Тұмар тағу туралы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен!
Ибн Мәс`уд былай деген: «Мен Аллаһ елшісінің: «Дем салу (руқия), тұмар тағу мен еліктіру ширк болып табылады», – дегенін естідім» [1](Ахмад 1/381, Әбу Дәуд 3883, Ибн Мәджаһ 3530).
`Уқба ибн `Амир айтқан: «Бір күні пайғамбарымызға делегация келді. Ол тоғыз адамнан ант қабылдады да, біреуінен қабалдаған жоқ. Пайғамбар: «Негізінде, ол тұмар тағып алған!», – деді де, одан тұмарын жұлып алды, сосын антын қабылдады. Кейін былай деді: «Кім өзіне тұмар тағып алса, ширк жасаған болады» (Ахмад 4/156, әл-Хаким 4/417).
Тұмар деп көптеген адамдардың мойындарына асып алған жіптер, моншақтар түріндегі заттарды және соған ұқсас тағы да басқа нәрселерді атайды. Сондай-ақ, бұған сол затқа тәуекел етіп, тіл-көзден сақтайды деген оймен адамның киіп алған жүзігі немесе басқа нәрселер де жатады. Әсіресе, бұны жиі жас балдарға көзден және с.с. сақтасын деп кигізеді.
Өзіне тұмар, талисман, түрлі жіптер мен моншақтар ілу, тағы теріге немесе матаға оралған дұғалар тағу және кішкентай балдардың шекесіне бәле-жаладан сақтасын деген мақсатпен күйе жағу үлкен күнә болып табылады, өйткені осыған ұқсас себептерді жамандықтан сақтану үшін қолдану Құран мен Сүннетте де бекітілмеген. Егер адам осындайларды себеп ретінде алып, бірақ Аллаһқа тәуекел етсе, онда бұл кіші ширк болып есептеледі. Алайда, егер аталған нәрселерді жасаған кісі осы нәрселердің өздері қайғы-қасыреттен құтқарады деп анық сенетін болса, ол үлкен куфр жасаған болып саналыды (“әл-Қаулул-муфид” 1/115).
Аллаһ Тағаладан теріс айналып, өздерін және бала-шағаларын ешқандай пайда да, зиян да әкеле алмайтын көз-моншақтар мен жіптерге тапсыруға не итермелейді?! Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, адамдар! Мысал келтірілді, соған құлақ салыңдар! Расында, сендердің Аллаһтан өзге табынатыңдарың ол үшін жиналса да шыбынды да жаратуға шамалары келмейді. Ал егер шыбын олардан бір заттарын алып кетсе, олар оны қайтара алмайды. Сұрап жатқан да, сұралып жатқан да әлсіз!» (Хаж сүресі, 73-аят).
Тағы да Аллаһ Тағала: «Өздеріне Аллаһтан басқа қолдаушы мен жәрдемші таңдап алғандар, өзіне ұясын тіккен өрмекші секілді. Расында, ең нәзік (мықты емес) ұя – өрмекшінің ұясы. Егер де олар білгенде еді!», – деді (әл-`Анкәбут сүресі, 41-аят).
Шейх `Абдур-Рахман әс-Са`ди айтқан: «Басқа төнген тауқыметтен құтылу немесе одан алдын ала сақтану мақсатымен жүзік, тұмар және соған ұқсас нәрселерді тағу — Жалғыз Жаратушы және Басқарушы Аллаһтың тәңірлігіне қатысты ширктің көрінісі болып саналады. Өйткені, Оған жаратуды және істерді басқаруда серік қосылып жатыр. Сонымен бірге бұл құлшылықтағы ширк болып табылады, себебі Аллаһтан өзге нәрсе тәңір ретінде таңдалып жатыр. Сол затты жүрегімен тәңірдей көріп, оған тәуекел ету және оның пайда әкелетініне үміттену ширк болып есептеледі» (“Қаулу-ссадид” 89).
Көптеген адамдар, түрлі тұмардардың және с.с. барлық жамандықтардан құтқаратынына сенеді. Ал ақиқатында бұл оларға одан да үлкен зиян әкеледі.
`Имран ибн Хусейн айтқан: «Бір күні пайғамбарымыз сары сақинасы бар адамды көреді де одан: «Бұл не?», – деп сұрады. Әлгі адам: «Мен оны әлсіздіктен сақтасын деп киіп жүрмін», – деп жауап берді. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Оны шеш, шын мәнінде, ол сенің әлсіздігінді тек күшейте түсіреді. Егер сен қолыңа осы сақинаны тағып өлетін болсаң, ешқашан бақытқа ие болмайсың!» (Ахмад 4/445, Ибн Мәжәһ 3531).
Әй, мұсылмандар! Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздеріне көңіл бөліңдер: «Ол сенің әлсіздігінді тек күшейте түсіреді». Бұл сөздерден, кез-келген ширктің, ол кіші ширк болса да, мұсылман адамның әлсіздігінің себебі болатынын түсінеміз. Егер мардымсыз ұсақ-түйек заттарды тағып алудың өзі мұсылманның әлсіздігінің себебі болса, онда мұсылмандардың қабірге табыну және өліктерден тілеу секілді ширк көріністерін жасаулары жайында не айтуға болады?!
