МҰНЫ БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН!

Ж А Д Н А М А
1. Көшеде діни ұйымның жиналысына шақырған уағызшылармен әңгімелеспеңіз.
2. Кез келген діни бірлестіктің сеніміндегі адаммен және уағызшыларымен өз діни көзқарасыңыз жайлы таласқа түспеңіз.
3. Егер де Сіз діни ұйымның құрылымы туралы білгіңіз келіп, сұрақ қойсаңыз, мұны ешбір агрессиясыз және жасырын кекесінсіз істеңіз.
4. Егер Сізге діни тақырыптағы парақша, кітапша немесе журнал ұсынса, рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Діни жиналысқа барардан бұрын алдымен өз жолдастарыңызбен, туысқандарыңызбен, не болмаса жақын адамдарыңызбен кеңесіңіз.
6. Егер де Сіз діни ұйымның жиналысына қатыссаңыз, миссионер-уағызшылардың негізгі мақсаты Сізді өз нанымына иландыру екенін ескеріңіз. Сіздің мақсатыңыз – іріткі діни ұйымның құрығына түспеу.
7. Діни жиналысқа жалғыз бармаңыз, өзіңізбен туысқаныңызды немесе жолдасыңызды ала жүріңіз.
8. Ешбір жағдайда бір-біріңізден ажырамаңыздар, бұл туралы алдын ала уағызшыға ескертіңіздер. Егер жетекшілер өз дегенінен қайтпаса, кеткендеріңіз жөн.
9. Жан саулығы мен тән саулығын сақтау үшін дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына қосылардан бұрын өз туысқандарыңыз бен жақындарыңызға зардап тигізетіңізді ойланыңыз.
10. Миссиялардың, дәстүрлі емес шіркеулердің, діни ұйымдардың қатарына қосылып, жетістік пен тыныштық табамын және өмірлік мақсатыма жетемін деп ойламаңыз.
11. Сену немесе сенбеу таңдауы тек қана Сіздің еркіңізде, сондықтан шешім қабылдардан бұрын алдымен оның қажеттілігі жайлы ойланыңыз. Ойланып, дұрыс қабылданған шешім Сіздің жан саулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтауы мүмкін.

Тоталитарлы ұйымдар, миссиялар және
шіркеу қызметтерінің негізгі белгілері

— дәстүрлі діннен және ілімнен бөлек басқа іріткі ұйым мүшелерінің дәріптеуші діни ілім уағызы;
— басқа діндерді әдейі сынау және сол дінге сенушілерді «құдайдың жазасы» күтіп тұр деп сендіру;
— іріткі ұйымның бас жетекшісі және уағыздаушысы болып табылатын харизмалық қолбасшысының болуы;
— іріткі ұйым көсеміне жақын және онда басқару қызметіндегі адамдар тобының болуы;
— белсенді миссионерлік қызмет, соның ішінде — көшеде сұхбаттасу, үнпарақ тарату, электронды БАҚ бағдарламаларын көрсету;
— әлеуетті дінге иланушылар қатарына тарту мақсатында көпшілік қатысатын іс-шаралар өткізу;
— іріткі ұйымға түскен кәмелетке толмағандарға баса назар аудару;
— қамқорлық көрсету;
— іріткі ұйымды белгілі бір бағыт бойынша топтарға бөлу;
— психотехниканы пайдалану;
— жаңа ұйым мүшелеріне арналған арнайы діни оқу өткізу;
— жалған діни «кереметтерді» жұрт алдында көрсету үшін жарымжанды немесе психикасы қалыпсыз мүшелерді тарту;
— мүшелердің физикалық тұрпатын өзгерту үшін, оларға діни аттар қойып және діни дәрежелер беріп, арнайы культтық киім киюлеріне талап қою;
— қатаң діни тәртіпті сақтау;
— әлеуметтік қорғалмаған адамдарды ұйым ішіне тарту үшін, оларға қамқорлық пен материалдық қолдау көрсету;
— ақша төлеуді талап ету, яғни «десятиналық» төлемге отырғызу;
— әдебиетті тегін және жиі тарату;
— жастарды қызықтыру үшін діни жиналыстарды өткізуде жаңа әдістерді пайдалану;
— ұйым кәсіпорындарында ақысыз жұмыс істеу, діни әдебиеттерді сатумен қайыр жинауды талап ету;
— білімге аса көңіл аудару, өздерінің оқу орталықтарын құру;
— кітапханаларға, мәдени және білім мекемелеріне әдебиеттерді тегін тапсыру;
— ұйым ішінде күзету, насихаттау және басқа да міндеттерді шешу үшін арнайы бөлімшелердің болуы;
— сенушілерді ұйымға қосу мақсатында — балалар және жастар мекемелерін, оңалту орталықтарын, жазғы лагерлер мен бірлестіктер құру.
Іріткі діни ұйымдарда болудың зардаптары

