Нұх пайғамбардың өз ұлына қалдырған өсиеті
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шын мәнінде, Аллаһтың пайғамбары Нұхқа (оған сәлем болсын) ажалы жақындағанда, ол өз ұлына: “Мен саған “лә иләһә иллә-Лләһты” өсиет етемін, өйткені ақиқатында, егер таразының бір жағына жеті қат аспан мен жеті қат жерді қойса және екінші жағына “лә иләһә иллә-Лләһты” қойса, онда таразының осы сөз тұрған жағы ауыр тартады! Және де мен саған ширкті тыйым саламын”» деді (Ахмад 6583 және хадисті сенімді деп атаған әл-Хәким 1/148. Сондай-ақ, “әс-Силсилә әс-сахиханы” 134 қараңыз).
3 пікір