Уыз

Сіздер байқадыңыздар ма, байқамадыңыздар ма білмеймін...Өзім байқадым, мен инет әлемінен екі-үш күнге жоғалып кеттім. Бірлік пен татулық күнін күтпей-ақ өзіме белгілі себептеріммен ел жаққа тартып кеттім. «Ауыл деген жақсы ғой» демекші бір сергіп қалдым. Қымыз ішіп үлгермесем де (жайлау жақтарда бие байлағандар бар екен негізі) сүр ет жеп, көктемгі сары уыздан дәм татып келе жатқан жайым бар. Білмейтіндерге түсіндіре кетейін.
Уыз деп жас төлдеген малдардың сүтін айтады. Уызға жарыған, жарымаған деген тіркестер осыдан шықса керек.Себебі уыз сүттің құнарлығы керемет. Көктің шығып жатқан кезіндегі қою,қаймағы мол сүт. Жас бұзау енесінің барлық сүтін тауыса алмайтындығынан сауылған сүтті суға қайнатады. Мысалы: Сүт құйылған ыдысты су құйылған ыдыстың ішіне салып. Міне осының нәтижесінде пайда болатын сүт өнімі уыз деп аталады. Дәмі… дәмі енді керемет! Мынаған ұқсайды деп айта алмаймын. Майлы сүттің уызы сарғыш, майы аз сүттің уызы ақ болады.
Бөлісу:

24 пікір

konvict
Өзім байқадым, мен инет әлемінен екі-үш күнге жоғалып кеттім
Байқампаз екенсің ау А??
Уыз деген керемет қой. Суытып жесең дәмі аздап сырға келетін секілді.
Aizhantabyn
өмірімде ешқашан уыз ішіп (жеп) көрмедім. Не екенін де білмейм ((( бәрі керемет дейді, бірақ дәмін айтып жеткізе алмайды.
Abilakim
Жеуіңе ұсыныс беремін,әсіресе осы уақытта. Уыз ішу дегеніңіз ол «Майский қымыз» ішу шығар. Сол кездерде қымыздың құнарлығы керемет болады. Адамды масайтып тастайды
Aizhantabyn
kaidan alam? Dukende saitpaidy goi deim :((
Abilakim
Ауылдық жерлерде туыстарың жоқ па? Немесе сөз салып жүрген жігіттерге шарт қой.
Менен үмітің болса уыз әкел дегендей…
Aizhantabyn
екеуі де жоқ болса ше? Сау бол уыз келесі жылға дейін))
Бұйырғаны күні татып көрермін де…
Janasil
Ауылға тұрмысқа шығу керек!!!
Aizhantabyn
хехе, сыйыр сауып білмейтін, отын жағып білмейтінді кім алсын)))
konvict
Ешкім іштен біліп тумайды. Үйреніп кетесіз
Zilola
мен де ішкім келеді, өмірімде көп болса екі мәрте ғана ішкен шығармын, соның өзінде бала күнімде.
balzaminka
Айжан, мен де білмеймін ше :) Бұйырса, көрерміз ;)!!!
Наурызкөжені де Айнаның арқасында алғаш жеп көрген едім осыдан екі жыл бұрын
Aizhantabyn
ooo, soulmate :D
Byirganyn kutip jurmin. Nauryz kojeni men de eku uw jyl buryn algaw iwip korgem, onyn ozi homemade :D
Janasil
Дұрыс айтасың! Уыз керемет!!!
madlen
уызбен жаман ассоциация калган менде. Бала кезимизде уйде сиыр биринши рет толдеген куни мамам уызын алып асуйге койып койган гой. Али ешким ишип улгермеген еди. Тунде печка ошип калып, газ уйге тарап кеткен. Ешким сезбепти. Тун жарымда мамам жылап баримизди тургыза алмай жур. Енди ужас болд. Уланып калдык баримиз. Оны айтпай-ак кояйын.Сосын ертенине козимди ашканда, сразу уызды кордим де, ужас, ужас, журегим али кунге дейин айниды.
Мунда просто уыз деп жазылып турганнын озинде, балалык кундеги калган страшные воспоминания келди коз алдыма :(
Aizhantabyn
ujas! ALLA saktap kalypty… Negizi osyndai ulanyp kalu kaupi bar dep papamdar jer uige kowe almai jur. Astanadagy uilerdin bari de pewpen eken, ortalyk jylu beru juiesi jok eken. :(
Menin bir apaiym, akemnin ulken apkesi bir toida juyrma wakty adamdy aman alyp kalgan sondai ulanudan. Eki ui bop jatkan goi. Bir uide ozderi, ekinwi uide konaktary. Soitip apaiym tunde bir narseden oiyandym da, algi uige barsam, tutin degen jaman bop jatyr. Soitip barin oiyatkanwa, aikailap aren alyp wyktym deidi. Tek besiktegi bope gana aman kalypty. Onyn ustin (besiktin) kopewemen jauyp tastagan goi, suyk timesin dep.Voooot. Sondai ujas eken goi ol gaz degen.:(
men mysaly wawlyk jei almaim! Vawe iisinen kuskym keledi. :(
madlen
aaaaa, Aizhan, men de wawlyk jei almaimyn. To est' jei alamyn, no potom jaman bolady, tak 4to riskovat' etpeimin :( Sondai jertvalar :)
TERISKEI
jerva — деген не, Мадлен ханым?
Aizhantabyn
мен де жаман болап, бір рет уланып))) бәрі аман есен, тек мен ғой уланған сонда) содан бері он жылдан асты, әлі қарай алмайм)
жертва болғанда айтпа)
Abilakim
Бізде қай жылы екені белгісіз бірақ күні есімде дәл 1 сәуір күні ыспен (түтін) уландық. Жайлауда болғанбыз, ауылдан келген ағаларымыз сенбей қойды.
madlen
ulangan degen jaman nase eken ne de bolsa.
oilanyp otyrmyn endi, uyzdy jep korsem ne bolady eken dep. sonwa jyl otti goi…
Erkekyz
Менде бұрын екі-ақ рет ішкенмін. Дәмі есімде қалмапты.