Жазаланса, ох, қатал жазаланатын болса - 6!

Лібә, бильярд ойнағанда, бір шары дәл түсе қалса: «геометрияны білсең болды ғой бұ жерде», «геометриям текке кетпеді-ау!», «геометрия...» деп күбірлеп, өзінен-өзі мәз болып жүретіндерді, Лобачевский моласынан тұрып жүгіріп келіп, бұтындағы екі шарынақызыл шармен дөп тигізген кезде, екеуі — екі лузаға дәл түсіп, өзі — жан тәсілім ететін болса! Ох солай болса, ептібайымайд-ай, солай болса!!!
Бөлісу:

56 пікір

omarbirat
Шынымен, бильярд ойнағандар геометрияға респект айтып жатады. Физиканың атын атағанын естімеппін.
Onlasyn
Шынымен ғо, мектепте геометрияның бетін ашпағандар айтып жүреді осыны))))))
asaubota
лібә мен сондай едім… :)))
Abilakim
Геометрия мұғалімі «Ертең бильярд ойнағанда керек болады?» деп айтқанда жақсы оқыр ма едім деп ойлаймын кейде
patick
Лобачевскийдің моласына жолама, Сатыбалды күтіп тұр :)
edige
Аналитикалық геометриядан 5 болып, дипломдық жұмыс жазсам да ойында «соқыр тастар» тимей кірмейді менде
Zilola
Начертательная геометрияны қатты оқысам да (дәлірек айтқанда сызсам да), бильярд ойнап көрмеппін.
patick
Бильярдқа бір рет бардым — ұнамады.
VKM
Геометрия оқымағансың ғой)))
patick
Оқығанмын — түсінбедім.
Zilola
ол кезде просты «геогебра» болмаған ғо
patick
ол кезде просто математика ағай ішіп кететін
edige
Биологияны оқығандар ғана шегіп жүрген жоқ қой
VKM
айтпаңыз, биология оқығанның бәрі медик емес деп қусам))
VKM
әдеттегідей жазалансын деп жазайын десем, Админ ағай кетқалатын болып тұр:)))
a63a1
Мен кіргізгенде геометриядан бұрын асық ойнағанымды айтам о_О
Altygradus
геометриядан күшті болғанмын, бірақ билярдқа ебім жоқ:(
asaubota
биииитіп ортадағы тесікке чужойлар салам ғо, со кезде қарсыласым шарды шығарып жатқан кезде пибіден бір ұрттап «геометрияғо» деп лепіретінімді жасырмаймын. админ де пенде ғо :)
Gastarbaiter
лепіретінімді жасырмаймын.
Екеуміздің осы жеріміз ұқсайды екен:) Жыртыл қазақ деген:)
meirzhan
Бұнда геометриядан басқа, ептілік те керек.
Шынында да бұған геометрияның қатысы бар.
Gastarbaiter
Геометриядан бұрын физиканың шағылу заңдылықтары көбірек пе деймін.
meirzhan
Шарды бағыттауда — геометрия көмектессе, шардың соғылысуы, айналуында — физика керек шығар. Бірақ қанша керек дегенмен, мұнда формулалады пайдаланамыз деп ойлап қалмайық. Мұнда қарапайым дәрежедегі геометрия мен физика керек. Көзбен мөлшерлеу арқылы.
Gastarbaiter
Кейде ешқандай глазомер, физика геометрия оқымаған адам, қайта қайта бильард ойнап тәжірибе жинау барысында, интуитивті түрде сезе біледі.
Beytanis
азарт керек, азарт!
Gastarbaiter
Қанша азартник болсаң да, жарыстарға қатысып жүрген спорстмен сені салқын қанды түрде сыраңды сіміріп сілейген күйі қалдырады.
Beytanis
ақылгөйсімеші!
meirzhan
Мен үшін бильярд қызықсыз ойын. Себебі ойнай алмағасын жалығып кетемін. Бір сағат ойнап бір-екі шар ғана, кейде мүлде шар сала алмаған соң, желанием құрып кетеді. Футбол қарау сияқтыы бұл да уақытты босқа кетіру. Ал жақсы ойнасам азарт болушы еді.
Gastarbaiter
Әйтеуір осы жерде ортағымыз бар екен:)) Бильярдты әкем талай үйреткен. Біраз үйреніп, ешкімнен кем ойнамаймын.Достарымның компаниясы үшін болмаса, қызығып ойнамаймын.
Футбол қарау да сондай. Біреудің жүгіргенін қарағанша, өзім жүгіріп сергіп алғаным жақсы:)
meirzhan
Әйтеуір осы жерде ортағымыз бар екен:))
Меніңше осы жерде ғана емес. Просто сен (кейде мен де) көпшілікке (немесе маған) қарсы противовес пікір айтуға тырысасың. Тіпті өзің негізі пікірге қосылсаң да альтернативный пікір айтасың.

