Дем салу. Өзім көрген оқиғалар.

Бала кезімде үйіме бір қызды алып келді. Қыздың түрінен есі дұрыс еместігі көрініп тұр. Айтуларынша Сырдарияның жағасында бірнеше ұл-қыздар болып суға түскен екен. Ішкілік те болғанына сенімдімін. Бір кезде жаңағы қыздың суға шақырып жатыр деп, суға кетіп бара жатқанын байқаған ұлдардың бірі қызды ұстап қалған. Сол күйі қызды біздің үйге алып келді. Атам діни білімі бар, ауыл молдасы еді. Көкем қызды көрді де жігіттердің біріне «еркек тоқты» (қателесуім мүмкін) алып келу керектігін айтты.Біз барып алып келдік. Қызды құрбандыққа қарсы қаратып басын қолмен ұстатты да тоқтыны бауыздады. Қыз қарағысы келмей қарсыласып жатты да, бірден тынышталды. Қызды үйге алып кірді де қайта-қайта дем салды. Сәл уақытта кейін қыз есін жиып, қасындағылары алып кетті.
Осы секілді көптеген кісілер келетін көкеме дем салдыруға.

мына жерде дем салу күнә деген екен.

Сонда менің атамның дем салуы, мойныма құран сүресін жазып тағып беруі күнә ма?
Бөлісу:

63 пікір

Ahi
А'узубилләһ! Шариғаттың қай жерінде бар екен жынды мал қауыздау арқылы шығару?!
qisyq
Жүре берсең, көре бересің деген атам қазақта сөз бар ғой.
Ahi
Басқасы басқа, бірақ шариғат «жүре берсең, көре беретін» тәжірибелік тәсіл арқылы бекітілмейді!
alisha
Ол тәжірибелік тәсіл емес, тірліктің болмысын баяндайтын жолдар ғана…
Ahi
Сіз «Ол» деп нені айтып тұрсыз? Қисықтың жазғаны ма әлде тақырып иесінің жазғанын ба?
alisha
«Жүре берсең, көре бересің»-ді тәжірибелік тәсілге теліген Сіздің пікіріңізге қатысты болатын
qisyq
Мен шариғатты айтып тұрған жоқпын. Сіздің
А'узубилләһ! Шариғаттың қай жерінде бар екен жынды мал қауыздау арқылы шығару?!
деген сөзіңізге қатысты айтып тұрмын.
Ahi
Ааа демек, сіз жынды мал бауыздау арқылы шариғатта бар екенін айтып тұрсыз ғой? Солай ма? Егер йә десеңіз, шариғатта сондай тәсіл бар екенін дәлел әкеліңіз!
alisha
Жоқ, ол сізге ешнәрсеге таң қалуға болмайтындығын ғана айтқысы келді меніңше…
qisyq
Ау, жоқ жерден салғыласа кеткеніңіз не? Мұсылман адам байыпты, салмақты, сабырлы болмақ керек-ті, қателеспесем.
Түсінбесеңіз, үшінші рет жазайын:
Сіз
А'узубилләһ! Шариғаттың қай жерінде бар екен жынды мал қауыздау арқылы шығару?!
деп таң қалдыңыз? Таң қалған себебіңіз, бұрын көрмегенсіз, көрсеңіз де мұндай іс Сізге жат. Ендеше менің «жүре берсең, көре бересің» дегенім қисынға келіп тұр емес пе? Шариғаттың не қатысы бар?
Ahi
Айып менен! Кешірім өтінемін!
Айтқым келгені — шариғатты тек Аллаһ және Оның елшісі ғана бекітеді, басқа ешкім емес, әкең де емес, шешең де емес, қанша қымбат болса да!
Ojdan
Ahi да ЕМЕС!қанша түсінігі тар болса да!
konvict
Сен жынды шығару жоқ демексің бе сонда?
Ahi
Жынды мал бауыздау арқылы шығару шариғатта жоқ!
konvict
Енді қалай шығарады?
Zilola
зікірмен шығарады иә @Ahi ұстаз
a63a1
Шариғатқа қарсылығым жоқ әрине, бірақ шығарса болғаныда, жынданып жүргенше
Janasil
Өз көзіммен көрдім!!!
Ahi
Көзбен көру дұрыстықты білдіре бермейді!
Janasil
Енді...! Іс әрекеттің бәрі қалай жүргенін, қойды бауыздап, дем салғанның қалай әсер еткеннін көрдімғой. Енді дәлел үшін не керек? /Ол кезде соткам болмады, шықпаған да шығар камералы соткалар/
Ahi
Көзбен көріп оның іске асқанын көру әрдайым дұрыс нәрсе болып білдіре бермейді! Кейбір христиандардың алақанына қан жиналып қарайып қалады, олар соны «Исаны қатты жақсы көргендіктен» деп айтады! Сөйтіп христиандардың алақандарынан шынымен қанталап қалғанын көрсек, ол шынымен Иса пайғамбар оларды жақсы көреді деген пайымдау жасамаймыз ғой!
Janasil
Лағып кеттіңіз. ........!!! Өз көргеніме сенейін бе әлде танымайтын сіздің сөзіңізге ме.
Ahi
Көзбен көргеннің барлығына сене бересіз бе? Мүмкін балгерлерге де сенетін шығарсыз?
Janasil
Бұл жерде балгерліктің түк те қатысы жоқ! Өмірімде ондайлармен кездеспегенмін.
Abilakim
Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба-деген Алдар көсеге
-Естігенің өтірік болар, көргеніңді айт -депті Шығайбай
Aizhantabyn
Менің әкемнің атасы кезінде өте діндар болған, бір қыздан (анығы келіні болатын) жын шығарамын деп өзі О Дүниелік болып кеткен екен…
Жынды Құран оқып шығарғаны және өзенді қайықпен өтіп жатқан кезде шығарған екен. Білуімше, келінін су перісі ұрып кеткен.
Ahi
«Су перісі» деген не бәле? «Су перісі» дегенді қайдан алдыңыз? Менің білуімше, Құран мен Сүннетте «су перісі» деген жоқ, егер болса, Құран, Сүннеттен дәлел келтіріңіз! Ал егер Құран, Сүннетте жоқ болса, су перісі деген нәрсе жоқ, ол адамдардың өздері ойлап тапқан нәрсесі, яки жалған!
Janasil
Жаңағы қыз машинадан түсе салып арықтағы суға қарай ұмтылған еді. Білетіндердің айтуынша ондай адамдар бір кесе суға тұншығып өліп қалады екен.
Ahi
Жын қонған шығар!
boztorgai
ата-бабаларымыздың тірліктерін жоққа шығаруға мүдделі кісілердің әңгімесі сықылды екен
Ahi
Ата-бабамыз үш-төрт әйелден алған ғой. Осыны айтсам, сіз қазір оны жоққа шығарасыз, енді мен де сізге «ата-бабаларымыздың тірліктерін жоққа шығаруға мүдделі кісілердің әңгімесін» айтып отырсыз десем қалай болады?!
Serzha
байлар алған шығар, бірақ пайғамбарың сияқты алты жастағы кішкентай баланы алмаған.
TERISKEI
@Serzha, "бірақ пайғамбарың сияқты алты жастағы кішкентай баланы алмаған" деген тұсты түсіндіріңкіреп кетемісің? әңгіме Мұхаммед (с.ғ.с.) жайында ма?
Serzha
өзің сұрастырып қара
konvict
Бауырым сен кім туралы айтып отырсың?
Serzha
Могаммед пен айша туралы
haos
ауызым бар деп оттай берме!
a63a1
байлар алған шығар, бірақ пайғамбарың сияқты алты жастағы кішкентай баланы алмаған.
Сержа кешірім өтінем, бірақ сен қуып кеттің!
Serzha
пайғамбар айшаны, оның жасы алтыда болғанда алғаны рас емес пе?
a63a1
нақты дәлел жазшы, қай жерде жазылған екен?
Serzha
Бұһаридің «Сахих аль-Бухари» атты хадистер жинағында жазылған:
Narrated Hisham's father: Khadija died three years before the Prophet departed to Medina. He stayed there for two years or so and then he married 'Aisha when she was a girl of six years of age, and he consumed (sic – consummated) that marriage when she was nine years old. Сахих аль-Бухари 5:58:236
a63a1
мынауың дәлел деуге келмейдіғой
Serzha
сенімді деп танылған хадистер саған дәлел емес пе?
a63a1
Ондай болса молладан сұрайық, Діндарлар қайда, жайшылықта аузын жаппас осындайда сөз таппас Қайсың бар еу әллөу!
Serzha
молдаға сенесің бе, хадистерді қағазға түсірген имамға ма?
a63a1
Қазір ешкімге де сенбеймін бауреем бір Алладан басқа
boztorgai
оған менің мұртым да қисаймайд ©
alisha
Қайда барсаң да Ахидың уағызы…
DoktorD
мына жерден көруге болады www.youtube.com/watch?v=xTKgke9jDGI
Janasil
осы секілді түріктердің «SEMUN» деген бір киносы бар.
konvict
Мұндағы өтірік секілді. Анау шалда құранды қате оқиды. www.youtube.com/watch?v=AzWGKlHfIcU&feature=related мында жазылған құлаққа енеді екен
edige
Ауылда Аман деген атамыз бар. Кәлпе дейтін барлығы. Інілеріміз кіші кезінде мазасызданып /Еңбегі түсіп кетіпті, «кірнелеп қалыпты» дейтін еді сол атам насыбайын түкіріп жатып/ қалғанда алып барып түкіртетінбіз. Қазірде де балалар қарайды.
Zilola
әлі күнге деуір, жұмыста мазасызданып тұрсам, бастығыма түкіртіп аламын, шын сөзім.
Көз тимесе де, жаман энергияның барын білемін
alisha
әдетте кіндіктен жалғыз туғандарға түкіртіп жатады ғой… біздің көрші шал түкіретінтұғын балаға, жас төлге, т.с.с.
satibaldi
Кейде қақырғысы келіп кететін шығар…
alisha
Қызылқоғаның жері кең… бұл нұсқаңның шындыққа жанасымдылығына күмәнім бар;)
satibaldi
Мен де көргем. Суға кеткен алқаш амигоға ЧС-тың жігіттері аузынан үрлеп, дем салып жатты.
alisha
Нешінші демнен кейін оянғаныңды көрсетсеңші…
sigma
Менің пікірмше бұл жерде ешқандай жын-шайтан, діннің қатынасы жоқ, Иә, бәлкім атасы молда кісі болғасын аузынан құран сөзі түспейтін шығыр.
Бірақ ісіне қарасаңыз бұл дәрігердің ісі емес пе? Халқымыз осындай жүйке ауруларының кейбір түрлерін адам жүйкесіне тікелей әсер ету арқылы емедеген ғой. Мысалға мақалада қызға қой бауыздағанды емес, өлімді көрсеткен қарт, кәдімгі тіршілік үшін жанталасты. Содан қыз есін жинап өліпнен қорқып, өзіне қол жұмсамаған болса керек.
Осы сияқты ел арасында бірнеше мысалдар бар тауық, мысық асып қоятын секілді.
Janasil
Мұныңыз жөнге келеді. Қайта — қайта дем салғаны анық. Қайсысы шын әсер еткенін білмедім. Нақты дәлер: "Қыз көз алдымда есін жиды".