Тоқтыбалақ
… Бір себептермен, Райымбек ауданына қарай жол жүруге тура келді.
Барарымда да, қайтарымда да такси жалдадым. Ол жаққа ат басын бұрмағалы біраз уақыт өтіп кетіпті. Жолда кетіп бара жатып әр түрлі ой құшағында болдым. Ауылдан ауылға ауысқан сайынғы көзге бірден түсетін айырмашылықтар мен ерекшеліктер мына жерде, табиғатымыздың әсемдігі мен қайсыбір жерлердегі адамзаттың әрекетінің сол әсемдікпен үйлеспеуі…
Брррр, осы жерден тоқтайық, айтайын дегенім басқа.
Осы сапар барысында Тоқтыбалақ деген құстың болғаны жайлы, оны кезінде атпен қуып жетіп — ұшыруға мұрсат бермей, таяқпен ұрып түсіріп алып тамаққа қолданылғандығын естідім. Етінің, бір тоқытының еті мөлшерінде болатынын және өте дәмді келетіні жайлы әңгіме естіп, кезінде сол құс жүрген-ұшқан, ұя салған ши түптерінде араладым. Құс жоқ… Екі аяқты қасқырлар жойып жіберген.
Ата-бабаларымыз тек бала шағасына тамақ ретінде, онда да ол құстың балапан басып болып әбден семірген кезінде ғана ауласа кейін келе еріккендердің ермегі болып ақыр аяғында — жоғалған(үріктіма екен?) екен.
Тоқтыбалақ деген ел аузындағы аты болса — онымыз, Дуадақ болып шықты. Орысшасы — Дрофа екен…
Бұл құс жайлы мәлімет қазақша тым аз екен инетте, бір орысша нұсқасын аударып жатырмын. Ілермін алла қаласа.

Статус. Сирек, құрып бара жатқан құс.
Сиапттау. Дуадақ — ТМД фаунасының ең ірі құсы. Жасы мен жынысы және қоңлылығына байланысты салмағы 4 тен 16 кг дейін болып келеді. Қанатының ұзындығы 59—67 см.
Дене бітімі ірі салмағы ауыр; тұмысғы қысқа жалпақ; басы дәу жұмыр; аяқтары үшсаусақ, мейлінше ұзын әрі күшті. Басы мен мойнының көп жері сұр түсті, жемасуы мен желке тұсы қара сепкіл дақты сарғыш келеді. Кеңірдек тұсында шөкімделген екі жаққа едірейіп тұратын ұзын қауырсындары бар; Жота жағы көлденең қара жолақтары бар қызғыл-сары түсті.
Далалық сипаты мен ерекшеліктері. Басқа дала құстарынан дуадақ өзінің ірілігімен ерекшеленеді. Қауырсынсыз кұшті сирақтары және ақ сары қара аралсақан қанаттары, кеңірдегінен өсетін қияқ «мұрттары» (еркектерінде) бұл құсты басқа дала құстарымен шатастырмасыңызға кепіл болардай.
Дуадақ — көп байбалам салмайтын құс. Даусын сирек естуге болады. Еркектерінің даусы ақырындау қысқа және көмейлете шығады. Ұрғашыларының(мекиендерінің) даусыда қысқа бірақ бөлекше. Балапандары қатты ұзақ шиқылдайды да өсе бастағандары құлаққа жағымсыздау сұңқылы мен сақылы аралас дыбыс шығарады.
Бұл өзі өте сақ құс. Көру қабілетінің жақсылығынан ол қауіпті алсытан байқайды да ұшып кетеді. Ұшу үшін ол біраз жерге шейін қатты жүгіріп үлкен қанаттарын баяу сермей сермей екпін алады. Ал ауада қалқуы кәдімгідей жеңіл және тез. Ашық алаңқайлар мен далада дуадақ – ұзағынан тез шаршамастан жүруге дағдыланып алған. Қажет болған жағдайда тез қашып өз жауларынан тасалануға да әбден үйреніп алған. Тасалануға оның қауырсынынынң әр түстілігі мол мүмкіншілік береді.