Уаһабилік немесе "сәләфилік"
Бүгінгі жан-жақты жетілген ірі әрі қауіпті діни-саяси ағымдардың бірі. Бұл ағымды ХҮІІІ ғасырда Сауд Арабиясының Нәжд өлкесінде Рияз қаласы маңындағы Ұяайна елді мекенінде дүниеге келген Мұхаммед ибн Әбдәл-Уаһаб ибн Сүлеймен құрған. Сондықтан бұл ағым соның атымен уаһабилік деп те аталады.
«Сәләф» сөзі қасиетті Құранның бірнеше жерінде кездеседі. «Алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ислам ғұламаларының көбінің пікірінше мұсылмандардың алдыңғы үш толқыны сәләфилер деп аталған. Олар – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары, табиғиндер (сахабаларды көргендер) мен табаға табиғиндер (табиғиндерді көргендер) исламның әуелгі үш ғасырында өмір сүрген. Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне ғана сүйеніп, соған сай амал еткен. Сондықтан да олар классик сәләфилер, хақ жолдағылар саналды. Ал, қазіргі «сәләфилер» өздерін сол бұрынғылардың жолындамыз дегендерімен, шын мәнінде атына амалдары мен іс-әрекеті сәйкеспейді.
Бұлар мұсылмандарды Аллаһтың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидағат амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдай қалпына келтіру, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айналдырып алған.
Бұл ағымның негізін қалаған Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб ханбали мәзһабының негізінде алғашқы діни сауатын әкесінен ашып, Құран кәрімді жат алды. Кейін Мекке мен Мәдина, Басра мен Бағдадта да білім алды. Көп жыл араб елдерінің дерлік барлығын және көрші мемлекеттерді де аралап көрді. Әкесі дүниеден қайтқаннан кейін өз еліне оралып, діни жетекшілік қызметін бастағаннан көпшілік оны жақтаушы мен қарсылас болып екіге бөлінді.
Бірнеше бәдәуи араб (көшпелі шөл тұрғыны, діни білімі шамалы) тайпасының қолдауымен ол XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан өзінің саяси күресін кең ауқымда жүргізе бастады. Араб елдерін біріктіру деген ұранмен шыққан бұл әрекет көп ұзамай Саудтың саясатына, кейіннен осы әулеттің ресми идеологиясына айналды. XIX ғасырдың басында бұл қозғалыс Арабия түбегінің көп бөлігіне жайылды.
Уаһабилер отаршыл ағылшындардың көмегімен қаруланып, Осман түріктерімен аяусыз шайқасты. Сондықтан да османдықтар ұстанған ханафи мәзһабын «кәпірлердің мәзһабы» деп жариялады. Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб өзіне дейінгі мұсылмандарды қасиетті Құран мен сүннадан ауытқып келген деп санады. Олар сопыларды мүшірікке шығарып, дінсіздерге, зекет бермейтіндер мен намаз оқымайтындарға қарсы жиһад жариялады. Қаншама қан төгілді.
Сәләфилер немесе уаһабшылар дүниауи мәдениетке, өнерге (музыка, театр, көркемсурет және т.б.), тарихи ескерткіштер мен мұраларға да наразылық білдіріп, оны кешірілмейтін күнә санайды. Идеологиясын іске асыру үшін үкімет билігін күшпен құлату керек деп, сол жолда кез келген содырлық әрекеттерден де тайынбайды. Осы ниеттеріне жету үшін дінді тек бетперде ретінде ғана пайдаланады.
Бұл қозғалыстың тарихта қалдырған қанды іздерінен көптеген мысалдар келтіруге болады. ХІХ ғасырдың басында өте күшейген уаһабилік қозғалыс бірінші жауыздығын жасап, сахаба Зайд ибн әл-Хаттабтың (р.а.) Жұбайдегі сағанасын аяқ асты етті. Мекке, Мадина қаласындағы барлық қабірстанды, тіпті Айша (р.а.) мен Фатима (р.а.) аналарымыздың, көптеген саңлақ сахабалардың да сағаналарын қиратты. 1810 жылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың мешітін талан-таражға салып, дүние-мүлкін сатып жіберді.
