Ширктің түрлері
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Бауырлар, ширк екі түрлі болады. Үлкен және кіші ширк. Үлкен ширк — ол біреуді немесе бір нәрсені Аллаһқа теңеу. Оттағы көпқұдайшы мүшріктер өздерінің құдайларына не айтатынын Аллаһ тағала Құранда былай баяндайды:
«Аллаһпен ант етеміз, біз анық адасуда болыппыз. Сендерді әлемдердің Раббысына теңейтін едік" — дейді мүшріктер (Шұғара сүресі, 97-98-аяттар).
Яғни олар біреулерді бір нәрседе әлемдердің Раббысына теңеген еді. Ол ширк қосушылар Аллаһтан өзге жәрдем бере алатын біреу бар деп сенген. Өлілер мен пұттардан көмек сұрап, дұға жасайтын. Аллаһтан өзге біреу оларға зияндық жасай алады деп ойлап, қорқатын болған. Олар талдар мен тастардан бата тілеп, құрбандықтарын Аллаһқа емес пұттар мен әулиелерге арнайтын. Міне осы жерде сәл кідіріс жасап, тоқтағым келіп тұр…
Бірде мен пойызда бір адамдармен дін жайында сөзге келіп қалдым. Оларға Исламға дейінгі арабтар арасында кең жайылып кеткен ширк жайында әңгімелеп бердім. Адамдардың ағаштар мен тастардан бата сұрайтынын, құрбандықтарын пұттар мен әулиелерге арнайтынын, ер адамдар сақалдарын бір нәубет келе ме деп қорқып байлап қоятынын, ал әйелдер болса көз тиюден қорқып көзмоншақ тағатынын айтып отырдым. Осы кезде бір адам маған: «Мұсылмандар бұл нәрсені жасамай ма?!» — деді. Мен үндеместен аузыма құм толды… Мен не дей аламын…? Азияның мыңдаған тұрғындары «Арыстанбабқа түне, Қожахметтен тіле» немесе «Мединада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда пір Бекет» деп ұрандатып, әулиелерден жәрдем сұрау үшін Түркістанға ағылып барып жатса әрі Аллаһтан өзгелерге арнап құрбан шалып жатса мен не демекпін? Татарстанның мыңдаған тұрғындары бұрын сол жерде тұрып кеткен жандардың аруақтарынан жарқын болашақ сұрау үшін Бұлғарға ағылып жатса мен не дей аламын? Кавказдың мыңдаған тұрғындары өздерінің шейхтерінен Қияметте жәрдем беріп шапағат етуін сұрау үшін солардың мазарларына, қабірлеріне барып жатса біз не дей аламыз? Әрбір үш мұсылманның бірінің мойнында көз тимесін деп немесе ауру шалмасын деп қорқып тағып алған көзмоншақ-тұмары бар болса біз не дей аламыз? Мен әрбір мұсылманды ес жиюға шақырамын. Себебі бұның бәріне лайықты — ол Аллаһ қана. Ол ғана сақтай алады! Тек Ол ғана жәрдем бере алады! Тек Ол ғана жауап береді! Құрбан шалынуға, дұға жасалуға тек Ол лайықты!
Имран ибн Хусейн былай деп әңгімелейді: «Бірде пайғамбар бір адамның қолынан сары (мыс) сақинаны байқап қалады да одан: «Сен бұны не үшін тағып жүрсің?» — деп сұрады. Ол: «Мен оны әлсіздік шалмасын деп тағып жүрмін» — деді. Сонда пайғамбар: «Жылдам шеш! Ол тек сенің әлсіздігіңді арттырады. Ал егер де сен осы сақинамен өлетін болсаң, онда құтылмайсың» — дейді» (Ахмад 4/445. Ибн Мәжәһ 1167).
Имам Ахмад Уқба ибн Амрдың айтқан мына хадисін келтіреді. Пайғамбар: «Тұмар [1] таққан адамның соңын Аллаһ қайырлы етпейді. Көзмоншақ таққанға Аллаһ пана болмайды» — деген (Ахмад 4/154). Хадистің басқа риуаятында: «Кім тұмар тақса онда ол ширк жасады» — делінген (Ахмад 4/156).
