесіз?;))))мамма… люди столько не живут
boztorgai
оны айтасың, талас өзені бойынан табылған тас таңбаларда белгісіз домалақ нан өнімдері туралы жазылған
Zilola
Жамбылдыкі болса тіптен жақсы ғо, мына жақта қыздар Шығыс Қазақстанға тартып жатыр ғо ол авторлықты :))))))))))))
Beytanis
Ауылың қай ауданда? Ұлан (аудан ба еді, қателессем айып етпе)? Самар?
VKM
Ұлан ауданы.Білесіз бе не?
Beytanis
Қазақстан жағырапиясынан 5 болғанмын.
Altygradus
суреттерді сәл үлкен қылып салсаң да болар еді, үлкейтуге баспай ақ былай нормалні көрінуі үшін. тым үлкен болса әрине ол да жаман бірақ андағы тым кішкене, әрқайсын басып қараған қолайсыз
VKM
жарайды,қаз көрейін
bazuka
Нағашы ағанның ісі оңға бассын! домалақ бауырсақ қызық екен, төртбұрышты бауырсаққа үйреніп қалған))
VKM
рахмет, Базука. Қалайсың? Қайғыңа ортақпын, Алла жар болсын!
bazuka
жақсы, бірақ әлі өзіме келе алмай жүрмін. рахмет!
KILYZAMAN
бірақ әлі өзіме келе алмай жүрмін.
— жаныңды жаралаған оқиға болса керек. Берік бол. Уақыт бәріне емші. Әрине ол уақытты сарыуайммен сарғайтпауға тырыссаң ғана солай болды(емдейді)…
Abilakim
Ахи, аруақтарға құран бағыштауға болады ма?
Нағашыларыңның ниеттерін Алла оңынан жаоылқасын!
Khan
Нағашымдарың аристократтар ма сонда? :)
VKM
Осылай кекетпей-ақ қойыңызшы((((менің нағашым таңертеңнен түнге дейін демалыссыз ерінбей еңбек етеді, сосын еңбегінің жемісін көреді…
Khan
Ол сөзімнен шамданатын не көріп қойдың?
VKM
Ауыл адамдары аристократ болмайды, бірақ плебей де емес. Олар нағыз жұмыскерлер)
Khan
Анау Туан жұрты атадан балаға беріліп жатыр екен де. Жаман ойым жоқ :)
VKM
Совет Үкіметі кезінде ферма салғанда, халық Туан фермасы деп кеткен, ол кісі 17-18 ғасырларда өмір сүрген адам ғой.Бірақ сондай іскер болған екен.Ал ферманы кәдімгідей сатып алды,өз жерлері біраз алыста
Gastarbaiter
Ауыл адамдары неге аристократ болмайды?
VKM
меніңше, аристократ деген термин қазақтарға келмейді. Иә, аталарымыз ауқатты адамдар болыпты, медреседе оқыпты, бірақ… Асқар, бірақ… сенің айтпаған сөзіңе қосыла салайыншы:))))че то сомневаться етіп қалдым
Gastarbaiter
сен "қазақтар" деген жоқсың, «ауыл адамдары» дедің ғой:) Сонда қаланың қазақтары қайдан шықты? деген заңды сұрақ туады емес пе?))Ойланып көрш.
meirzhan
қаланың адамдары — экс-ауылдың аддамдары. Біздің қаланың әкімі де — экс-ауылдың әкімі. мәмбет болдым
saken
нағашымдар деген сөз қазақ тілінде кездеспейді ғой.
Gastarbaiter
Нағашымдар деп әдетте нағашысы және нағашысының балалары, туыстары, әйелі, т.б-ны айтады. Нағашыларым деп тек ғана нағашы боп келетін адамдарды айтады.
Мысалы бізде «апамдар» келе жатыр дейміз. Ол апаларым келе жатыр деген сөз емес, бір апам күйеуі, бала шағасы т.б -лармен бірге келе жатыр деген сөз.
Нұржан ағамдар келе жатыр. Сара апамдар келе жатыр. Бәкеңдер келді. Нағашымдардыкіне барамыз.
Тіл тек жазбаша, не әдеби ғана болмайд:) Так что өшіп қал:)
Onlasyn
Көп рахмет, мұны білмеппін…
Gastarbaiter
Тағы бір мысал:)
«Аршаттардың жазулары басқа» -деген сияқты ғой.
Нұрғисалар қонаққа шақырды. Бұл жерде бірнеше меңзеген адамнан аталған адам ең жақыны немесе маңыздысы деген сөз.
Beytanis
Бар болғаны диалект дей салсаңшы, сөзді көбейтпей.
Onlasyn
Бәке бұл тіл мәселесі жақсы (керек) тақырып қой. Мұнда қанша көп сөйлесек те көптік етпес. Ашып, нақтылап түсіндіріп беріп жатқан адамның аузын тұмшаламасақ…
Beytanis
Базар жоқ, диалект те бар, дым білмес шалалардың "қотыр сөз саптауы" бар демекші ғой, Оңеке!
Onlasyn
Базар бар, әңгіме жоқ))))
Beytanis
Базар болсын, киім-кешек, азық-түлік аламыз ғой :)
Onlasyn
Негізі нағашының баласы кім болады? Нағашы болмай ма?
Бізде (Оңтүстікте) жоғарыда айтылған «нағашымдар» деген қолданылмайды да.
Gastarbaiter
Оңеке, мен оңтүстіктенмін:) Бейтаныс сенің орныңда болсам, өмір бойы «неге сондаймын» деп өкініп өтер едім.
Beytanis
Ой, ой, ой, басқа-басқа сен өкінбейсің, себебін өзің білесің!
Onlasyn
)) Біз жақта дар деген жалғауды енді сөйлеп келе жатқан балалар шатастырып айтып жүреді емес пе?! Жоғарыдағыны оқығанда авторы солай қателескен екен десем)))
VKM
Onlasyn, түзете алмадым,қатемді… мен біраз шалалау қазақпын ғой, жеңілдік жасашы,өтінем:)))
Onlasyn
)) Әрине, ондай-ондай ханның қызында да болады.:)
Дегенмен, Шалалау қазақтан Тазалау қазаққа өтуіңе тілектеспін!!!
VKM
Не все сразуақырындап-ақырындап))))
Gastarbaiter
нағашымлар — десе өзбекше болып кетер еді))
saken
ауылдарың әйбәт екен!
менің нағашыларымның ауылының суретін салсам, шошып кететін шығар халық :( жантақтан басқа көгерген ештеңе көре алмай.
VKM
Рахмет, Сакен ағашка))
KILYZAMAN
Олай дерің барма, кім-кімге болмасын ауылы болмысымен ыстық болатын сияқты. Ал көркейтіп жетілдіру тұрғындардың өз қолында…
saken
дарияның аяғында тұр ғой. Бүкіл су өзбекеңдердің мақтасында қалып. Қанша тыраштанғанмен жоғарыдағы ВКнің нағашыларының ауылындай көгермейді.

