Бозторғай мен Қасқалдақ...

Халқымызда — тыныштық пен бейбіт өмір жайлы мақал мәтелдерінде көп аталатын құстар бозторғай мен қарабауыр қасқалдақ. Олай болуына осы құстардың табиғи болмысы себеп болдыма екен?
торғай тәрізділер сабына жататын сайрауық құс. Түсі сұрғылт, тұрқы кішкене, көде мен жусан тектес өсімдіктердің түбін паналайды. Көктем мен жаз айьларында жұмыртқалайды,2 ден 6 ға дейін жұмыртқа салады. ұясын бұта түбі, шөп арасы қатарлы аласа жерге салады. Жаз мезгілінде, әсіресе, шағылысу мезгілі көктем мезгілінде аспанға әуелей ұшып ұзақ сайрайды. Бозторғай дүниенің әржерінен кездеседі, түрі өте көп. Қазақстанда көп кездесетіні төбесінде айдары бар түрі, оны ғылымда Моңғол бозторғайы дейді…
Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей деген жолдар бар, табиғатпен тумысынан етене туған Қазақ халқы, осынау сайын даланың сары құсын өзіне жақын серік етпесіне кім кепіл… Бозторғай тынышрықты төтенше сүйетін құс, ұясына озгелер жолп кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік маңып береді, осының айғағы ретінде Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп атасады.
Дерек көзі

Күй-аңыздар
Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт-дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй — аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: «ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар», — деген сөз тіркесі мен аяқтайды. Авторы беймәлім «Бозторғай» атты ежелгі күй- аңызда өз балапандарын жыланнан қорғап, жанын қоярға жер таба алмайтын бозторғай туралы әңгімеленеді. Әуендік пьеса домбыра даусымен бозторғайдың қорқынышы мен жан арпалысын, балапандардың бәйкүнә дауыстарын, ана- бозторғайдың ұяны жыланнан қорғауға тырысып, аластау жолындағы қанаттарының қағысын домбыра даусымен береді, күй бозторғайдың балапандарын құтқару үшін жылан аузына түскен өлім алдындағы шарасыздығымен аяқталады. Мұнан да күрделі мазмұнды күй -аңыз «Көбік — шашқан» деп аталады. Оны XIX ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы су тасқынына байланысты атақты күйші Құрманғазы өмірге әкелген. Бұл шығармада күй ел басына төнген апатты, адамдар мен жануарлардың жан айғайларын берумен ғана шектеліп қалмай, халықтың мұңы мен зарын тасқын төңірегінен алып шығып, тарихи тағдырының да тасқын сияқты ауырлығын көрсетеді. Мұндай музыкалық шығармалар авторларына тек композитор ретінде бір жақты қарауға болмайды. Олардың әрқайсысы осы әуенге сәйкес аңыз- әңгіме де шығарады. Мысалы, авторы беймәлім "Қара жорға" күй — аңызында Абылайханның қазақ -қырғыз ұрысында қалмақтардан тартып алған жүйрік ат туралы тамаша әңгімесі бар. Сондай-ақ «Ақсақ құлан, Жошы хан» күй -аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаһарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде қалды, — дейді аңыз. Саймақтың «Сары-өзен» күйі де жан — дүниені ерекше баурайды. Қалмақ тұтқынынан қалмақ қызымен қашып шыққан Саймақ туған аулының орнын сипап қалады, өз қайғы -мұңын сыбызғымен білдіреді. Атақты Құрманғазының да әрбір күйі оның өз жанынан шығарған аңыз- әңгімесімен әдіптеледі. Мысалы, «Кісен ашқан» күйі оның патша түрмесінен қашқандығы туралы баяндаса, «Лаушкин» тұтқында болған кезінде орыс қызы Лавочкинаның өзіне көмектескендігін, оны сүйгендігін әңгімелейді. Күй — аңыздарда қазақ фольклорына тән сипаттамалық белгілемелер араласып келеді. Олар: аң -құс туралы ертегі («Бозторғай»), тарихи ән («Көбік шашқан»), жоқтау («Сары өзен»), және естірту («Жошы хан») және т. б. болып келді. Қазақ фольклорының бұл түрінің маңыздылығы сол, есте сақталатын сазды әуенмен қоса бүгінгі күнге дейін айтулы аңыздардың, өткен күндер бейнесі мен оның авторларының атын жеткізгендігінде дейміз. Ән мен сөз өнерін бір жерге тоғыстыру, оны үндестік заңына бағындыру — қазақ өнерінің тарихи жолындағы аса сирек құбылыс ретінде бағаланады.дерек көзі
Бөлісу:
  • 2