Ибн Масғуд пайғамбарымыздың: «Шын мәнінде (егер онда көпқұдайшылықтың белгілері болса) дем салу, тұмар – ширк болып табылады» — деген сөзін келтіреді (Имам Ахмад 1/381, Әбу-Дауд 5/219).
Әбу Уақид әл-Ләйсиден былай дейді: «Бірде Аллаһ елшісі сахабаларымен бірге Хунайнға жол тартты. Олармен бірге жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар болды. Кенет, көпқұдайшылар көпке дейін жанынан шықпай, әркез бата сұрай отырып қару жарақтарын ілетін (Зәт әл-ануат деген) бір талдың жанынан өтіп бара жатқанда жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар: «Иә, Аллаһтың елшісі! Біз де олардыкіндей Зәт әл-ануат болуын қалаймыз» — деді. Сонда Аллаһ елшісі: «Аллаһу әкбар! Бұл бұрынғылардың салты. Жаным қолында болған Аллаһпен ант етемін, сендер Исрайл ұрпақтарының Мұсаға айтқан сөзін айтып тұрсыңдар:
«Бұлардың тәңірлері сияқты бізге де тәңір жасап бер. Мұса оларға: «Шынында сендер надан қауымсыңдар" — деді (Ағраф сүресі, 138-аят).
Шынында сендер бұрынғылардың салтымен жүресіңдер" — деді Аллаһ елшісі (Тирмизи 5/218).
Алиден: «Аллаһ тағаладан басқаға құрбан шалғанды Аллаһ тағала лағынеттеген» — деген хадис келген (Муслим 1978).
Тариқ ибн Шихабтан пайғамбар: «Бір шыбынның себебінен бір адам жәннәтқа, ал екіншісі отқа кірген» — дейді. Адамдар одан: «Иә, Аллаһ елшісі, бұл қалай?!»-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: «Бірде екі адам бір дінсіздер тайпасының жанынан өтіп бара жатады. Жанынан өтсең міндетті түрде соған құрбан шалу керек болған бір пұттары бар екен. Сонда пұтқа табынушылар екі жолаушының біріне: «Әйтеуір бір нәрсені құрбандыққа шал» — дейді. «Менде құрбан етерлік ештеңе жоқ»-дейді әлгі адам. Әлгілер қоярда-қоймай: «Тым болмаса бір шыбынды құрбан ет» — дейді. Ол адам шыбынды құрбандыққа шалып еді, оған жолын әрі қарай жалғастыруға рұқсат береді. Осы үшін ол отқа кірген. Кейін отқа табынушылар екінші жолаушыға: «Сен де бірнәрсе болса да құрбандық ет» — дейді. Сонда ол: «Мен тек қана Аллаһқа құрбан шаламын» — дегенінде оның басын кесіп алады. Ал ол болса жәннәтқа кіреді» — деген хадис келген (Ахмад «Әз-зуһд»).
Убада ибн Самит былай дейді: «Пайғамбар уақытында мұсылмындарға әртүрлі зияндықтар жасайтын екіжүзді адам болған. Сонда мұсылмандардың кейбіреулері: «Бұл екіжүзді адамға қарсы пайғамбарымыздан көмек сұрайық» — дейді. Бұл хабар пайғамбарымыздың құлағына жеткен кезде ол: «Менен емес, Аллаһтан көмек сұрау керек» — дейді (Ат-Табарани 10/109).
Сол үшін де кімде-кім біреуді немесе бір нәрсені махаббатпен, қорқып, үміттеніп, ұлықтап, құрбан шалу арқылы Аллаһқа серік етіп қосатын болса, онда ол үлкен ширк жасаған болып есептеледі. Ал Аллаһ тағала ол жайында Құранда:
«Аллаһ тағала өзіне серік қосылуды кешірмейді. Ал бұдан өзгенің бәрін қалаған адамына кешіреді» — деген (Ниса сүресі, 48-аят).
Ширктің екінші түрі – кіші ширк. Бұл ширкке көзге көрінуге тырысу, яғни рия жасау, Аллаһтан өзгемен ант ету, «Аллаһ және сенің қалауыңмен…» дегендей сөздерді айту сияқты нәрселер кіреді.