Олардың пікірінше тәспі тартуға да, мешітке садақа беруге де болмайды. Пайғамбарлар мен әулиелердің зираттарына зиярат етуге де қарсы. Тіпті алғашқы уаһабшылар қажылыққа барғандардың пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) асыл сүйегі жатқан орынға зиярат етуіне де тыйым салды.
Бұл ағым белсенділері жалаңбас, сақалын өсіріп, тобығына дейін қысқартылған шалбармен жүреді. Өздерінің дағуаты үшін мәзһаб ұстанбаса да ханбали мәзһабының жетекшісі имам Ахмад ибн Ханбалдың, ибн Таймийдің, Мұхаммед әл-Қайим әл-Жаузияның кітаптарын пайдаланады.
Бұл ағым ислам әлемінде түрлі ағымдардың тууына жол ашты. ХХ ғасырдың басында уаһһабилік ағымды үлгі тұтатын діни реформалық әрекеттер де жасалды. Олар: Суданда «Маһдия», Ливанда «Мадрасат Санусия», Мысырда Мұхаммед Адбуһудің ағымы, Жамаләддин әл-Ауғанидің медресесі және Үндістандағы бірнеше ағым. Бұл ағымдардың барлығы да ислам әлемі ХІV ғасырдан бері мойындап келе жатқан төрт мәзһабты мойындамай, мұсылмандар арасына іріткі салуда. Бұл ағымдардың салдарынан алғашқы үш ғасырдағы мұсылмандар мен қазіргі заманғы мұсылмандардың арасы тым алшақтап кеткен. Бұл ағымдар ислам дініндегі шариғат мәселелерін әрқайсысы өзінше түсіндіреді. Бұл ағымдарды ұстанушылар ислам дүниесіне жайылып, түрлі мемлекеттерде түрліше көріністе жүр. Мысалы, Алжирде ибн Бадис француздардың ассимиляция саясатынан өздерінің ұлттығын сақтап қалу және тассауф (сопылық) тарихаттарына қарсы күресуші тәлім ретінде қалыптасқан.
Ұстанымдары да әр елде әртүрлі: Аллаһ разылығы үшін Құран оқып, бақилық болғандардың рухына (әруақтарға) бағыштауға, оны еске алуға, мазарларға баруға үзілді-кесілді қарсы. Өлген кісі кім болса да жерленісімен біржола ұмыт дейді. Дұғаларда пайғамбарлар мен әулиелердің, періштелер мен ата-бабалардың атын атауды көптәңірліктің белгісі және Аллаһқа серік қосу деп есептейді. Алақан жаймайды, бет сипамайды. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды тәрк еткен.
Әз-Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күні Аллаһты ұлықтап, Елшісіне (с.ғ.с.) көпшілік болып салауат айтып, кең ауқымда насихаттап, Оны (с.ғ.с.) баршаға өнеге-үлгі етуді бидғат санайды. Уаһабшылардың өздеріне әу баста негіз еткен ханбали мәзһабынан айырмашылықтары төмендегіше:
– адам баласы иман кәлимасын айтқанмен, иманды саналмайды;
– мешіттердің мұнарасы болуына, сәнделуіне қарсы.
