Ұлытауда болдыңба...

ҰЛАР

Құстар жайлы деректерге қарасақ, ұлар – салмағы үш келідей, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсас, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөкте­рінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұра­ды екен. Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді. Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.

Бүгінде саны азайып бара жатқан бұл құс Алтай тауларында көп деседі. Халық медицинасында адам жарақат алып, сүйегі сынған кезде ұлардың еті ем болады екен.дерек көзі
***************************************************************************************************************
Бөлісу:

6 пікір

KILYZAMAN
...Ұлар құстың
Ұясында өлейін,
Ұлытаудың
Ұшпасына жерлесін.
Мен жатайын бұлт қонақтап төсіме,
Өр кеудеме шығармайын өңгесін!...
Мына жерден
KILYZAMAN
«Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» – дейді қазақ. Ұшар басы бұлтпен түйіспесе де, о құдірет, қазақ осы таудың басында ұлығын хан көтерген. Содан соң хан сол биігінде қазақтың басын қосып, елдік мәселесі жайлы мәжіліс құрған. Тарих доңғалағы Ұлытаудың құзыретін алғанымен, құдіретін ала алмаса керек. Әлі күнге Ұлытау десе, елеңдемейтін қазақ жоқ. Бірақ… Кие іздеп барған жұрт иесіз жерге тап болғандай болмай ма?! Ұлытаудың бүгінгі бейнесі қандай?
жалғасы
Abilakim
Ұлытауға бардың ба? Ұлар қайда?

Ұлы қайғың уылжып тұрар бойда.

Ұры тісің секілді у сезімің,

Уын жайып уілдеп тұрар ма ойда…
Жүрсін Ерман
edige
"Ұлар" шарабын ішкем кезінде
a63a1
Ұлытаудай ұлының.
Шулап жатыр ұлары.
Баса алмайтын ізіңді.
Ізбасарға телмірдім.
Сыбызғыдай сызылды.
Толқындары Кеңгірдің. депте жырлап кеткен екен
KILYZAMAN
Демек, ел аузындағы — „Ұлардың к*тіндей шулап„ деген теңеу дұрыс емес болды ғой…