Имран ибн Хусәйн пайғамбарымыздың: «Шын мәнінде сендер үшін қорқатын нәрселерімнің ішіндегі ең қорқыныштысы — сендер кіші ширк жасап қоя ма деп қорқамын» — дейді. Адамдар оның не екенін сұрағанда пайғамбар: «Бір істі көзге көріну үшін атқару» — дейді (Ахмад «Муснад» 5/428).
Әбу Һурайра пайғамбарымыздың: «Қиямет күні ең бірінші сұраққа түсетіндер ол — Құран оқушы, Аллаһ жолында күресуші және өз мүлкін құрбан етіп, садақа жасаушы.
Білім іздеп, Құран оқушы адамды алып келіп, оған берілген нығметті көрсетіп, оның істеген істері жайында сұрайды. Сонда ол: «Мен Құран оқып, оны басқаға үйреттім» — дейді. Сонда оған: «Сен жалған сөйлейсің. Сен ол істі тек «Қари» (яғни «оқымысты») деп айту үшін оқыдың. Ол айтылды» — делінеді де оны отқа қарай бетімен апарады.
Аллаһ жолында күресушіні алып келіп, оған берілген нығметті көрсетеді де одан істеген істері жөнінде сұрайды. Сонда ол: «Мен жауыммен Сенің жолыңда күрестім, Сен үшін, иә, Жаратушым!» — дейді. Оған: «Сен жалған айттың. Сен тек сені «Батыр» деп айту үшін күрестің. Ол айтылды» — делінеді де оны да отқа қарай бетімен апарады.
Сосын мал-мүлкін құрбан етіп, садақа таратқан адамды алып келіп, оған берілген нығметті көрсетіп, оның істеген істері жайында сұрайды. Сонда ол: «Мен садақа бердім» — дейді. Сонда оған: «Сен жалған айттың. Сен бұны «Жомарт» десе екен деп атқардың, ал ол айтылды» — делінеді де оны бетімен отқа тастауды бұйырады» — деген хадисін келтіреді (Тирмизи 2304).
Қутайладан мынадай хадис жеткен: «Бірде пайғамбарға яһудилердің бірі келіп: «Сендер ширк жасайсыңдар. Сендер «Егер Аллаһ және сен қаласаң» — деп айтасыңдар және де Қағбамен ант етесіңдер» — деп айтады. Осыдан кейін пайғамбар «Қағбаның Иесімен ант етемін» және «Егер Аллаһ қаласа сосын сен» деп айтуды бұйырды» (Ан-Насаи 7/6).
Омар ибн Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбар: «Аллаһтан өзгемен ант еткен ширкке түседі» [2] — деген (Тирмизи 5/253).
___________________________
[1] Бәле-жаладан сақтайды деп ілінген кез-келген нәрсе «тұмар» болып есептеледі.
[2] Оған бүкіл Аллаһтың атымен емес басқа біреудің атымен ант ету кіріп кетеді, мысалы «анамның ақ сүтімен», «түн жамылып тұрмын ғой», «нан ұстайын» және т.б. жатады.
Alaida, bir kurbym bolgan, ol ata anasynyn `pozdnii` balasy. Ata anasy bir molaga baryp, bir aulienyn basynda kongan son gana, anasynyn kursagyna bala bitip, kurbym duniege kelgen eken. KUlagynda suiel sekildi teriden `narost` bar, sol bir suiel belgi deidi. Sogan senedi. Birnewe jyl boiy bala kotere almai, sodan kein bala kotergen anany ew narse oiynan kaitara almaidy dep oilaimyn…
1) Құран мен Сүннет
Әбу Һурайрадан келген хадисте, пайғамбарымыз былай дейід: «Мен сендерге екі нәрсе қалдырдым. Олардан кейін сендер ешқашан адаспайсыңдар – Аллаһтың кітабы және менің Сүннетімді» (әл-Хаким. «Сахих әл- Жәми`» 2937);
2) Сахабалардың сөздері
Аллаһтың елшісі былай дейді: «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді, олардың барлығы тозақта, тек біреуінен басқа». Одан: «Әй, Аллаһтың елшісі, олар кімдер?», – деп сұрағанда ол: «Олар менің және сахабаларымның артынан ергендер», – деді (Ахмад 4/102, Әбу Дәуд 2/503, Тирмизи 3/367, ибн Мәжәһ 2/479, әд-Дәрими 2/241, әл-Хәким 1/128).
