Месси және Реал. Реванш! 2:0
Эль-Классиконың бұл сезондағы төртінші сериясы аяқталды. Бұл серияның басты кейіпкері — Месси. Аргентиналық шабуылшы екі голдың авторы атанды. Құтты болсын Барселонаның жеңісі. Өткендегі жеңілісті бұл толық ақтап шықты.
Алдымен құрамымен танысайық. Алдымен құрамамен таныса кетейік. Алаң иелері Реал Мадрид клубы: Касильяс, Пепе, Рамос, Диарра, Марсело, Алонсо, Арбелоа, Роналду, Альбиол, Ди Мария, Өзил. Бұл жолы Моуриньо өзгеше ойын стилін таңдаған екен. Яғни, қорғанысқа тән — 1-4-3-2-1 тактикасы. Негізі Реалдың тактикасы былай — 1-4-2-3-1. Баяғы ойыншылардан тек Хедира мен Игуаин ғана жоқ болды. Қалғаны негізгі құрам ойындары. Шындығын айту керек Реалдың құрамы өте мықты болды. Менің таң қалғаным Моуриньоның номиналды шабуылшы шығармауы. Шабуылшының міндетін Роналдуға тапсырғаны қызық көрінді. Ал, Роналду оң қанаттың вингері екені белгілі. Ди Марио да қапталмен шабуылдайды. Менімше Моуриньо Роналдудың алыстан бағыттайтын соққысына сенген секілді.
Ендігі кезек Барселонада. Құрамы: Вальдес, Дани Алвес, Пике, Пуйоль, Хави, Вилла, Маскерано, Бускетс, Кейта, Педро, Месси. Барселонаның негізгі құрамындағы ойыншылардың барлығы дерлік ойынға қатыса алмады. Сол қанатта ойнайтын Абидаль, Адриану, Максвелл, барлығында жарақат болды. Екінші Иньеста ойынға қатыса алмады. Негізгі Барсалона тактикалық тұрғыда былай ойнайтын еді — оң қанатта Алвес, ортада — Пике, Пуйоль жұбы, сол қанатта — Эрик Абидаль. Бұлар қорғаушы. Жартылай қорғаушылар: қорғаушыларға жақын Бускетс, сол және оң жақта Хави мен Иньеста болса, шабуылда үштік — Мессе, Педро, Вилла.
Ойын жоғарғы деңгейде басталды. Алғашында доп орта алаңнан аса алмады. Бірақ уақыт өте келе Барса допқа иелік ету сериясын жалғастырды. Алайды, Реалда қауіпті шабуылдардың ұшын шығарып қойды. Бірінші таймда тәртіп бұзу жиі орын алды. Өтірік құлап жатқандарда табылды. Маған Реал футболшылары көп тәртіп бұзғандай көрінді. Оның себебі түсінікті де — допқа иелік ете алмаған соң амалсыз сондай жағдайға барасың. Алма-кезек шабуылдармен бірінші тайм аяқталды. Тайм соңына таман Реал тамаша шабуыл жасады. Бірақ, соққы нысанаға дарымады. Осы жерде Пепенің еңбегін атап өткен жөн. Португалдық қорғаушы шын мәнінде Барсаның талай шабуылын тойтарды. Оның шеберлігіне ырза болғанмен менің командамның гол соға алмауына себепкер адамды іштей жек көріп отырдым. Айтпақшы қызық болғанда тайм аяқталған соң Барселонаның қосымша қақпашысы Пинтоға төреші қызыл қағаз көрсетті. Алвеске сарысы бұйырды.
Екінші тайм Барсаның шабуылымен басталды. Өзилдің орнына екінші тайм басында Адебайор шықты. Реалдың қорғанысы берік секілді көрінді. Бірақ жылдам Мессиді тұсап ұстай Рамостарға қиындай түсті. Сондай сәттердің бірінде Рамос Мессиді шалып жығып, сары қағаздың иегері болып шыға келді. Өкініштісі, Рамос келесі ойынға қатыса алмайды. Ең қызық сәт 61-минутта болды. Дани Алвесті айқтан тепкен Пепе алаңнан қуылды. Негізі Пепеге қызыл қағаз көрсету әділдік емес секілді көрінді. Меніңше төреші Пепенің бұған дейінгі бұзған ережелеріне байланысты осындай шешімге келген секілді. Одан кейін алаңнан Жозе бапкер кете барды. Ол кеткенде алысқа барған жоқ. Ойынды көрермендермен бірге тамашалады. Бұл туралы әлі талай жазылады. Дегенмен Пепенің алаңнан қуылуы ойындағы ереже бұзушылыққа азда болса кедергі болды. Пепе қуылмағанда Барса ұтпайтын еді дегендерге айтарым мынадай: Рас, Реал екі доп жібермейтін еді. Бірақ Мессидің гол соғатыны анық мәселе-тұғын. Ойыншы басымдығына ие болған каталондықтар шабуылды үдете түсті. Сондай сәттердің бірінде Педро ашық тұрған қақпаға баспен дәл соққы жасай алмады. Жерге ыңғайсыз құлаған оның аяғын Марсело аямай басып кетті. Екі мықты клуб болғандықтан олардың арасында бұндай жек көрушілік болуы заңды нәрсе. Сол себепті Марселоны дұрыс түсіну керек. Аздан кейін Педроның орнына Афелай шықты. Афелай өзінің бабына енді енген секілді. 76-минутта Мессиге әдемі пас шығарды. Ал, вундеркинд Касильястың бұтының арасынан доп өткізіп, сан соқтырып кетті. Сол Мессе 87-минутта жарты алаңда көктей өтіп, Реалдың бар қорғаушысын жан-жаққа шашып, дубль жасады. Ал, Реал ештеңе жасай алмады. Осылайша әл-классико Барселонаның пайдасына шешілді. Алда Ноу Камптағы бесінші серия бар. Барселонаның финалға өту мүмкіндігі жоғары. Бірақ «СуперМэннің» дайындаған сыйлығы болуы әбден мүмкін. Қалай дегенде де интрига әлі аяқталмаған секілді.
Пы.Сы. Мен бұны Барселона жанкүйері ретінде емес, сырттай баға беруге тырыстым.
меніңше, бар секілді...меніңшеМесси шынымен адам емес :)
Кеше, ашығын айту керек, Барса да өз қарымын толық ашқан жоқ. Екі жағдайда да Реалдың салғырттығы. Мессиің «айуан»* ғой, «айуан».
_____________
* I one
Месси крестті көргенде бет-аузы тыжырайып, құбыжыққа айналып кететініне сенімдімін. «Ибо число зверя — десятъ и амплуа его — нападающий» ©Евангелие от Амандық, стих 54:12