Культке тәуелділіктен құтылғаннан кейін де отбасындағы қолайлы жағдай мен психолог маманның көмегіне қарамастан, адам өзін әлуеметтік ортадан бөтенсінеді. Мұндай адамның әдеттегі қиындықтары:
· Жеке ерекшеліктердің бұзылуы
· Торығу
· Шешім қабылдаудағы тәуелділіктен туындайтын қиындықтар
· Өз өмірін бақылаудан және еркінен айрылу
· Жан жарақатынан кейінгі күйзеліске байланысты жабырқаушылық
· Баяу психологиялық даму
· Табиғи еріктілігінен айрылып, әзіл түсінуден қалу
· Психологиялық жағдайдың нашарлауы, сонымен қатар галлюцинациялардың, үрей мен мазасыздықтың ұстамалары, бағытынан адасудың, паранойяның, тұлғаның ішкі қайшылықтарының болуы
· Культтан тыс достық қарым-қатынас орнатуға қабілетсіздік
· Ұйқының бұзылып, қорқынышты түстер көру
· Сексуалдық қиындықтар
Іріткі діни ұйымның қатарынан шыққаннан кейін бұрынғы адепт абыржулы күйде болады (ұйымға қайта оралуға себеп болатын жағдай).
Тоталитарлық іріткі діни ұйымның бұрынғы адептісіне жалған діндегі өткізген уақыттан туындаған психологиялық қорқынышқа тәуелсіз шынайы орта мен толыққанды өмірге оралуына жан-жақты көмек көрсету тек оның туысқандары мен жақындарының ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың және қоғамның да міндеті болып табылады.
С О Ң Ы Ң Ы З Д А Н Қ А Л М А Ғ А Н
У А Ғ Ы З Ш Ы Ғ А О Н С Ұ Р А Қ

1. Қашаннан бері топта мүшесіз?
Алдымен алдыңызда тұрған адамның кім екендігін біліп алғаныңыз маңызды. Топ құрамына енгеніне аз уақыт болған адам болса, оның жауаптары да соншалықты шынайырақ болады. Өз сұрақтарыңызға нақты жауап беруді талап етіңіз.
2. Сіз мені белгісіз бір ұйымға тартқыңыз келе ме?
Көп жағдайда ол Сіздің өзіне ұнап қалғаныңызды айтып, Сізді бір іс-шараға қатысуға немесе өз білгенімен бөлісуге шақырады. Әңгімені әрі жалғастырасыз ба, әлде сыпайы, бірақ қатаң түрде бас тартасыз ба? Өзіңіз шешіңіз.
3. Сіздің тобыңызбен байланысы бар басқа ұйымдарды атап беріңіз?
Бұл сұрақты қоя отырып, сізбен әңгімелесуші адамның тоталитарлық ұйымдардың біреуіне қатысын біле аласыз. Мұндай ұйымдардың түгелі дерлік өз жанынан ұйымның мүшесі болуы мүмкін адамдарды шошытып алмас үшін бүркенші ұйымдар құрады.
4. Сіздің тобыңыздың негізін қалаушысы немесе жоғарғы жетекшісін атаңыз?
Бірден барынша дұрыс жауап алуға тырысыңыз. Сіз жауап естімеуіңіз де мүмкін.
5. Ұйым басшысының өткен өмірі және алған білімі қандай?
Басшының шынында да сол адам екенін білу маңызды.
6. Сіздің топ неге сенеді? Мақсатқа жету үшін әртүрлі амалдарды қолдануды қажет етеді дегенге сенесіз бе? Кейбір жағдайларда адамды алдау дұрыс деп ойлайсыз ба?
Көпшілік жинаушылар өз ұйым ілімін көшеде түсіндіруден бас тартады. Олар Сізді қадала өздеріне шақырады.
7. Егер сіздің ұйымыңызға кірген жағдайда өз өмірімді қалай өзгертуге тиістімін? Неден бас тартуым керек? Нені құрбан етемін?
Сізге еш талап қойылмайды, бұрынғы өмірлік жолыңызды жалғастырып, алдыңызға қойған талаптарға бөгетсіз жетесіз деп сендіреді. Бұндай жағдайда күмән тудырыңыз.
8. Өз ұйымыңыздың қызметін даусыз деп ойлайсыз ба? Ұйымыңызға қарсы шыққандар қандай дәлел келтіреді?
Бұл сұрақ әңгімелесушінің қандай деңгейде мәліметтенгенін немесе ашық және шынайы сұхбатқа дайындығын көрсетеді.
9. Ұйымның бұрынғы мүшелері туралы Сіз не ойлайсыз? Олардың ұйымнан шығу себептерін білесіз бе? Сіздерге ұйымнан шығып кеткен адамдармен қарым-қатынас жасау рұқсат етіле ме?
Бұл сұрақ Сізге көп нәрсенің басын ашып береді. Ешбір беделді ұйым бұрынғы мүшелерімен қарым-қатынас жасауға бөгет етпейді. Іріткі культтерде жағдай басқаша.
10. Ұйымыңыз бен жоғарғы жетекшіңіздің өзіңізге ұнамайтын үш жағымсыз жағын атаңыз?
Ешқашан ешбір іріткі ұйым мүшесі ұйымның осал жақтарын ашып айтпайды. Оларға өз ойларын айтуға, өз ұйымы мен жетекшісін сынауға тыйым салынады.
мына жерден
Бөлісу:

71 пікір

konvict
4. Егер Сізге діни тақырыптағы парақша, кітапша немесе журнал ұсынса, рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
Егер сен өзгенің кітабын оқымасаң оның ағым екенін қайдан білесің? Бүйтіп жадынама жасағаны құрысын. Оданжа діни ағымдарға тиым салмай ма?
meirzhan
діни тақырыптағы парақша, кітапша немесе журналдарды тықпалауының өзі күмән туғызады. Бұл секта екенінің бірінші сигналы. Осы кезде ішкі рухани әлемде сирена ойнау керек. сигнализация сияты.
KILYZAMAN
Дұрыс айтасың… Бекер дүниенің ішіндегі нәрседе еш маңыз жоқ.
Ahi
Түсініксіз пунктері көп екен…
қамқорлық көрсету
бұны қалай түсінуге болады?!
qisyq
Қандайда бір діни ұйым өзінің қатарын көбейту үшін қамқорлық істер жасайды, демеушілік танытады (мәселен, жетім балалар үйіне заттай көмек көрсетеді деген сияқты).
Мен осылай түсіндім.
bizbike
кәдімгідей, қамқорлық қаржылық немесе психологиялық болуы мүмкін. Мысалы «Иегова куәгерлері» басқа қалаға барып уағыз таратқан адамды баспанамен қамтамасызы етеді деп айтты соның бір мүшесі. Қиын жағдайда болсаң, сені тыңдап, кеңес береді, жұбатады, міне осы қамқорлық адамдарға қатты әсер ете ме деп ойлаймын. Өйткені ол бәрі одан теріс айналып кеткен деп есептейді, туыстары да, достары да.
nurjanbay
мешіттерде айтылатын мына уағыздарды тыңдап әуре болмаңдар:
1 ақида
2 фатиха сүресінен кейін "әмин" айту туралы
3 хиджап
4 мәсіх тарту
5 жәннәт
6 дозақ
7 көр азабы
8 бидағат
9 ширк
10 сақал
11 балақ
12 «дәлел»
13 тұмар
14 жеті нан тарату
15 өлген аруаққа құран оқыту