3) Ижмә' (ғалымдардың бірауызды келісімі)
`Умар мен Әнәстан жеткен хадисте, пайғамбарымыз: «Расында, Аллаһ Мұхамедтің үмметін толығымен адасу үстінде жинамайды», – деді (Ахмад 5/145, Ибн Мәжәһ 3950, әл-Хәким 1/115).
4) Қияс (аналогия).
Дінді бекітетін логика емес, бекітетін — Аллаһ Тағала! Діннің бүкіл заңнамасын орнататын да Сол!
Мүмкін діни соғыстардың барлығын да бастаған Алла шығар?
Аллаға жауапкершілікті ысыра салма.
Аллаға дін керек емес. Адамдар Алланы тану үшін сондай бір ілімнің қажеттілігі туған, Алла оны салбыратып бере салмаған, адамның санасында туған нәрсе Құран да, Тәурат та, Зәбур да, Інжіл де.
Ия билік, мадақ, марапат, аудитория, тыңдарман, оқушы, еруші жинау үшін, сосын ұпай жинау үшін жасаған.
Егер Мухаммед мен өзім шығарған кітап! Десе, оның соңынан ерушілер азаяр еді.
Қазір де аспаннан хабар келді, параллель әлемнен маған ақиқаттар келді деп қуатын пайғамбарлар жетеді. Бірақ адамзат сол кездегідей аңқау емес, Леня Голубковтың МММ-мінен кейін қазір ешкім ештеңеге оңайлықпен сенбейді.
Тағы да Аллаһ былай деген: «Міне осылай, олардан бұрынғыларға қандай елші келсе де, олар міндетті түрде: “Ол – сиқыршы, не жынды!” — дейтін еді» (Зәрият сүресі, 52-аят).
Тағы да Аллаһ Тағала: «Осылайша, Біз әрбір пайғамбарға күнәһарлардың ішінен жау істедік», — деді (Фурқан сүресі, 31-аят).
Аллаһ Тағала былай деді: «Сабыр ет! Шын мәнінде, Аллаһтың уәдесі – хақ! Анық сенбейтіндер сені жеңілтектікке апармасын» (Рум сүресі, 60-аят).
Бүкіл пайғамбарлар Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер, басқа ешкімге құлшылық етпеңдер деп келген. Ол туралы Аллаһ тағала былай дейді: «Расында, әрбір үмметке: “Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар”, — дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят).
Аллаһ Тағала бүкіл әлемді адамдар үшін жаратты, ал адамдарды Өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратты. Адам баласының жаратылу мақсатын бұзатын — ширк! Осы мақсатты құртатын ширк болғандықтан ең алдымен ширктен сақтандыру керек. Мұхаммед пайғамбарға да он жыл бойы намаз парыз етілмеген, ол бүкіл халықты осы ширктен сақтандыру үшін келген. Себебі, адамдар ширкке белшесінен батты. Соны түсіндіру үшін тырысып жатқандығымыз ғой. Таухид, ширк туралы қозғалатын әңгіме әлі көп! Исламның негізі — Лә иләһә илләЛлаһ сөзі болса, ол да сол тақырыпқа арналған.
Тағы да, он сегіз пайғамбардың есімдерін атап болған соң Аллаһ былай деді: «Егер де олар ширк қосқанда, олардың істегендерінің барлығы жойылар еді» (Ән`ам сүресі, 88-аят). Таухидсіз амал ешқашан да құлшылық болып саналмайды.
Лә иләһә — құлшылық етілетін бірде-бір лайықты нәрсе жоқ (нәфи — бүкіл құлшылық етілетін нысаналарды жоққа шығару);
ИллаЛлаһ — құлшылыққа тек Аллаһ қана лайықты (исбәт — құлшылыққа тек қана Аллаһ лайықты екенін бекіту).
Яғни адам ширкті теріске шығармастан, таухидті ұстана алмайды! Ширк пен таухид бір жерге сиыспайды! Алдымен жоққа шығарамыз, сосын бекітеміз!