Мен алғашында бильярдқа қызықтым. Себебі геометрияны жақсы көруші ем десем иә Бірақ чето біраздан кейін бірден интерес жоғалып кетіпті. Ары қарай не пошло.
Ал футболды да қатты жақсы көріп ем, «Ювентустың» жанкүйері болдым, бірақ «Ювентуста» скандал болып, оны төменгі дивизионға жібергесін футболды жек көріп кеттім. Шынында да түсінбеймін не керек қарап оны, Шеттен қарағанша ойнау керек оны. Денсаулық үшін пайдалы.
Gastarbaiter
Меніңше осы жерде ғана емес. Просто сен (кейде мен де) көпшілікке (немесе маған) қарсы противовес пікір айтуға тырысасың. Тіпті өзің негізі пікірге қосылсаң да альтернативный пікір айтасың.

Әй осы психоанализ жасау эстафетасын саған қалдырып кетем ау.
meirzhan
жоғей, бұған Фрейдтің ілімінің керегі жоқ. Сенің профайлыңдағы "өзі туралы" дегенді оқысаң болғаны. Бұл физиогномистика)
Gastarbaiter
Бәрі дұрыс. Тек білгіш болып көрінуге тырысу барысында, мағынасынан бейхабар, немесе бұлыңғыр ғана түсінігің бар терминдермен абай болу керек))) Ерлан Оспан айтпақшы, аудиторияның деңгейін ескермеген лектор масқараға душар болады:)
meirzhan
Әр терминді тәптіштеп түсіндіріп отырсам, көп уақытым кетеді, көп сөз жазуға тура келеді. яғни қысқа терминді жаза салу ыңғайлы.
білгіш болып көрінуге тырысу барысында
Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды.
Мүмкін рас шығар. Өзім де кейде байқамай қаламын осындай нәрселерді. Бірақ бұл басқаларды онша раздражать етпейді деп ойлаймын. пендешілігіме кешіріммен қараса екен.
Мен білмейтін терминдерді пайдаланбаймын. Бірақ өз ойымды дұрыс жеткізе алмаймын кей кезде. Содан түсінбеушіліктер туады.
Gastarbaiter
Ә-ә, ендеше мен сенің физиогномистикаңды көрмеген бола салайын, ал сен жазбаған бола сал. Сонда ештеңені түсіндіріп, ақталудың қажеті жоқ болады:))
meirzhan
Жоқ. ол жазғанымда бәрі дұрыс болды. Физиогномистика, яғни мына контекстте (тағы кетті «білгіш көріну» синдромы) профайлистика болады. Яғни профайл арқылы диагностика, психоанализ жасау. (артық комменттер жазып қойыппын, Дайрабайдың сиыры үшін)
Gastarbaiter
бәрі дұрыс болды
мына контекстте профайлистика болады.
Ішегімді қатырдың ау, амиго. «Блогоним» деген атауды ойлап тапқан білгіш сен емес пе осы?
Бар құры, дайындалып дүйсенбі күні перездачаға кел, адамды күлдірмей:)
АПД: Жоғарыда Сатыбалды сен туралы жазған ба деп қалдым)
meirzhan
«Блогонимді» ойлап тапқан мен емес. бірақ мен болсам ғооой. мені орап әкетті.
осылай серьезный бір нәрсе айтайын десем, күлкіге айналдырып жібересіңдер. Дүйсенбі күні оқымаймыз емес пе, склероз боп пенсияға таяп қалдыңыз ғой, амиго-ұстаз.
склероз деу арқылы білгіш көрінгің келді деп жазғырма
Gastarbaiter
Ия, пенсияға таяп қалғанымыз рас. Бірді біліп, екіні ұмытып қаламыз. Орнымызды жоқтатпайтын, өзімізден озар, не аумай қалар ізбасар іздеп сен сияқтыларға жалтақтап, соқыр үмітпен қарап жүргенім де сол. Айыпқа бұйыра көрме, бауырым.
meirzhan
«Кунгфу Пандадағы» Шифу сэнсэйден де қаталсың-ау ұстаз. Методикаңды алғашында түсінбеппін. Сынау арқылы шынықтыру.
Gastarbaiter
Мүмкін. Міне саған үйге тапсырма:
Егер алғашқы ескертуімнен кейін Википедиядан физиогномистиканы оқып үлгермеген болсаң, қазір барып оқып көрудің еш сөлекеті жоқ.
Келесіде құлаққа әдемі естілген экзотикалық сөздерді әңгімеге қыстырмас бұрын мағынасын біліп алуды ұмытпа.
Ақ халатты абзал жандарды өмірлік серік еткің келмесе, резонерлік әрекетті қой.
meirzhan
— Бір сұрақ қоюға бола ма? (бір қолын көтеріп рұқсат сұрап тұрған смайлик)
резонерлік деген не?
Сіз айтқан ақ халатты абзал жандар псих. больницада істей ме? яғни соны меңзеп тұрсызба? (қайта орындығына отырған смайлик)
жауап күтіп, тыңдап тұрған смайлик
Gastarbaiter
Гугл мынадай жауаптар беред:)
Резонерлік ойлау – қойылған сұраққа әңгіме тақырыбына мүлде қатынаспайтын қажетсіз ойлар беріледі.
Резонёрство — «склонность к бесплодному мудрствованию», «словесная опухоль» (И. П. Павлов). Речь изобилует сложными логическими построениями, вычурными абстрактными понятиями, терминами, нередко употребляемыми без понимания их истинного значения. Если больной с обстоятельностью стремится максимально полно ответить на вопрос врача, то для пациентов с резонёрством не важно, понял их собеседник или нет. Им интересен сам процесс мышления, а не конечная мысль. Мышление становится аморфным, лишенным чёткого содержания. Обсуждая простые бытовые вопросы, больные затрудняются точно сформулировать предмет разговора, выражаются витиевато, рассматривают проблемы с точки зрения наиболее абстрактных наук (философии, этики, космологии). Подобная склонность к пространным бесплодным философским рассуждениям часто сочетается с нелепыми абстрактными увлечениями (метафизической интоксикацией).
meirzhan
Мен резонер дегенге марқайып қалсам))
жынды сияқты түннің бір уағында күліп отырмын. емое. дәл айтылған екен. соншалықты дәл айтылған что мынаны өзің шығардың ба деген күдік, күдік, күдік
Gastarbaiter
Ештеңе етпейді)) Он үшінші палатада, әлі бір-екі бос койкалар болуы керек, главрачпен сөйлесіп көрейін.
meirzhan
сөйтші. бұл уақытша ғой, ә. содан кейін алып кетесің ғой, ә. қалдырып кетпейсің ғо?