Ел мұсылмандары мен ұлтымыздың ынтымақ-бірлігіне ұстанымы мен іс-әрекеті арқылы іріткі салушы, қазақ топырағында өніп-өспеген, тамыр жаймаған бұл жат ағым ел тәуелсіздігінен кейін Шымкентте институт, Алматыда медресе ашып, қашан құзырлы орындар жапқанша өз ұстанымдары бойынша жүздеген мамандар дайындап үлгерді. Бұл аз десеңіз әр жылы өз бетімен үлкен және кіші қажылыққа барған жастардың бір бөлігі Мәдинада қалып, ондағы оқу орнында солардың ұстанымымен тегін (тиісті жағдайы жасалып) оқып, елге оралуда. Бұларды өз дегенінен қайтару да, қайта қазақ ету де қиын. Жаттағанын байыбына бармай қайталаудан танбайтын тоты құс секілді. Қасиетті Құранда: «Аллаһ шектен шыққанды ұнатпайды» («Бақара» сүресі, 190-аят), – деген. Мұнан бірер жыл бұрын Саудияда діни жоғары білім алған «сәләфилердің» бір тобын арағайындық етуге тырысқан құқық қорғау саласының маманы діни басқармаға алып келді. Ниеті «жарастыру» арқылы дін саласына қызметке тарту екен. Олардың ұстанымы ата-бабамыз әу бастан ұстанып келген ханафи мәзһабымен үйлеспейді. Ол үшін қайта оқытып, сараптау комиссиясына сынаққа салу керек. Бұған көнбеді. Ниет-пиғылы бөлек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әркімнің ниеті өзіне серік», – деген. Кездесу нәтиже бермеді. Мұндайда дана халқымыздың: «Соқыр көргенінен танбайды» дегені ойға оралады. Қасиетті Құранда: «Аллаһ кімді адастырса, сен оған тура жол тауып бере алмайсың» («Ниса» сүресі, 43-аят), – делінген.
Жалпы жастарымыздың Саудияда діни білім алуын тыйып, ниет-пиғылы теріс, ұлтымыздың табиғатына жат бұл ағымға заңмен тыйым салынғаны жөн. Мұның ел бірлігі мен ынтымағына зияны аты шулы «хизб-ут-тахрирден» асып түспесе, кем соқпайды.
Иман діни-танымдық журнал, №3 (80) 2011ж.
http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=3950

Құран мен сүннет дегесін Ахмед бин Ханбал хазретін неғылады олар
Жалпы бар ғой, калошпен жүргендерін көрсем ваще аяймын. Әкем сондай бір қазақты ұстап алып ұрысқаны бар, мұсылман дегенге лайықты емессің, не жүріс деп. Жұрт көрсе шошып, мұсылманның бәрі сендей деп ұғады деп. Афганистанда оқыған екен. Оларда енді басқа аяқ киім тапшы екен, содан олар жоқ болған соң киеді де, ал біздікілер соларға еліктеп киеді екен… ужас.
Сақал жайлы воообще бөлек әңгіме.
Арабтарды мұсылмандардың мұсылманы десек, солардың бір солай сақал қойғанын көрмеппін. шеттерінен аккуратно киылған, сәнделген мұсылмандар.
Bolmasa, myna adam more musylman, mynau less dep aita almaimyn!
Бізде әріп танитынның бәрі дін тақырыбына жаза беретін болды ғой.
Біреудің сақалы, біреудің балағы ұнамай қалды ма бітті, сыбай бер! Басқа проблема жоқ-тай!..
Шәкәрім тіріліп келсе сақалын қырғыздыратын түріміз бар ғой.
Bilmeimin, oz kozimmen korgenderim wetinen ote jaksy adamdar bolatyn.
Men nagyz musylman arabtar jaily aityp jatyrmyn.
Мәселен, Исматуллашылардың мешіт имамы болып жүргендерін көріп жүрміз ғой.
Бірақ ол жерде де таза АРАП қалған емес, барлығы кезінде шетке кетіп қалған
Maselen, olardyn kyzdary da, jigitteri de ozgeni (mysaly meni, hidjap kimegen, kapir dep jamandap, ala kozben karamady, al bizdin keibir apkelerimiz, sinlilerimiz talai ret jek korip karagan, ony tek akymak sezbes :( ) tomendetpeidi, meirimdi jane Islamdy tusindiruden warwamaidy…
Бұл журнал қандай ағымның сойылын соғатынын білесіздер ме!?
Мәселен, сіз, Қуан мырза, неге мақала сымақ деп біреудің еңбегін аяқ асты қылдыңыз?
Сізге ұнамаса, жай ғана ренжітетін сөзсіз атйтуға болады ғой…
мен ешкімге ақыл үйреткім келмейді, жай жеке ойым)))
Эмоциямды жасыра алмау — туа біткен мінезім еді. Дініме қатысы жоқ.