3 пікір

KILYZAMAN
(44.08 Kb, 551x430) Мына құс — Қарабауыр қасқалдағымыз… Ол жайлы ғаламтордан қазақша мәлімет таба алмай қойдым :-(
Дейтұрғанмен:
“ЕСЕНҒАЛИДЫ ҚАТЕРДЕН ТАПҚЫРЛЫҒЫ ҚҰТҚАРДЫ”
— “Қара бауыр қасқалдақ” әнi саяси астармен жазылғаны Кол­биннiң де құлағына жеткен екен. Содан ол әннiң сөзiн жазған Есенғали Раушановты дереу шақыртып алады. КГБ-ның адамдары алып кетiп бара жатқан ақынның iшкi жан-дүниесi, әрине, әп-сәтте әлем-тапырық болған ғой.
— Мына өлеңнiң астарында не жатыр? — деген бiрiншi хатшының сұрағына ол:
— Геннадий Василевич, бұл өлең Арал теңiзiнiң проблемасына арнап жазылған. Қасқалдақ деген құс­тың­ қаны – тоқсан түрлi дертке шипа. Ал қазақтың түсiнiгi бойынша, шүрегей деген құс сол қас­қалдақты түрткiлеп көлден қуып жiбередi екен, — дептi.
— А-а, солай ма, жарайды онда, өте тамаша жазылған өлең екен, — дептi сонда Колбин. Есенғали бiр қатерден өзiнiң осындай тапқырлығымен құтылған көрiнедi.
Бiрақ қауiп бұлты мұнымен сейiлген жоқ. Сол бiр қиын кездерде Есенғали ақын Шардарадағы маған “Заман құбылып тұр, ертеңгi күннiң не болары белгiсiз” деп, телефон шалған соң, мен Қызылқұм­ның қойнауына сiңiп, мал бағып кеткен күндерiм де болды.
мына жерде қызық мағлұмат бар екен
KILYZAMAN
“ҚАСҚАЛДАҚҚА” БИЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ”
— “Қара бауыр қасқалдақ” әнiнiң мағынасын бiреу түсiндi, бiреу түсiнген жоқ. Бiрақ жаңа стильдегi ән болғандықтан, ол жас­тар арасында кең тарап, оған той-жиындарда жаппай билеу кең етек алды. Сол бiр кездерi газет-журналдарда журналистер, өнер адамдары, жалпы зиялы қауым өкiлдерi “Бұл әнге билеуге болмайды. Халықтың рухын көтерген, нағыз патриоттық әнге билеу – кешегi Желтоқсанға қатысқан жастардың төгiлген қанының үстiнде билеу” деген мағынадағы мақалаларын жазып жатты. Содан берi бұл ән көбiне Желтоқсан оқиғасының қарсаңында айтылып келедi.
1991 жылы Дiнмұхаммед Қо­наев­ ақсақал Түркiстанға зиярат етуге келген сапарында
— “Қара бауыр қасқалдақ” әнiн шығарған сазгер осы Шым­кенттiкi көрiнедi. Сол жiгiтпен кездессек, — деген тiлегiн айтыпты. Димкеңе жолықтыру үшiн менi Шардарадан арнайы алып барды. Қазығұрт ауданында жолықтық. Осындағы аудан басшысының үйiнде отырып әндi Димекеңе бiрнеше мәрте орындап бердiм. Димекеңнiң көңiлi толқып: “Қазақтың қай қиырына барсам да менi “Қара бауыр қасқалдақ” әнiмен қарсы алып жүр. Өзiң де қазақтың қара баласы екенсiң, рахмет саған!”, — деп ризашылығын бiлдiрдi.
Ал Есенғалимен 1993 жылы Алматыда досым әрi жерлесiм, ақын-ғалым Бауыржан Қарабеков жолықтырды. Оны Ұлықбек Тұң­ғышбаев деген азаматтың үйiне арнайы шақыртты. Есенғали кездесуде өзiнiң жаңадан жарыққа шыққан “Қара бауыр қасқалдақ” деген кiтабын маған сыйға тартты.
бұлда сол жерден