резонердің сипаттамасын өз профайлыма қоймасам
Beytanis
Футбол қарау да сондай. Біреудің жүгіргенін қарағанша, өзім жүгіріп сергіп алғаным жақсы:)

Шынайы футболдың не екенін қайдан білесің? Тілерсегіңнен бір тепсе лазареттен бір-ақ шығарсың.
Gastarbaiter
Жазым болса, лазаретке түспек түгіл өліп те қалам, амиго, сонша тістенгенің не?
serjan
Өйтіп лепіретіндер өз достарының арасында ғана солай әзілдейді. Бұл жәй ғана әзіл қасындағыларды күлдіру үшін айтылған. Соған бола қолшапалақтап қостайтын түк те жоқ.
sigma
Лобочевский геометриясын жақсы оқығанмен бильяд ойнай алмайды екенмін.
Мектепте оқытатын Евклид геометриясының бильярдқа түк қатысы жоқ.

Бильярд дегенің физикадағы кинематика, динамика тарауларына келеді егер есептеудегі адам факторын есепке алмаса.
Былайша айтқанда, шарлардың соқтығысуы ( импульс заңдары), шарлардың бір-бірімен және сукномен үйкелісі (динамика, күштерді жіктеу), шарлардың үйкеліс әсерінен және ұрған кездегі үдемелі қозғалысы (нютон атаның 2 заңы), тссс
Gastarbaiter
Бильярд шарының орнына тірі тышқан болса, онда физикаға қоса зоология, инстинкт, шартты -шартсыз рефлекстерді де зерттеуге тура келеді:)
sigma
Шартты-шартсыз рефлекс демекші, ой, бір рахаттанып ойнап жатырғанда зәр шығару рефлесі келіп қалып, кәйіп бұзылғандағы түріңді көрсем ғой
Khan
Менше, бильярд ойнау үшін қайсыбір ғылымды өліп қалған жерінен тірілтіп алып керегі жоқ. Ептілік пен тәжірибе өзінікін істейді. Болады ғой, неге олай соғып тұрғанын түсінбейді, бірақ соққан шары домалап түсіп жатады. Сұрасаң, түсіндіріп бере алмайды
Gastarbaiter
Ептілік пен тәжірибе өзінікін істейді. Болады ғой, неге олай соғып тұрғанын түсінбейді, бірақ соққан шары домалап түсіп жатады.

100 пайыз келісем.
Сұрасаң, түсіндіріп бере алмайды
100 пайыз келіспеймін. Сұрасаң, «Геометрия» дейді. Тіпті «дурак» кіріп кетсе де)))