миларыңды улағаннан басқа пайда таппайсыңдар *54
asaubota
мешіттерде кімдер тарапынан айтылатын уағыздар? имам ба әлде мешітте жүрген діндәрлардан ба?
nurjanbay
имам да айтады, мешітте жүргендер де айтды (имам мешітте жүруге рұқсат бермесе жүрмес еді ғой), соткаға видеосын жазып алып бір біріне таратады, керекинфода да айтады (@Ahi сияқтылар)
айтпақшы тізімге "қиямет және кіші қияметтерді" қосуды ұмытып кетіппін ғой *54
TERISKEI
@nurjanbay мырза, аяқастынан неліктен мұндай шешімге келгеніңізді білуге бола ма?
nurjanbay
вахаббизм, салафизм, хизбуттахрир, дағуатшылар, тәкфіршілер, куранидтер, нұршылар, сүлейменшілер, тағысын тағылар тек телевизорда ғана айтылып, тек қана шетелдерде ғана жарылыстар жасап жатқан нәрсе емес. олар біздің арамызда. өріп жүр. осындайда көздерің көрмей қалады.
timurrr
Осылардың қатарына зікіршілер һәм исматуллашыларды да қоса кетуді ұмытпағайсың *54
nurjanbay
менің өзім сопылар мен зікіршілердің қатарындамын. сол себепті бұл тізімге қоспадым *54
timurrr
hehe demek kauiptilerdin biri sen boldyn goi?
birzhan
Дұрыс жаздың. Исматуллашылар жайлы видео:
VKM
Артық болмайды, тыңдаса)Ликбез ғой білмейтіндерге. Ал сіз мешітке жиі барғандықтан, жалыққан шығарсыз
nurjanbay
Артық болмайды, тыңдаса
@KILYZAMAN не деп отыр, домбырам не деп отыр :)
Ojdan
"қиямет және кіші қияметтерді"


вахаббизм, салафизм, хизбуттахрир, дағуатшылар, тәкфіршілер, куранидтер, нұршылар, сүлейменшілер, зікіршілер, исматуллашылар немесе салафшы емеспін!!! оны неге қостың?
немесе постыма қатысы жоқ па?
nurjanbay
"қиямет және кіші қияметтерді"
бұлар уағыздардың тақырыптары. сосын «халал мен харам», «сауап пен күнә», «мұсылман мен кәпір», "құрандағы кереметтер", «ислам дініне кірген ғалымдар, шоубизнес жұлдыздары және атақты спортсмендер» деген тақырыптар да бар
Ojdan
постыма қатысы жоқ па? ))
nurjanbay
пост? түсінбедім
nurjanbay
сенің жазғандарыңнан «біреулердің» айтатын дағуат-уағыздарының негізгі «темалары» есіме түсті. сосын жаздым. бірақ сенің баланың әңгімесін айтатының рас
bizbike
имам ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтады. Өйткені дінге жаңадан бет бұрып жатқандар осындай ұсақ нәрселерді білмеуі мүмкін. Ал осы ұсақ жайттар бойынша кімнің кім екенін аңғару да қиын емес. Сондықтан бас ауыртуға тұрарлық жайт бастапқыда.
konvict
Сонда мешітте не тыңдау керек? Соны да жаза кетесіз бе?
satibaldi
1. Көшеде діни ұйымның жиналысына шақырған уағызшылармен әңгімелеспеңіз.
@Ahi, скоры сенде тіпті жама'ат қалмайтын түрі бар!!!
timurrr
Қилызаман бауырым, ана Құранды алып таста да басқа сурет сал. Христиан сектанттар көп шығар, не сионистер ме бірдеңке. Неге дін, іріткі дегенге Құранды қоясың? Мына түріңмен мұсылман баласының ашуына тиесің! О, тоба, Иеговалықтардың бір суретін таппадың ба?
KILYZAMAN
Солайма еді?.. Орынды сын. Қазір онда
KILYZAMAN
Мына суретше?
edige
Дротик дәл тиді ))))
timurrr
Rahmet! jaksylau, degenmen dini iritki degende mindetti turde naizanyn ushyn musylmandarga tigizu kerek degen kagida jok bolar? Nege bask dindegi missionerlerdi almaska? Moiyndaimyn, Islam dininin ishinde de iritki salushylar bar. Degenmen kalai bolganda da musylmandardy tukyrtyp ketudi tusine almai-ak koidym. Mysaly men musylman retinde Islamga katysty kez-kelgen negative elementke keshirimsiz karaimyn. Ozin makalada dasturli emus dinder turaly aitasyn da, sure tine Kuran men namazdy koiasyn. Keshirip koigyn, bauyrym, bolmaidy musylmandarga bulai diskriminacia jasauga…
KILYZAMAN
Дін сөзінен кейінгі үтірде көөөп мағына бар. Сәл дамылдап алсаңыз болды, келесісі басқа мағынадағы ілмек бола қалуы әбден мүмкін. Дін сөзі тек мұсылмандарға қатысты деген ойдан аулақпын. Құдайдың жалғыз екенін түсіне алмаған пенделері Қой терісін жамылып бір-біріне қорқаудай қарап келеді емепсе? бесплатный хостинг изображений
timurrr
Ne jazsan sony jaz, birak musylmandardyn jandy jerinen eki aiaktap tepkendi koiu kerek! Mysaly sen menin kasietti gibadatymdy kulki etip tursyn! Vot imenni, din sozi tek musylmandarga tan emus koi? lade iegova men saentologyn, ne baska da iritkilerdin surety kuryp kaldy ma? Nazarbayev aityp edi, Islam alemge emes, alem Islamga kauip tondi rip tur dep. Bauyrym, keshirgin, birak eger sen musylman bolsan dinindi korgauyndy talap etemin! Musylmandar oz dininie ozderi karikatura salyp,kulkigeainaldyryp jatsa, baskalaryna ne joryk? Makalana dauym jok, durys! Birak Islamga kir keltirmei jazshy jazatynyndy. Otinish, Allah razylygy ushin! Rahmet
Onlasyn
+1. Өте дұрыс (деп ойлайм),қосылам…
nurjanbay
ал мен бұл суреттен дінді қарумен таратамыз дейтіндерге жасалған карикатураны ғана көріп тұрмын. исламға қауіп төндіріп тұрғандар солар.
Ақтаудың түрмесінен қашқан «мұсылмандар», Дагестанға «джиһад» жасауға барып қайтыс болған қазақтың жас жігіттері, Атырауда зираттарды талқандаған «батырлар», тағы басқалары туралы естімеген шығарсың.
timurrr
Estigenmin! Adam mal bop tuylgan son sola jasaidy goi. Jok jerden «jihadshy» bolady. Ozinin emus ozgenin elin «korgauga» attanady. Koldarynan keletini mola kiratu. Ondai maldardan aulakpyn.