«Иман» журналы жайлы айтпағым, онда Таблиғ жамағаты жайлы жағымды пікірлер жиі жазылады. Басылымның құрылтайшысы Оңғар қажы Өмірбек Дағуатшылардың пайдалы жағын жиі тізбелеп, Исматуллашылар мен сәлафилерді сойып салады. Бұл айтуға тұратын шығар депойлаймын…
ол да өз пікірін білдіруге құқылы ғой.
Мысалы, қазір ортамызға христиан келіп өз діні мен көзқарасы жайлы айтса, бәріміз жамандап жатпаймыз ғой. еркін пікірталас, еркін блогтар, құндысы тұлға пікірін білу. Оған қосылу не қосылмау, әркімнің ішінде қалатын дүние))
Пы.Сы. Түсінбеген адам секілді болғаның қызық екен
барлықкөп секталар туралы жазылған.Егер керек болса...
Қазаққа жат (ханафи мазхабы) ағымдарға адамдар ақша үшін барады. Типа, сетевой маркетинг сияқты ғой. Өздерінің клиенттері, старшийлары бар. Қазақты ислам жолында тоз тоз етпеудің бір жолы бар: Сырттан келетін қаржыландырудың көзін жою, ДУМКның жанындағы медреселерге толковый ғалымдарды отырғызып құранды зерттетіп, қазақтың қанына лайықты етіп әдебиеттер шығару. Толковый настолько білімді болу керек, чтоб, любой сақалистті жеп қою керек қо
Біреулері зікірді намаздан артық санайды
Біреулері ширк, ширк
Біреулері мемлекетті басып алып мемлекет құрамыз
Біреулері Саид Нурси:«Benimki hak ve guzel diyebilirsin,ama tek benimki hak demeye hakkin yok»деген.
дейді!
Сөздері кейде дұрыс көрінеді. Жоғарыдағы мақаланы оқып отырып, таза дін мен басқа ағымдардың арасында адасып жүрген жандар ма деген ойға келдім.
Ия, түгел бәріне топырақ шашып отыр демеңіздер, бірақ кейбір бауырларымыз қарапайым адамдар арасында (діни сауаты аз не намазға жығылмаған) өздерін жоғары санайды, олардың қасында не бірге ауқаттанбайды олар жейтін асты харам санайды, жақсы делік, ұстанымдарыда шаруам жоқ, мұсылман ТАЗА болуы керек емес пе? Осылай бола тұра лас жерлерде намаз оқығандарын, пойыздардағы туалетте дәрет алып, купеде не дәлізде намаз окығандарын көріп жүрмін. Сәждеге барғандағы маңдайы тиетін жердегі ласты көрсеңіз ол кісі отырған жерде тамақ ішуге тәбетіңіз болмай қалады.
Қай сасқанымнан? (Салафиттер мен сопыларға қарсылық)
Неге салафиттерді және сопыларды құрметтеуге міндеттімін?
Олардың «сеніміне» неге шыдамдылықпен қарауға міндеттімін?
Ешкім де, еш нарсе де оларға қарсы төзімді және шыдамды болуға міндеттей алмайды.
Олар маған қалай қараса, оларға және олардың түкке де тұрғысыз секталарына қарсы тура солай қарауға толық құқылымын деп санаймын. Оған қоса олар менің Ақиқатты түсінуіме қарсы болды.
Олар мені имансыз кәпір деген атқа лайық көрді, сондағысы менің Құдай мен Құранды түсінуім олардыкіне сәйкес еместігінде екен.
Салафиттердей қысқа балақ шалбар кимей, ұзын сақал өсірмегенім үшін, сопылар секілді ұшатын пірлер мен «қасиетті» ағаштарға сенбейтінім үшін кәпір атандым. Құранды өз бетімше түсінгенім бойынша тек өз басыма ғана сене алатынымды айтқаным үшін кәпір деген атқа ие болдым. Елімізге толып кеткен келімсек молдалардың айтқандарына да иланбағаным үшін де кәпір лақабына ие болдым.
