Жастар не болып барады?!

(Бұрын жарияланған.)


 
Қазір осындай әңгіме көбейіп кетті: www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=36804

Қазір десем қателесемін-ау бұл әңгіменің тарихына тереңірек үңіліп, ғаламтордан мынадай деректерге кезіктім.
"Өкінішке орай, әлем бұрыңғыдай емес. Балалар әке-шешесін тыңдаудан қалды, әркім кітап жазғысы келеді. Ақыр заман жақындап қалды»
— б.з.д. 3350 жыл Присс Папирусында жазылған сөздер

****

"Қазіргі жастар нашар тәрбиеленген, қымбат нәрселерді жақсы көреді, бастықтарына күліп, өзінен үлкенді сыйлауды білмейді. Қазіргі балаларымыз қатыгез, олар бөлмеге үлкен кісі крігенде тұрмайды, ата-анасына қарсы келеді. Қысқасы өте нашар."

Сократ б.з. дейінгі 380 ж.

Қазіргі уақытта әлем өзінің ақырғы күндерін басынан кешіп жатқандай. Қайда барсаң да парақорлық пен коррупция...

—— Месопатамияда табылған қыш қумандағы жазу. б.з.д 3000 ж. шамасында

«Бір құлағы мүкіс қарт айтпақшы, баяғының малы маңырайтын еді, қазіргі малдар аузын ашады»
— Қазақ фольклорынан


***

Ия, қысқасы бұл қыртыңбай әңгіме жалғасып келе жатқанына 3000 жылдан асыпты. Ойлап көріңізші, адамзат қолына тас тиіп, тауға сурет емес, жазу қашай бастағанынан бастап-ақ жылануға бейім болған екен. Кеше былай еді, Кенесары кезі жақсы еді, Патша кезі жақсы еді, Сәбет өкіметі жақсы еді, қазір жастар былай боп кетті бітпейтін былжыр, пайдасыз бос сөз.

Шын мәнінде, кез-келген адам әлемге жаңа келгенде бәрін қызығушылықпен, «Уау шешес, нәғылдит!», «Мәссаған, мынаны қара!» деген таңырқаушылықпен келеді. Есейе келе бұрын жақсы болған нәрсе көзге күйік болады, таңырқаудан көрі, мін тағу көбееді. Жақсы нәрседен көрі жаман нәрселер көбейген сияқты болады. Ал кейін әр жерің сырқап, өз күшіңмен өзіңді асырай алмай, біреуге күнің қарағанда тіпті бүкіл адамзат нашарлағандай сезіледі.

Бір түрлі боп қалдыңыз ба? Жарайды нәскиге түскен көңіл күйіңізді бәлкім төмендегі әзіл көтерер.

Екі шал бұтақтың түбінде ұлы дәретте отыр екен. Біреуі екіншісіне:
— Шал, есіңде ме бұрында жұмыртқамыз жерге тиетін еді ғой, ә?… депті.

Сөйтсе екіншісі:

— Әрине есімде… Ех, әттең жер де баяғыдай емес, шөгіп қапты...- деген екен.

ПЫСЫ: Жазбаға қатысты пайдаланылған тарихи дәйексөздер мен анекдот үшін Орнеттің "ұлағатсыз сөздер энциклопедиясына" алғыс білдіремін.
Бөлісу:

18 пікір

konvict
Көпке топырақ шаша алмаймыз. «Бір ғана құмалақ-бір қарын майды шірітеді». Сондықтан бұл жерде «Жастарымыз» деп жар салудың қажеті шамалы. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, бұндай жолды ойлау түгілі, түстеріне де кіріп шықпайды. Өзінің туған баласын тастап кету деген не сұмдық, орманда жүрген қасқырда, суда жүзген балық, ауда ұшқан құс, өрісте жүрген сиырда да инстинкт бар. Оның қасында адам- жануардан да жаман болып тұр ғой!!! Бұл жастардың ақылының таяздығынан көруге болады. Сонымен қатар осыны қадағалайтын құзырлы органдардың әлсіздігінен. Бұндай жолға қатаң заң керек және тиісті жаза (бас бостандығынан өмір бойы айыру әйелдерге қолданылмайды.) Соны енгізу керек, әлі көзін ашпаған, өмір көрмеген балаға қалай дәті барады тастауға.) өйткені бұл Біз үшін алып дертке айналып барады.
Ahi
Адамзат тарихында ұрпақтар қайшылығы немесе әке мен бала мәселесі бітпейтін даулы мәселе. Біздің кезімізге дейін бұл мәселені Платон да, Аристотель де, Сократ та талқыға салған. Мәселен, «Қазіргі жастардың бойлары молшылық пен сән-салтанатқа үйренісіп қалды. Ысырапшылыққа құмар олар жаман әдетке бейім, танымал тұлғаларды жақтырмайды, үлкендерді сыйламайды. Балалар ата-аналарының тілін алмай, тамақты қомағайлана жейді де, ұстаздарға қарсы сөйлейді» — деп Сократ өз мұңын шағады. Дей тұрғанмен, ең алғаш ұрпақтар қайшылығы мәселесін З. Фрейдтің «Түс жору», «Тотем және табу», «Мен мен Ол» еңбектерінде қарастыруымен қалыптаса бастайды деп есептелінеді ғой негізі. Фрейдтің шәкірті Д. Аусбель де осы тұрғыдан зерттегені белгілі. Л. Фойер кезінде былай деп жазған еді: «Ұрпақтар қайшылығы – тарихта әрдайым қайталанатын тақырып. Ол адам баласында әу бастан бар табиғи қасиетіне негізделген. Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан қоғамдардың тарихы – ұрпақтар қайшылығының тарихы болып табылады. Қарттар мен жастар, әке мен бала, тәжірибелі ұста мен жас қара жұмысшы, кәрі профессор мен жас студенттер уақыт өте келе алғашқы қауымдық кезеңіндегідей қоғамда өктемдікке қол жеткізу үшін бір-бірімен таласады. Бұл тартыс қадым заманнан бері келе жатыр, кейде құпия түрде, кейде анық күйде; ол ешқашан жастардың толық жеңісімен аяқталмайды, себебі олар үлкендерді толық жеңейін деп қалғанда, өздері орта жасты алқымдап қалады». Былайша айтқанда, бітпейтін тақырып… Бірақ… кім біліпті
Gastarbaiter
Осындай салмақты мәліметтерді жазшы, көшіріпсалсаң да:)
Beytanis
Жамандықтың бір жақсылығы бар!
ushkin
Қай кезде де үлкендер жастарға көңілі толмаған.Қай заманды алып қарамаңыз, жалпы жастар тобына аға буын өздерінің өкпелерін артатын болған.Біз де кейін қартайғанда жастарға көңіліміз толмай отыратын болармыз)))
satibaldi
Біз де кейін қартайғанда
Өзіңізге ұзақ өмір жазып алуыңызға жол болсын, 2012 ше?
Gastarbaiter
Ол енді заңды ғой, бірақ қартаймай жатып, баяғыда пәлен еді, түген еді деп ақсақалситын жастар бір жерден тесіп шығады деп ойламаймын. Қартаймай жатып жігері құм болған лузерден не шығатын еді?
Beytanis
Оны ойлап соншама емешегің езіліп тұр ма?!
Gastarbaiter
Жоқ, бірақ байқаусызда сенікін езіп қойдым ба деп отырмын.))
balzaminka