Men tagy da estigen mynadai da maldar bar! Olar jurttyn balalaryn podvalda kamap ustap, Ismatullaga konbegenderdin tilin kyskashpen tartady eken. Sharigatka boilamai jatyp, tarihatka bet burady eken. Kairan Abay atam osyndai maldar turaly, «Kazakhtyn tarihatshy boldym degeni — adasyp bastagany» degenin de estidim. Sharigatsyz tarihat tul degendi estidim. Maldardyn kaisibirin tugendeiyn…
nurjanbay
Ozinin emus ozgenin elin «korgauga» attanady.
сенің ойыңша «джихадты» өз елінде жасау керек пе? жетіскен екенбіз
timurrr
menin sozimnin ishinde sondai angime bar ma?
timurrr
soy sure tin jaksy- koi terisin jamylgan kaskyr! Keremet!
Onlasyn
Шынымен, неге мұсылмандардың тағзымының суреті болу керек?
Басқа сурет таппай қалдыңыз ба?
Өз дінімізге сәл құрмет көрсетейік те.
KILYZAMAN
Құрмет ішкі тазалықтан басталмайма?..
timurrr
Kurmet ishki tazalyktan bastalatyny beseneden belgili, alaida ol degenin syrkty kurmetti muldem tastap koiu degen soz emes!
KILYZAMAN
Құранды құрметтеп суретін жоғары қойып едім, алғызып тастадың…
Арамыз таза болсын, өтірік сәждешілерден сақтаналық деген оймен қойған суретімді тағыда жақтырмадың… Осымен доғаралық босқа мыжғылауды. Аллама бәрі аян. Ол жүрегімде!!!
timurrr
Keshirshi bauyrym, Kurandy kurmetteu degen soz ony sektanttar turaly makalaga koiu degen soz emes!

Otirik sajdeshiler… Ya, okinishke karai ondailar bar. Onyna esthete demeimin. Menin aitpagym — sektanttar turaly soz bolganda musylmandardy bir turtip otpesen de bolatyn edi goi?