Ескерту мен ол жаққа бармағанмын, тек көрген адамға түсінікті болу үшін жаздым!!!
Тағы да Аллаһ былай деген: «Ол Күні теріске шығарушыларға өкініш! Сый-жаза Күнін теріске шығарушыларға. Ал оны тек әрбір шектен шығушы және күнәһар теріске шығарады. Оған Біздің аяттарымыз оқылған кезде: “Бұрынғылардың ертегілері”, — деп айтады. Жоқ! Олардың жүректерін өздері тапқан нәрселері тоты басып бүркеді. Расында, олар сол Күні Раббыларынан перделенеді. Кейін олар әлбетте Тозаққа кіреді. Сосын оларға: “Міне, теріске шығарғандарың — осы”, — делінеді» (Мутаффифин сүресі, 10-17-аяттар).
Аллаһ Тағала: «Олар Қияметті теріске шығарады. Біз Қияметті теріске шығаратындарға От әзірледік», — деді (Фурқан сүресі, 11-аят).
Тағы да Ол: «Біздің аяттарымызға және Бізбен жолығуға сенбейтіндер, Менің мейірімнен күдер үзді, әрі соларға ұлы азап болады», — деп айтқан (`Анкәбут сүресі, 23-аят).
Алла Тағала тағы былай дейді: «Кәпірлер: “Қайта тірілмейміз”, — деп пайымдайды. (Оларға) айт: “Раббыммен ант етемін! Сендер әлбетте тірілесіңдер, кейін істегендерің жайлы хабар аласыңдар. Бұл Аллаһқа оңай!”» (Тағабун сүресі, 7-аят)
Құдай сақтасын! Қорқынышты бар ғой!!!
показуха" үшін емес, шын ықыласпен істеу.Топастар тек діни ортада емес, ғылыми ортада да кездеседі. СаянҮш сияқты ғылыми еңбектің ішінен бір сөзге жабысып алады да (осы жерде «Ширк» мәселесі сияқты) соны мыжғылай береді мыжғылай береді. Қазақ емес "Қассақ" деу керек дегені сияқты.
Оны дәлелдеу үшін мың куәлік іздеп кетеді.
Жан жақты қарай алмайды. Әр қайсысы Құранның әр сөйлемін негізге алып, әлі қырық бөлінеді. Айтпады демеңдер. Кейін жүз жылдан соң, менің мына жазбамды біреу тауып алса, мені де пайғамбарға балап, айналасына насихаттайтын бір ақымақ табылады десе таңқалмас едім.
сүйіншілеңдер, (жақсы хабар айтыңдар,
қызықтырыңдар) қорқытпандар!» деп пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан емес пе едi. ағылшын тiлiн үйретуге келген миссионерлер маған не үшiн ұнайтынын бiлесiздер ме? олардың көздерiнде Құдайларыңа (Исаға деп оқыңыз) деген махаббатты көрем. олар менің "қате" сенiмiмдi «жоям» «дұрыстайм» демейдi. Исаға деген махаббатымен бөлiсуге келгенін айтады. мейлi зымиян пиғылмен келсе де, қарапайымдылығымен адамның жүрегiне жол таба бiледi. ал, «Мұхаммедидтер» (бәрі демейм) бiр-бiрiмен қырылысып адамды дiннен жирендiрiп, үркiтедi. ренжiмегiн, құдды бiр «кiмдiкi ұзын» деп шаптыра жарысқан балақайлар секiлдi.
кiтап күйiнде дiнде бәлкiм мiн жоқ болар. бiрақ сол сенiмдi жанындағыға сездiретiн ic-әрекеттерің екенiң ойланған жөн. ал, мақала жазып, лекция таратуға келер болсақ, ақылға ой саларсын бәлкім. бiрақ жүректе зәррәдай өзгеріс болмауы бек мүмкiн, амалдарын жөндi болмаса. (мен сияқтылардың делебесi қозады бұл тақырыпқа келгенде) бip ғана мысал, жыл сайын араққа қарсы компания жүргізiлiп, лекциялар берiледi. ал пайғамбырымыздың 23 жылда жасағаныңа неге татымайды?