Есіме түсіп отыр, әдебиетте осы Құнанбай мен Абайдың, ескі мен жаңаның қақтығысуы деген бар еді ғой. Сонда Абай жақсы да, Құнанбай жаман болып отырады. Неге сол Абайды жақсы деп қабылдайтын қазіргі халық өз жастарымызды да солай қабылдай алмайды деп түсінбейтін едім, әлі де түсінбеймін.
meirzhan
«Абай жолында» кеңестік идеология жоқ емес.
Абайдың заманында керісінше сол дәуір адамдары үшін Құнанбай жақсырақ, түсініктірек болды. Қалай түсінікті етіп жазсам екен. Сіз "қазіргі халық" деп тұрсыз ғой, яғни сол сіз айтып тұрған халық Абайдың заманында өмір сүрсе сіз айтқандай жақсы қабылдамас еді. Біздің қазіргі жастарымызды келешек ұрпақ жөн екен ғой деп түсінуі мүмкін. Бірақ дәл қазіргі аға ұрпақ дұрыс, жақсы қабылдамайды. Бұл өмірдің заңы. Сонау тарихтың түбінен келе жатқан өмір заңы. Сократ, Мысырдағы жазбалар бұған куә.
Тарих ғылымы болмаса, біз осындай түйіндерге келмес едік. Қоғамдық ғылымдарға топырақ шашатындардікі дұрыс емес-ау осы.
Arhun
Менімше, тәрбие эволицияменен қатар жүретін құбылыс секілді. Демек 100 жылдан кейін ар кодексінің нормативі өзгереді де, қазырғы тәрбие келешекте дағдылы, әдетті болып кетеді.
Beytanis
Өнеге керек. Сөз сөзбен, нақтылы іс-әрекет арқылы көрсету керек жастарға. 10 жасар балаға аузы арақ сасып, боғауыз араластырып сөйлейтін әкесі я ағасы қалай «арақ ішпе!» «боқтанба!» дей алады? Бір аулада тұратын балалар қақтығысып қалса, "қойыңдар!" дегеннің орнына «аяйсың ба, ұр жақсылап» дейтін ата-аналар қайғылы жағдай бола қалса кімді кінәлайды? "Өмір көрсін, емін-еркін өссін!" деп қараусыз қалдырылған бала түрлі орталардың ықпалына ұшырап, әбден жүгенсіз кеткен соң ақылға көне ме, ұят дегенге пысқырып қарай ма?
Nurzhol
Жоғарыдағы құзырлы орган деген пікірге қосылмаймын. Органдар адамның азат санасын түсіне алмайды. Оларға су тасығыш есектік міндетіңді мінсіз атқарып, «көппен көрген ұлы той» деп отар қойша анда-мында айдала берген жағады. Өз санасымен анализ жасап, өз пікірін еркін білдірген адам «айналасындағыларға» көп жаға бермейді. Себебі, ақ пен қараны ажырататын адам бұл өмірде сирек. Өмірдің өзі қайшылыққа толы. Бір пікірді бәрі жақтағанымен, ертең ұрпағың бүгінгі пікіріңе түкіре қарауы ғажап емес. Себебі, айналып келгенде өз пікіріңнің жоқтығынан, басқалар не десе, соған қосылып «жаман аттан» аулақ болу үшін қалыптасқан көзқарас.

Біз тарихты оқығанымызбен, даталарды жаттап, есімдерді еске сақтағанымызбен, тарихтан сабақ алуды әлі ұқпаған екенбіз. ©?
Nurzhol
Әлі есімде. Балалықпен жасаған «бұзақылықтың» сазайын тартып тұрған кез еді, қасымдағы озат оқушының жігері жетпей, принципке сүйеніп, жігіттік моральдық санаға жат, арине үлкендердің тілімен айтқанда, тәртіпті баланың қадамын жасады. Моральный урод.
Aizhantabyn
біздің сыныпта бір бала болатын, бұзақы болғанда енді мега бұзақы, бірде озат баланы да қосып, бірдеңке жасапты, уже есімде жоқ. Сонда, әлі озат баладан көңілім қалып, қатты «разочарована» болғаным түсті есіме)))
Озат бала түк жасамаса да, сатып кетпей, бәрімен бірге жауап берді, қазір ғана ұғып жатырмын ғой «красава» екенін))
boztorgai
Жастар не болып барады
жастар күЧті боп барады

айыбы: бала іздейді әкесін, сұрағанымды тауып берсе деп ©
Arys_arlany
әр ұрпақ өз заманының эгоисттері