Көлсай - армандарымның бірі

Естуімше, Көлсайға барған да арманда, бармаған да арманда екен. Соңғы уақытта пайда болған армандарымның бірі осы Көлсайды көру. Ғаламтордан жеке турист ретінде қалай жетуге болады деген ақпаратты іздеп таппадым. Мүмкін болса, ақпарат беріп кетсеңіздер: қалай? қайдан? қашан? қанша қаражат керек?
Бөлісу:

47 пікір

omarbirat
Мен де барғым, көргім келеді.
Zilola
Ерболдан сұрасаң болады
monti
менде барғым келеді :), жазда тым ыстық, тек көктем/күз жақсы дейді.
Балзам, негізі бар ғо, алматыда тур фирмалар көп апаратын 10 мың төңерегінде. 2 күнге барып келесін, жұма шығып, жексенбі кешке үйде боласын. гид т.б. керектің бәрі бар, КЗ сервисі бойынша ;)
balzaminka
Ол турфирмаларды көрдім, тек мен өзім жеке барғым келеді. Болады ғо, белгілі бір жерден отырасың ауыл автобусына, сөйтесің де, барғың келген жерге барып, тұрғың келген жерде тұрып дегендейін, тек қана табиғаттың құшағында болсаң, құлақ ұрған тыныштық… ооот мен осыны хочу
satibaldi
А ключи от квартиры не хочешь?
balzaminka
мәрт адамның қолын қайырмау керек дейді ғой, бірақ Сізді дәл сондай мәрт деп ойламаппын ))
Zilola
онда Алматыға келси, бірге барамыз
satibaldi
Айтып тұрған жоқ па, жалғыз өзім барам деп?
balzaminka
Сол Алматыға бара жатырмын, Алла жазса екі аптадан соң боламын
neoman
Мен палатка мен тамағымды салып ап, екі көлдің ортасына палатканы құрып екі күн жатқам.
Сондықтан қаласаңыз, палаткаңызды ала барып, табиғатпен жеке қалыңыз
… Табиғатпен тет-а-тетті жоғарыдан аюлар келіп бұзып жібермесе, әрине (бір кісілер аю көрдік деп бөсіп жүрген айтеуір… тамағым дәмді бола қоймады ма білмеймін, маған қонаққа соққан жоқ)
balzaminka
енді сол жерге қалай жетуге болады? қайдан және неге отыру керек?
neoman
Ол жағын білмеймін. Мәшинемен және рөлде мен емес.
Just google it
neoman
Гуглде алғашқы шыққаны:
www.onyxtour.kz/content/init/17/

10 мың теңге деген көп емес қой. Мәшинемен барсаңыз сондай баға болады бәрібір, жол жаман тағы.

Немесе Сайран жаққа барып, Саты деген елдімекенге қалай жетем деп сұраңыз. Қатынайтын автобусты көрсетер. Меніңше, ұтқан күнде де сәл-ақ ұтасыз
balzaminka
онда бір шала байыған күні брау керек болды ))
monti
тау керек десен, шарын, тау түрген т.б. таулар бар 3000 т. көлемінде ;)
monti
аю көрдік деп бөсіп жүрген айтеуір
Талғар жақтағы тауда да аю болады екен ужас, охраналар айтқан кезед шошып кеттім))) сосын фуйййй жыланды көп кезіктірдік, басында ужас болатынмын, күн аяғына таман көз үйреніп кетеді екен :)
balzaminka
жыландар бар ма? ммм, су жылан?
monti
жыландар бар ма? ммм, су жылан?
Көлсайды енді білмедім ;)

мен барған Талғар тауындағы жағдай: таудың етегі, тау толған жылан екен. Алғаш дәу жыланды көргенде, алдымда келе жатқан орыс ағайдың арқасына рұқсатсыз шығып кеттім))) сосын, қой жағдайым келмейді бармаймын дегеніме, қоймай жанымдағы альпинистер лестіріп алды))) фуй есіме асам жүрегім тоқтап қала залдайд тура))) топырлап жатыр ғо жыландар((( нешеме түр/түсі бар екен. таудың ең төбесінде сап/сары алтын түстес, аппақ жыландар түрі болды((((
balzaminka
мда, ордалы жыландар жойылған екен десем, бар екен ғо
Erbol
Көлсайда аю жоқ. Ішіп алған адам аюлар болмаса))))
monti
«тур/дикарем»… былай шығын жағынан, бірдей болатынын білген соң көлсайға, мен со автобусқа отырып дикарем бару жағын қоя салдым))) себебі 2 адам жүру қорқыншты сиқт КЗда
balzaminka
мына жақта қорықпай жүргенде өз елімде қорқып не көрініпті))
satibaldi
Бар, бірақ сендердегідей сыбызғыға билемейд.
balzaminka
Сатекесі, әддемі ғо сол билегендері
satibaldi
Атағы тіпті Үндістанға дейін жайылған неткен құтты мекен болды бұл?
neoman
Атағын Марсқа дейін жеткізуге болады, пиардың және сервис-инфраструктураның жетпей тұрғаны