Сонша уақытымды сарп етіп философия мен ғылымды, математика мен астрофизиканы, араб тілінің қыр-сырын меңгеруге талпыныстарыма қарамай, қолынан түк те келмейтін надандардан балағат пен басынуды ғана көремін.
Мен бір ғана нәрсеге кәміл сенемін: олардың сондай сұрқия өтірік пен надандыққа батып кеткендігін әшкерелеп жар салуым керек. Мұны бәрі де естіп білсін.
Олар он екіде бір гүлі ашылмаған кішкентай қыздарды еріктеріне қарсы ар-ұяттан безген шалдарға әйелдікке береді. Өздеріндей адамдарды мал құрлы көрмей, таспен атқылап өлтәруден тайынбайды.
Осының бәрін біле тұра мен қалайша дін-аралық төзімділікті бетке ұстап, үнсіз ғана шетте қаламын?
Менің ішімде қара қазандай қайнаған бар ар-ожданым, жан-тәніммен бірге мұндайға қарсы!
Солардың дүниетанымдарының негізін қалаушылар өз басымен ойланған адамдарды отға жағып, қырып жойған.
Солардың ізашарлары хадистерді жазып, Құранның нағыз мағынасын бұрмалаған.
Мұндайлардың зұлымына Құдай өз Құранында тайсалмай ашық түрде қарсы шығуды бұйырады.
Құдайдың әмір еткені — өз ізбасарларын алдап жүрген салафиттер мен сопылардың басшыларының жасап жатқан әділетсіздігіне және надандығына көз жұмбай, сонысын бетке айту. Шынтуайтқа келсек, салафиттер мен сопылардың басшылары нағыз барып тұрған есерсоқ, жатыпішер жалмауыздар!
Құранды зерттеуімізде табылған ғылыми және математикалық кереметтерді елге жайып көрсеткеніміз үшін біздерді мінеп-сынайды. Сонда біздің Құдайды бар екеніне дәлел келтіргеніміз үшін, әрі Құран Құдайдың сөзі екенін айтқанымыз үшін ғана мінеп сынайды.
Біздің үстімізге кір жаққылары келеді. Бізге қарсы арамдық торын құрмақшы.
Олардың «нағыз данагөй және данышпандық» дегендерін қабылдап, одан дұрыстық іздеу тек қана қорқақтарға тән және ол барып тұрған бассыздық және есуастық болар еді.
Құрандағы ғылыми деректерді көрсеткен роликтерге жауаптары тек қана «аузубиллахиден» ары аспайды, өйткені оған бастары да жетпейді.
Құранның маған үйреткені — адамгершілік, батылдық, қайсарлық, әділдік және шындық. Зорлық-зомбылықтан бойды ұзақ ұстау Құранның үйреткені.
Ақиқатты қорғау, Құранның шындығын көрсету біздің бірінші және басты міндетіміз.
Құранда хиджаб киюге ешқандай әмір жоқ, сонымен сөз бітті. Салафиттер мен сопылар ойына келгенін айтып, Құранға қайшы келіп лағып жатады.
Қасиетті соғыс — жихадта дінсіздерді қырып-жоюға ешқандай негіз жоқ. Құрандағы жихад сөзі жігер, ынта, ыждағат мағыналарын береді. Бұл туралы айтпай қалуға болмайды.
Бұл жолда соңына дейін баруға дайынмын, Құдайдың рұқсатымен. Өйткені Құдайдың бізге берген ақылы соны Құранда көруге мүмкіндік береді.
Құран — бұл философия мен ғылым, математика мен адамгершілік.
Сендердің секталарын тек қана ағаштай қатып сіресіп қалған діни жоралар мен ғұрыптардың жиынтығы. Оның өзі Құранды бұрмалаудан тұған адасушылық қана.
Мен өз елімді сүйемін, және осы елімнен орта ғасырлық түсінік әлемінде қалып қойған елдерден келген келімсектерден тазарту үшін барымды саламын.
Мұны түсініп, сақалдарыңа қосып өріп қойыңдар, сосын барып жайнамаздарыңа жығылып, жылап та аларсыңдар.
Көріскенше!