_______________________
[1] Осы хадис бауырларда түсінбеушілік туғызуы мүмкін, сол үшін кейбір сөздерге ғалымдар қандай пікір қосқанын айтып өтсек:
Дем салу (руқия).
Шейх Ибн ‘Усәймин айтты: “Бұл дем салудың барлық түріне қатысты емес. Бұл жерде дем салудың рұқсат етілмеген түрлері жайында айтылып тұр. Ал шариғатта заңдастырылған дем салуға келер болсақ, онда бұл ширк болып табылмайды!» (Қараңыз: “әл-Қаулул-муфид” 1/114).
Еліктіру ширк болып табылады.
Шейх Мухаммад ибн Суләймән былай деді: “Еліктіру – бұл әйелдің еркекті жақсы көруіне, ал еркектің әйелді жақсы көруіне мәжбүрлейтін сиқырдың түрі» (“Китәбу-ттәухид” 57).
Сосын Ахи мырзадан сұрайын дегенім айтып жатады ғой осы көзі бар адам келсе қолыңды шығарып отыру керек деп ол да ширк болып табылады ма?
«Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді.» (Ибни Ади)
«Адамдардың жартысы көз тиюден өледі.» (Табарани)
«Көз тимеуі үшін егіншілік жерге тұлып (чучело), малдың бас сүйегін қою жаиз. Бір әйел бақшасындағы өнімдеріне көз тимеуі үшін не істейтінін сұрағанында расулуллаһ “Бақшаңа малдың бас сүйегін іл” деп бұйырады. Қараған адам бірінші болып бас сүйекті көреді. Өйткені бас сүйек биікте, ерекшеленіп бірден көзге түседі. Бақшадағы егінді кейін көреді. Сондықтан зияны тимейді.» (Рәддул Мухтар)
Көз моншақ немесе малдың бас сүйегі көз тиюінен сақтамайды. Көзден сақтайтын Аллаһу та’ала. Қараған адамның көздері ең алдымен осыларға түсетін болғандықтан көздерінен шығатын зиянды сәулелер бұларға тиеді. Осылай көзмоншақ таққан адам көз тиюден сақталған болады.
Көз моншақ тағуға ширк немесе бос сөз дейтіндер уаххабилер немесе бұлардың айтқандарынан әсерленген адамдар.
Тұмарды балалар, Құран оқуға ақыл-есі жетпейтіндер, кемістер тағады және тағуына рұқсат. егер сен құран оқи алатындай әдрежеде болсаң онда тағуға болмайды. Тағуға болмайтын тағы бір себеп, тұмарлы қалпымызда лас жерлерге барамыз.ал, ол тұмарда Алладан түскен Құранның аятттары жазылған.
-Зайбал үшкірі кеудеме кіре береді-болды.
ПыСы: Бала тілі бал деген осы ма?
сосын машинаға, баланың бесігіне де тағып қоямыз, ол ше?
Уа @Ahi, мысалы Иранда, жыл сайын Хазіреті Әлиге көмекке бара алмай қалғандардың ұрпағымыз деп, өздерін-өздері қамшымен сабайды. Соны арабтардың өздері деректі фильмдерінде шииттерді көрсетіп: «Барлығымыздың сиынғанымыз бір Алла ғой, қалғаны маңызды емес» дейді.
Уа @Ahi ахун, сен арабтардан да жаман болып кеткен жоқсың ба өзің, Исатілеуіңдібергір?
Мұсылманбыз деп жүргендердің кескіні ғой сол!
Пәк қазақты Батыс бүлдіріп барады. Ендігі қорғаушымыз — Ислам. Толстой шал айтқандай адамзатты құтқаратын дін осы!
Толстой атақты жазушы. Философ. Оның қоғамға сіңірген ең үлкен еңбегі осымен бітуі керек. Қалғаны оның жеке шаруасы.
Құсқым келеді осындай жалтақтық, жолап кеткен адамның абыройын өз жағына жапсыру тірліктерін көрсем, "Ұлы Ескендір Зулхарнайын" еркектермен жатқанды сөлекет көрмеген деп мақтанатын пидрлар елестейді.
«Али секілді жігіт, Зүлфиқар секілді қылыш жоқ» деп жазылып тұратын. Кей бөлімдерде Алиді Мұхаммедтің дінінен екенін дәлелдейтін жазулар бар-тын. Алевилерге месседж бермек болған шығар. Ихтиярлардың ақиқатшыл ресурстары, панафильм бастаған.
Адам баласына ен жаксы тумар ол Аллаhка тiкелей еш шубасiз сену.
Ал козмоншакты уйге iлiп койып коз тимесиндеп машинага тагып алып жол апатынан сактасындеп
Аллаhты сол машинага карауылдатып койгандай одан Кудай сактасын.
Аллаh барими3дин куналаримиздi кеширсiн
Дүмшелер көбейіп кетіп, әрі-сәрі ойға қалдыратындары жаман…