Қазақстандағы ең әдемі жер
satibaldi
Қазақстандағы ең әдемі жер
Қарқаралы деп жеп отыр еді ғой @kilyzaman?
balzaminka
Сатекесі, ҚЗның барлық жері де құтты ғой
satibaldi
Сиырдың етін жесе де ме?
balzaminka
құрт-құмырсқа емес қой әйтеуір
Aikona
Ол жаққа саяхаттан Саты деген ауылға баратын таксилерге, маршруткаларға отырасыз, бірақ ол жерден келісіп алыңыз көлсайға апарып келесің деп. Себебі Сатыдан ары 80 км болуы керек, нақты білмеймін. Бірақ бұл өз көлігің болмаса тиімсіз. Сондықтан бәріміз жиналып көлік жалдап барайық.
monti
Сондықтан бәріміз жиналып көлік жалдап барайық.
АКОН, көлік жалдай сау қаладан қиын емес, жатын жер керек. оны нақтылап алмай, КЗның екінші шетіне бару ажь :) үйлерді инет арқылы тауып(егер олар инетте контактысы болса) броньдап барып барган дұрыс шығар ;) қазір тым демалушылар көп шығар со үшін, жатын жер бомай қалу қаупі бар :(
balzaminka
Алла жазса мамырдың жиырма екісінде Алматыда боламын, әрі қарай Атырауға жол жүру керек. Осы маршрутты белгелеп алсам деп билет алмай отырмын. Сіздер не дейсіздер? Қай күн ыңғайлы?
Барып-келу қанша уақыт?
AKY
Рахат шығар, бәрің менсіз қыдырайын дееееп(((( Тож хачу!
balzaminka
раз хочешь, келгін ;)
Erbol
Көлсай туралы, былтыр көктемде аз-маз ақпарат болсын деп жазып едім. Ас болсын))) azanbekov.wordpress.com/2010/05/28/көлсай-туралы/
balzaminka
Рахмет!!!
Оқыдым және де түйіп алдым.
Жылқыны жалдау тым қымбат екен
Erbol
Жылқының қажеті де жоқ, жаяу жүргенге жетпейді.
balzaminka
Енді табиғатқа шыққанда атқа мінбей қалу күнә шығар :)
Erbol
Барам десең ат тауып береміз ғой.Класстастарым бар сонда жылқы болып кеткен, соларды мінесің)))
balzaminka
Рахмееттт! Міндетті түрде барамын, көптен арман болып жүр, армандардың тізімін жаңа армандар басатын уақыт келді :)
AKY
Реті болмайын деп тұр. Іші күйіп барад)))
Zilola
«Бурабайға барайық» деп өз сектаңа адам тартсай :)))
Ол жақты да көру арманым, сенің арқаңда көріп қалайын :)
AKY
Дабайте, только шілденің 2-жартысында. Бурабайдың сұлулығы Көлсайдан асып түспесе, кем емес))
balzaminka
Бурабайдан гөрі Зерендіні мақтап жүр қазіргі ел. Бурабайда кісі көп, қымбатшылық. Былтыр Щучинскідегі бір лагерьге бардық, сол жақ қатты ұнады Бурабайдан гөрі. Қаланың сыртында орналасқан, бірақ орман арасында, құлаққа ұрған тыныштық, желмен тербелген ақ қайыңдар, жұпары аңқыған неше түрлі гүлдеррр, обшым керемет жер, сол жаққа баруға кеңес берер едім :)
Erbol
Сатыдан 15 км. 80 емес.
Erbol
Көлсай туралы блогымдағы ақпаратты Керекке көшіріп салып қойдым. Қалай баруға болады т.б сұрақтарға жауап табуға болады.