Bauyrym, bosky myjgylap, erigip otyrgan eshtenem jok. Jumysym baseman asady! Men sagan Allah razylygy ushin dep otinish jasap otyrmyn! Al juregindegide sharuam shamaly! Magan jurttyn juregine unilu mindettelmegen!
edige
Жаны қиналып жүрген бажамның басын айналдырвапты сондай… лар.
Шал дейд тағы: «5 жыл тоңқайып өмірім заяға кетті, осыған кірдім жақсы болды. Қайтыс болар алдында Анам да осы дінде кетті» деп ары қарай «Кредит алып берем» «Жұмысыңда жолың болады» «Жоғары лауазымды адамдармен танысасың, жұмысты боласын деп…
darabala
Өткенде поезда келе жатып естігем, бір жақсы-жақсы бизнесі өрлеп тұрған жігіт ағасы осындай «бірдеңкелерге» ұрынып, ақыр аяғы банкрот болып калыпты-мыс. (Естігенім болғасын ғо). Негізі мұндай алдаудың шырмауығына ілінгендер көп қо…
Ojdan
вахаббизм, салафизм, хизбуттахрир, дағуатшылар, тәкфіршілер, куранидтер, нұршылар, сүлейменшілер, зікіршілер,
исматуллашылар, миссионерлердің қысқасы секталардың ҚАЗАҚСТАНҒА ешқандай пайдасы жоқ!
Аталарымыздың традиционны жолында жүру керек!
nurjanbay
қандай жол ол? өзің сол жолмен жүріп жүрсің бе? біздерге де көрсетсейш. жүрейік.
айтпақшы ҚМДБ-ның Қазақстанға пайдасы бар ма?
Ojdan
тыныш намазымды оқып, оразамды ұстап, зекетімді беріп…
артымды қысып
konvict
артымды қысып
жүре бер біреуді жамандағанша
Ojdan
зиянды нәрсені айту жамандау болып саналмайды
konvict
Артынан сөйлеу туралы дәріске бармағаның көрініп тұр
nurjanbay
ол да мешітте айтылатын «тема» екен ғой. "ғайбат сөйлеу"
konvict
Бауырым сен ананы тыңдама, мынаны тыңдама демей тыңдайтындардың тізімін жаса.
Ojdan
«Ұятсыз туралы айту ғайбатқа жатпайды.» (И. Адий)
Ojdan
ғайбат жаман нәрсе! күмәнім жоҚ!
«Күнәһардың жағдайын айтудан тартынбаңдар, халық оның зиянынан сақтансын.» (Табарани)
бұл ғайбатқа жатпайды!
өтініш!!! білмей қыстырыла бермеші!!!
konvict
Сен оның күнәһар екенін қайдан білесің?
Ojdan
«Күнәһардың жағдайын айтудан тартынбаңдар, халық оның зиянынан сақтансын.» (Табарани)
nurjanbay
менің туған ауылымда мешіт бар. имамы ауылдың адамы. мешітке «сақалдылар» келіп маза бермейді екен. шамасы «3 күн, 40 күн» дағуатқа шығатындардан болса керек. "қонып кетейік, мұсылманбыз ғой" деп. бір кіріп алған соң өздерінің понятияларын ауылдың адамдарына пияхать етпей ме. сосын ауылдың үлкендері сақалдарын қырқып, өздерін сабап «көкелерін көздеріне көрсетіп» жіберіпті :)
timurrr
40 kun shildehanaga shygatyn Ismatullashylardy da soitip sabap alu kerek! men ushin vahhabbit pen ismatullittin darejesi birdei. Ekeui de kauipti!
Ahi
Нұржанбай, сіз біресе Құранды ертегі дейсіз, біресе мешіттегі уағыздарды тыңдама дейсіз, күннен-күнге түрлі-түрлі "өнерлер" шығарып келе жатырсыз ғой. Құранды ертегі санайтын бірде-бір ислами ағымды білмейді екем, ең жаманы деген ана исматуллашыларға да татымайды екенсіз
Ojdan
ҚМДБ-ның Қазақстанға пайдасы бар ма?
оны солардан сұра
Tyulpan
қорқынышты. өзім үшін емес, басқа, жақын адамдарым үшін қорқамын… стержені жоқ адамдар көрінгеннің жетегінде кететін сияқты ((
bizbike
ау халайық! бір нәрсе сұрайын деп едім. Осы емшілер туралы не ойлайсыздар? Анығырақ Ақтөбеде Қыдыр Ата деген бар. Тегі Еңсепов. Сол туралы қазақ.ру форумында оқыдым, көп адам мақтайды. Мақтағанда да бір түрлі табынатын сияқты ма, қиындық бола қалса соған жүргіреді сөздеріне қарағанда. Сосын сеанстарында ана атамыз «жығыл» деп айтады дейді. Сонда адам жығылып, жылай ма, әйтеуір бір түрлі, ұнамады сол жері. Әкемнің бір жиені барған оған, содан кейін жолым ашылды, басқа жұмысқа орналасып, үйлі болдым дейді. Өтірік дейін десең, емнен кейін адамға сараптама жасаттырады екен, әр сараптама сайын емнің нәтижесі оң болатын көрінеді. Адамды тәртіпке салады дейді әр-түрлі ғибратты әңгімелермен, сенбейін десең жоғары білімі жоқ, бұрын сантехник болған адам олай істей ала ма екен?