өз ауылымда, нағашыларымның ауылы да ыстық екені рас.
Arhun
Әттең, күннің бұлынғыр болып қалғаны қарашы Әйтпесе сурет одан әрмен жақсы шығар еді!
VKM

жазда түсірген суреттер)

Arhun
ВКМ Сурет күшті шықты, әрине! Бірақта түсірер алдында ерекше жерді, кезеңді таңдауыңыз керек Ол дегеніміз күнні баттып бара жатқан кезіндегі көрініс, таң атқандағы көрініс, компазицияның отртасында бір жануар секілді объект болса Мен, мысалы, ала бұлтылы уақытта сурет түсіргенді ұнатамын Қысқасы, адам тартарлықтай бір нәрсені іздеу керек
VKM
иә, профифотоаппарат аламын, сонда фотаға түсірумен тереңірек аналысамын.Мынау жәй...әдемілікті көргенде кете алмай… түсіре салғаным ғой
bazuka
менде бір сурет салайншы, табиғатты суретке тарту хоббиім)
VKM
давай, Базука!
Arhun
Күшті Енді кешке жақын осындай бұлттарды түсіріп көріңіз…
patick
Вьетнам мен Лаосты еске түсіреді
qisyq
Зуля мен Гуляны ше?
patick
Олардың табиғаты тошны әдемілікке арналмаған :)
qisyq
Ең бастысы кәсібилік пен адамгершілік қасиеттер ғой:)))
VKM




тағы суреттер
Arhun
астындағы сурет қызықрақ
VKM
Таудың үстінен түсірілген болғасын)
Arhun
профессионалды фотоаппараттың саған керегі де жоқ сияқты… Жарайсың
VKM
рахмет, көп оқу керек сияқты. Жақсы түсіру үшін. Сіңлімде фотосессия болғанда, фотографтар жақсы-жақсы ракурстардан фотать етті. Қызықтым)))
Arhun
Оқитынының керегі де жоқ Күнделікті интернеттен хабар алып отырсаң жеткілікті Қазырғы білім алу — бұрынғыдай емес. Ютуб, демиартқа кіріп көрсең, мүнда барлығы бар
Aizhantabyn
табиғатта және ғимарат ішінде суретке түсіру әр түрлі де, тәсілдері бөлек. Менімше, көп фотографтар табиғатты түсірген соң, ретуш жасайды))
Салондық съемкада да әрине))
ademi_alem
Әдемі! Ой тез жаз келсе ғой…
VKM
Зарина,қайдан тауып алғансыңи?))))
Сағындым үй жақты.
Ауылға апама барып келсе ғооой)
ademi_alem
Кеше барлық жазбаларды тағы бір қарап шықтым. Қызық-қызық жазбалар көп екен. Жантаста болып көрмегем, Катонқарағай екен деп қалдым.
VKM
Нағашымдар жақ бұл, папам Катон жақтан)
ademi_alem
ааа түсіндім. Мен жүргім келетін көрікті жер екен. Мынадай жерде туған, мынадай жерде тұрған адам басқа жаққа қалай кетеді екен қиып?..  жалпы айтқаным ғой
Zilola
табиғаты керемет жер екен, керекшілер бас аяғымыз жилалып барсақ өкінбейміз.
VKM
Мақпал, сен келсейші)Жер аралағанды ұнатасы ғой)
satibaldi
Оның графигі тығыз, сорлы жерлермен мазасын алма.
VKM
сорлы жерлермен
satibaldi, ренжідім(((
Zilola
менің графигім сіздің қолыңызға қайдан тап болД?
Zilola
Барам, «всем врагам назло»
satibaldi
Надводная Одиссея команды Қалдықыз…
temir1986
Мен мидай жазық далада, тоқал үйде, дәрігердің көмегінсіз, қақаған қыста дүниеге келіппін. Қазір жүрген жерім орман, табиғаты тамаша енді, Асаубота білетін болар Екпеталды, тауды да көрдім, бірақ даланы жақсы көрем күн күйдіріп жатқан. Әдемі әлемнің ауылыда әдемі екен.
Marco
Бауырсақ жегім кеп кетті. Астананың электр пешінде нәрмәлні бауырсақ та қуыра алмайсың(((
VKM
Марко өзі қуыратындай айтты ғой)
Marco
Қуырса несі бар екен?)
VKM
Онда саған рецептін берейін, ашытқысыз бауырсақтың, электропеште де жақсы қуырылады)))