Күресіп жатқан сыңайы бар...

… Ауруханаға жатып, біраз емделіп алатын ниетпен ағзамдағы 160 тан түспейтін қан қысымын, басқада мазалап жүрген мәселелерді көтеріп бардым жемханаға. Арасындағы таллон жайлы сау адамды ауру қылатын безгелдекті айтпағанда, кірдім ау әйтеуір дәрігердің кибинетіне: Д -дәрігер М: — мен
Д:- Ой аға, қазір бәрі портал арқылы болып жатыр, ендігі жерде сіз жайлы ақпаратты біз сояққа жібереміз, ол
жердегілер өздері шешеді.
М:- Ол не пәле? Менің емделіп жүргенім өзіңе аян ғой
Д:- Егер мен өзім шешім қабылдап сізді сатционарға жіберсем мен жайлы жоғарыдағылар жаман ойлап қалады
М:- Сонда жоғары жағың порталма?
Д:- Олай емес, ол дегеніңіз тораптағы жаңа технология
М:- Ммм, таңғы сағат 7 ден бері талон үшін келіп, алдыңа 11 де кірдімғой! Неге ана прталдарың соны реттемейді?
Д:- Аға сіз емделуге емес тергеуге келген сияқтысыз. Онсызда басым қатып жүр, жақында оптимизация болады деп жатыр, жоғарыдағылар…
М:- Не сонда дәрігерлер аурулардан көбейіп кеткенбе?
Д:- Дұрыс түсінбедіңіз
М:- Түсіндірсеңші енді…
Д:- Ендігі жерде Эндокринолог, терапевт, невропотолог, невролог ретінде бір маман болатын сияқты…
М:- Таңданбасқа шарам қалмай дәрігерді жұбата бастадым.

ПыСы: Сонда, ойлап қараңдаршы: Практолог, стомотолог, гениколог, окулист: бір өзі — не ДДДДеген білікті мамандар? Қандай оқу зауыты екен сондай бесаспап мамандар шығаратын???
Бөлісу:

16 пікір

turika
Калай бір адам бірнеше мамандықты алып жүреді екен? Егерде ондай адам болса, ол жауапкершілігі мол, білімді маман болу керек сияқты.
Біріншіден, дәрігерлер бір мамандықта жақсылап оқып, халыққа дұрыстап қызмет етіп алса болар еді…
KILYZAMAN
Мәселе сонда болып тұр емсепе өзі? Ешқандай дайындықсыз, біліктілігін арттырған мамансыз(мамандандырусыз) денсаулық сақтау саласында оқыс өзгерістер(оптимизация-қысқарту) жасау деген ақымақтық деп білем…
sammita
ана дәрігерді аяп отырмын, біраз миын ашытып. Сосын ауру деген адамның ниетінен, көңіл-күйінен. Сізге бәрі жаман, бір көңілді пост жазыңызшы:))
KILYZAMAN
„Біздің елімізде кесел деген атымен жоқ… Тек Қилызаман ғана миды жейдіде жүреді дертін айтып„ — десем ауыру сырқаулар азаяма?…
alisha
бір күні математикке қазақ тілінен сабақ бергіздіретін шығар… әлде…
KILYZAMAN
Алишажанау ондай нәрсеніңде болып жатқанынан хабарсыз екенсің ау ә…
AKY
математик қазақ тілінен сабақ бере берсін, тек филолог математикадан бермесін.
KILYZAMAN
Ондайдыда көрген көзімнің шығып кетпегеніне шүкіршілік етуден басқа амал жоқ… :-(
alisha
қазақ тілі — өзінің сөйлеп жүрген тілі, әйтеуір біледі ғой деген түсініктен қашан арылар екенбіз))) біздің группанынң тең жартысын ата-аналары осындай кеңеспен ҚТӘ-ге әкелген екен…
KILYZAMAN
Сірә, сол порталда шалақазақ немесе орысша…
KILYZAMAN
Міне бігін тағы бардым, емшара жасау кабинеті мен зертхананың алдындағы пендешіліктерай… :-(
sammita
стационарға портал арқылы кезекке қою біраздан бері бар. Дұрыс әдіс. Ауруханада орын босаған кезде автоматты түрде кезекте тұрған науқас соның орнын басады. Жоспарлы, жедел емдеу тәсіліне қарай. Ал әлгі бір маман бірнешеуінің орнын басады деген ақпаратыңыз жалған.
KILYZAMAN
Естіген құлағым жазықты болсын… Жалған болғанын қалайтындықтан — керең болмайақ қойсын иә, саққұлағым :-)
sammita
өзіңіз ойлап қараңызшы, олар (проктолог, стомотолог, гинеколог, окулист, онколог т.б.) узкий мамандықтар. Саласы мүлддддем бөлек. Егер травматолог пен хирург бір болады десе бір сәрі.
KILYZAMAN
өзіңіз ойлап қараңызшы, олар (проктолог, стомотолог, гинеколог, окулист, онколог т.б.) узкий мамандықтар
— кішкене тұздағанымғой ол. Мәселе сол узкая специялизацианы(тіл мамндары түзеп жіберсе қуанар едім) біріктірмегінде болып тұр емеспе?.. ТОПАСТЫҚ!!!