«Кредиттің күйретуі» немесе ала өгіздің ажалы жайлы дастан (М.Шахановтың ізімен)
Ерте, ерте, ертеде… шалғай жатқан шалажансар өлкеде, өлмелі бір кемпір менен шал бопты, баққаны мал бопты. Шал мен кемпірдің шиеттей алты баласы, малының ішінде соғымға соймаған, саудагерге сатпаған алты жасар атан ала өгізі бар екен. Күндердің күнінде алты баласының үлкені ата-анасынан алыс жол жүрмекке мұрсат сұрапты. Мақсаты Астанаға барып күректеп ақша табу…
Байғұс әке-шеше үлкен ұлды батасын беріп, зейнетақысынан жырымдаған ақшасын қалтасына салып, шулы қалаға ақ үмітпен аттандырады.
Арада аттай шауып алты ай өтті. Жұлдыздың беті жетінші айға ауғанда шалғай ауылға Астанадан хат келді. Хатта қалаға кеткен ұлының банктен несие алып, қарызға белшесінен батып, «қара тізімге» кіргені баяндалған екен. Банк жіберген «төртбу» конверттегі алты орынды «сипыр» бұл отбасы үшін Отырарды Шыңғыс хан шапқаннан кем әсер еткен жоқ. Кешікпей желпілдеп қалаға кеткен үлкен ұл да оралды салы суға батып…
Олардың ортасындағы әңгіме шайырлардың қаламына ілігіп, дабыралы дастанға айналған деседі. «Отырардың күйреуіне» ұқсас осы оқиға бүгінге былай жеткен екен… ауыздан ауызға жеткен «қиссаны» қағаз бетіне түсірген Абылай Мауданов. Әлқисса…
– Банкiң кайда?!
(хош көрмеп ем),
Бір-екi апта «төске өрлеп ең»,
Алты ай бойы өзің алған несиеңді жаба алмау,
Алты ай бойы Астанадан пәтеріңе төлер ақша таба алмау…
Зейнетпұлын шиырлатқан,
Шалғай шетте сиыр баққан,
Менің байғұс отбасыма зор таңба,
Тұрмысыма салмақ түсті, мына сенің арқаңда! – деп әкесі баласына жасты көзін қадады:
– Осы өкініш мені де өртеп барады,
Бір-ақ әке, жүргенім жоқ аянып,
Қанша үмітті желге ұштырдым,
Қанша фирма жер құштырды?!
Қала жатыр кризиске «боялып»…
Дағдарыстың тигеннен соң салқыны,
Бірер айға «ұмытып» ем банкіні,
Кешір, әке, жаза басқан ұлыңды,
Үстемақы сағат санап өсті де,
Гүлдей күнім нілдей болып бүлінді,
(әуел баста алмап едім тіліңді…)
Ұмыттырам десең ұлдың қапасын,
Бір өгізді таңдап әке, сатасың, –
деп, баласы әкесіне мөлиді.
– «Артты» қысып тыныш жүрсең сол игі,
Сорлы балам, ойламапсың артыңды,
Байғұс әкең деп ойлап пе ең банкіні?!
Есің кетсе естіге кіріптарсың,
Қара тізім барын сен ұмытқансың,
Ахуалың қалай болар ал, түбі…
Алдың ба әлде, ала өгіздің сорына,
Ақшаңды ертең берем санап қолыңа,
Байғұс балам, жолама енді жарнаманың торына,
– деп әкесі күйзеле бір тіл қатты,
әр сөзінде атан түйе үйелердей мұң жатты!…
… Банк кімге күліп берсе басында,
Процент те жүрмек аңдып қасында,
Білгір банкир соны жазбай таныпты,
Қай кезде де айла кескен нарықты.
– Адам аз ба, несие алып адасқан,
Банк қатал, ұлым оған таласпан,
Несие алмай тыныш жүрсе болмай ма,
Соны білмей халық бекер сорлайды, ә?!
P.S. Бағаласаң өз шамаңды бағала,
«ағаласаң» банкирлерді «ағала!!»
Жағаласаң өз әкеңді жағала!!!
… Келесі күн ала өгіздің терісі,
Жайрап жатты жағада!!!
Мындан алынды

1 пікір