Хош бол, МӘҢГІЛІК!!!
Мен оған қош бол дедім! Қайта көргім келмейді дедім. Сен тормозсың дедім. Қойшы әйтеуір айтапаған сөз қалмады. Ал, ол індемеді. Бетіме мелшие қарап тұр. Бір түкірдім де кетіп қалдым. Оған не болғаны бір құдайға ғана аян.
… Біздің таныстығымыз осыдан жеті жыл бұрын басталып еді. Оны көргенде шын бақытымды тапқандай болдым. Ол туралы айтып бере болсам өзгелер секілді 90-60-90 болмаса да, 80-40-80 еді. Бұл мен үшін жеткілікті еді. Бірақ, алғашында қайта-қайта кездесудің сәті түсе бермеді. Мен ауылда, ол қалада. Осылай күндеріміз өтіп жатты. Оны көруге деген құштарлығым мені бір сәтте ауылда ұстап тұра алмады. Қалаға қайта-қайта барғыштай бердім. Сондай күндердің бірі…
Түн. Үйде ешкім жоқ. Жарықты бағана өшіріп тастағам. Оның әр жерін бір түртіп қоймын. Тек оның ыңылдаған дауысы ғана естіледі…
Таң ертең не істеп, не қойғаныма есеп бере алмадым. Оны түнде абайламай бүлдіріп алыппын… Өкінгеннен не пайда. Өткен қайта оралмайды.
Жылдар жылжи берді. Кейінірек екеуіміз айрылмастай болдық. Өкінішке орай соңғы кезде басқа біреуді көрдім де одан көңілім қалды. Өзгелер секілді оның да кемшіліг бар еді.
Менің оған қойған претензиям!
Жай қозғалушы еді. Түнде жұмыс істеу үшін жарықтың әрдайым бар болғанын қалайтын. Шығыны көп еді. Ал. кейінгі тапқаным свет өшіп қалса да өзінің міндетінен жаңылған емес. Менімен бірге жатып, менімен бірге оянады. Әрі сондай сүйкімді әрі кішкентай. Көтеріп алыпта өзіңнің қалағаныңды орындай аласың. Айта берсең көп. Сол себептермен оған мен "қош бол" дедім.
Қош бол! Pentium 4 2,4Ghz, Hard Drive 80-40-80. Сені көргім келмейді. Жаса нетбук!!! :)

8 пікір