Тұмар қалай көмектеседі?!

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Оған күш беретін біздің санамыз.
Яғни адам қиналған кезінде әлдебір сыртқы күштерге сүйенгісі келеді.
Мәселен экзаменде бес алған көйлегім маған басқа экзамендерде немесе жұмысқа алғаш тұрғанымда көмектескендей болды. Бірақ Дружба зауыты ол көйлекті шығарғанда, «осы Гастекең сабақтан құламасын, кіл беспен оқысын, сүф-сүф», деп оқытып берген жоқ. Жәй, психологиялы тұрғыда, сол көйлекті кигенде, сана түбі деңгейінде менің бойыма сонау алғашқы емтихан кезіндегі өз күшіме деген сенімділік, жоғары көңіл күй ұялайды.
Ал өздерің білетіндей, жүрегінде әлденеге сенімділік, жоғары көңіл күйдегі адамның миы да, тән құрылысы да ойы шашыраңқы, үмітсіз, сасқалақтаған адамға қарағанда қарқынды жұмыс жасайды.

Кез келген тұмар, талисмандар тап осы принциппен жұмыс жасайды деп ойлаймын.
Әлбетте мен тұмар мен талисман тақпау керек дегенім емес.
Егер сіз өзіңіз соған сенсеңіз тағыңыз, неғұрлым берік сенсеңіз, соғұрлым көмегі де зор болады. Бірақ есіңізде болсын, мұның механизмінде сырттан келген әлдебір сиқырлы таңғажайып күш емес, өзіңіздің ішкі ресурстарыңыздың оянуы жатыр. Және оған себеп болған тітіркендіргішке қаншалықты мән берсеңіз, ол соншалықты күшке ие болады.
Әрине компьютеріңізді қанша оқытып, дем салдыртып, тұмар тақсаңызда, антивирус орнатпай өзіңізді қажетті дәрежеде қауіпсіз сезіне алмайсыз.
Бөлісу:

15 пікір

konvict
Әрине компьютеріңізді қанша оқытып, дем салдыртып, тұмар тақсаңызда, антивирус орнатпай өзіңізді қажетті дәрежеде қауіпсіз сезіне алмайсыз.
Уахахаха! Мен компьютерімді молдаға оқытқанмын. Қазір вирус кірмейді. Антивируста тұрған жоқ
KILYZAMAN
NOD32 — молдекең үздіксіз демаслып тұрады компыма :-)
Aizhantabyn
Мен алтыншы сынып оқып жүргенде әкем алтыннан жасалған кішкене жүрек сыйлады. Соны мойныма тағып жүрдім. Сол жылы алғаш рет емтихан тапсырғам, бестік алып шықтым да, кейін мойнымнан тастамайтын болдым. Жолымдағы барлық емтиханды тапсырып, пересдача дегенді білмейтінмін. соған қатты сендім. Бірақ, қазір тақпаймын. Өйткені, оның бәрі де өзің айтпақшы психологиядық фактор. ))
Бала көңіл деген керемет қой. Екі грамм алтынға әлемнің барлық сыйқырын сыйғызып қойған))
direct
біртүйір мал сиіп тастаған топырақ
өртейсің құрдас :))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
+1)
nurjanbay
институтағы бір мұғалім кемпір қағаздарымды шығарып берш деп менің соңымана қалмай қойды. қырсыққанда күнде шығарып тұрған пирнтер істемей қалды. әрі шұқыладым, бері шұқыладым. принтерді де комптыда сөндіріп қостым. контактілерін тексердім. печатқа жіберсем қағаз шығармайды. қолымнан келмеді. кемпірден принтер істемей қалды деп құтылдым. ол кеткеннен кейін принтер істеп кетті. сонда менің кемпірді жақтырмаған көңіл-күйім принтерге әсер еткен бе?
Gastarbaiter
принтерді де комптыда сөндіріп қостым
Мәселені шешуге біраз күш жұмсамағаныңызға қарағанда солай сияқты.
Ahi
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер сендерден біреу өз бауырында немесе өз-өзінде, немесе өз мал-мүлкінде оған ұнап қалған бір нәрсе көріп қалса, сол үшін береке тілесін, өйткені расында көз тию — бұл ақиқат» (Мәлик 1678, Ахмад 3/486, ән-Нәсәи «Сунән әл-Кубра» 10036, Ибн Мәжәһ 3509. Хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбәни хадисті сенімді деп атады. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’ әс-сағир» 4020).
satvaldo
әл Әлбәни дегеннен кейiн түсiнiктi болды қай ауылдың баласы екенiн. ещо мойындамайсын кеп…
a63a1
әл Әлбәни дегеннен кейiн түсiнiктi болды қай ауылдың баласы екенiн. ещо мойындамайсын кеп…
@satvaldo осы жерден ликбез жазып жіберсең
Onlasyn
шейх әл-Әлбәни хадисті сенімді деп атады.
ық.ық.ық.ық
a63a1
қай ауыл ол?
Onlasyn
Ол ауыл «Уаххабшылар және Салафшылар ауылы» деп аталады…
kaztarih
заттардың адамдардың әсер етуіен белгілі бір болмашы энергиясы болатыны белгілі ғой. ал Сәләфилерге сенсек тұмар да ширк, үкі де ширк.
a63a1
лібә бәрі құрысын атам салған жолмен жүрем, Ө_Ө
kaztarih
лібә прост сақалды браттарға сенбейм, туысқаным Албантегі болса да лібә