Аллаһ Тағала былай деді: «Айт: “Бұл – менің жолым. Мен және артымнан ілескендер Аллаһқа анық білімге сүйеніп шақырамыз. Аллаһ Пәк, ал мен серік қосушылардың бірі емеспін”» (Юсуф сүресі, 108-аят).
мен де сол түсіне алмайтындардың Ең басында шығармын!!!
сол жердегі мақаланың аты ғой(cілтеме)… Уаххабшыларға арналған
Иә, Құран мен Сүннетте тек наыз мужтәһид қана ұға алатын нырселер бар, алайда оларда қарапайым халық та түсінетін көптеген нәрселер бар. Мысалы, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған ешкімді серік қоспаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят). Тағы да Аллаһ: «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ жәннатты харам етеді, әрі оның орны тозақта болады. Залымдар үшін еш көмекші болмайды», — деді (Мәида сүресі, 72-аят). Тағы да Ол былай айтты: «Зинаға жақындамаңдар» (Исра сүресі, 32-аят). Тағы да Аллаһ: «Сендерге өліксе тыйым салынды», — деп айтты (Мәида сүресі, 3-аят). Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіргендерге көздерінтүсіріп жүрсін, әрі жыныстық мүшелерін сақтасын деп айт» (Нұр сүресі, 30-аят).
Бұл аяттар түсінікті ғой, оны қарапайым жұрт еститін болса, әлбетте түсінеді.
Аллаһ Тағала: «Неге олар Құранға ой жүгіртпейді?», — деді (Ниса сүресі, 82-аят). Бұл барлық мұсылмандарға қатысты.
Әрбір адам Құраннан, Аллаһтың жеңілдеткенін түсіне береді. Қарапайым кісі өзінің дәрежесіне сай, үйренуші өзінің дәрежесіне сай, білімде орныққан ғалым өзінің дәрежесіне сай түсінеді. «Ол аспаннан су ағызады, сонда әрбір ойпат мөлшеріне қарай селге толады» (Ра`д сүресі, 17-аят). Сол сияқты, Аллаһ түсірген білім де, оны әрбір жүрек өз мөлшеріне сай қабылдайды. Әркім өз түсінігіне сәйкес аяттардан пайда алады. Ал енді Құранды нағыз мужтаһидтен басқа ешкім және мүлдем түінбейді деу, әрине дұрыс емес.
Айналайын, Рахманжан! Егер қарапайым адам мен ғалымның түсінгені сәйкес келмей қалса не болады? Ислам екіге бөлінеді. Құранды түсінемін деп оқитын млн адам бар. Енді ойлай бер секталар, ағымдар (салаф, уаххаб, хизбут) қайдан шықты?!
Екіншіден, ондай таңдау боп жатса, әрине ғалымдардың түсінігіне жүгіну керекпіз.
Алла Тағала: "Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!" деп бұйырды.
Олар ғалымдарға Құран мен Сүннетті түсіну барысында жүгінбеген.
"Егер білмесеңдер" деп шарт қойды. Бекер емес шығар!
Алла: "Егер білмесеңдер" деп шарт қойды.
«Білем» десеңіз — деген сөздеріңіз қайда қалды?! Алла қанша екенін Құраннан қарап түсінуге болмайды ма екен? Ғалымдардан сұрау керек па тек қана?
Алла анық айтты ғой: "Тәңірлерің — жалғыз ғана тәңір"
«Білмейм» десеңіз — мұсылман адам бұны білмеуі мүмкін бе?
Ал екіншіден, сіздің ешнәрсе білмегеніңіз барлық адамға қатысты ма?
Аллаһтың қанша екенін білу үшін құран оқып отыру шарт емес. Фиқһи кітаптар бар, солардан оқимыз. Ислам кеше түскен жоқ. 14 ғасыр болды келгеніне. Қаншама ғалымдар құранды ашықтап, (біз сияқтыларға) түсінікті етіп жазып қалдырған, солардан оқимыз. Мүмкін сен дәрет алуды да құраннан үйренген шығарсың?
Сен кімПАЙҒАМБАР КІМАхи мырза баршамызды тозактык істерден аулак болсын.Аллахтағала бар екенін ұмытпасын дейді.
Шындық шындықты жасырсан келеді басына сұмдық.
Шайтанын лас айласына алданып жүрме.