Тәңір тауы...

Қазақстанның табиғаты аса көркем әрі бай. Кең байтақ жерімізде тау, орман да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақ жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995м жоғары (кейбір деректерде7010 метр деп көрсетіледі ), ал ең төменгі нүктесі – Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. *****

Хан Тәңірі шыңының басына Қазақстанның туын желбірету Азиада қарасаңында спортшыларға жасаған үлкен сыйымыз болды — альпинист А. Сафрыгин ****

Хан Тәңірі… десе, Шер-ағамыздың «Бір кем дүниесі» еріксіз еске түседі. Неге десеңіз, бұл шың бар-жоғы бес метрге «бойын» ұзартса, «жетімыңдық» шыңдардың жампозы болғалы тұр еді. Қайтесіз, бір кем дүние… Енді бір есеп-қисап бойынша, оның биіктігі 7010 метрден де асып жығылатын көрінеді. Қалай болса да, Аспантаудың (Тянь-шань) алып шыңдарының бірі — Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе «қанды тау» деп те аталады) білмейтін жан жоқ. Қызық болғанда, шың Қазақстан, Қырғызстан және Қытай секілді үш мемлекеттің шекарасын түйістіріп тұр. Бізге қарайтыны — оның солтүстік бөлігі. Шыңның ерекшелігі неде десеңіз, оның жып-жылтыр мұздан жасалғандай үшкір пирамида пішіндес болып келуі, әрі жапонның Фудзияма шыңындай басын үнемі тұман бүркеп тұруы оның төңірегінде талай аңыз-әфсананы туғызған. Мысалға, көзкөргендердің айтуынша, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді екен. Осыдан да Хан Тәңірі шыңын «қанды тау» деп атап кеткен деседі. Ең алғаш қазақ жерінің ең биік нүктесі турасындағы мәліметтер бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын Қытай жылнамаларында кездессе керек. Алайда, шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі — XIX ғасырдың ортасы, 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында орыс географы және саяхатшысы Семенов Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне банланысты көрген-білгенін бірінші болып хатқа түсірді. Жауһарларымызды бағалай білейік, жамағат! *****


Тақырыпқа байланысты дерек
Бөлісу:
  • 3

15 пікір

satibaldi
Нарынқолдан жақсы көріне ме?
KILYZAMAN
Иә, солай…
satibaldi
Ұшар басында адасып, үсіп өлген амиголардың мәйіттерін, ең бастысы — құнды заттарын табуға болатын көрінеді, рас па? Есікте біреу неміс керосин шамын сатып жүргенін көргенім бар еді…
KILYZAMAN
Қарақия ойпаты Маңғысату өңірінде орналасқан…
KILYZAMAN
Қарақия ойпаты көлемі жағынан бесінші Тәуелсіз Достастық елдерінің ағын сусыз терең ойпаттарының бірі болып табылады. Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс – 132 м. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түк тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.****
[url=http://pics.kz/][img]http://pics.kz/s6/1a/e8/00/1ae8003244b5e2733644b8822857949f.jpg[/img][/url]
satibaldi
Орыс демократиясының атасына, жарайд — қазақ авторитаризмінің шешесіне осындай копи-паст мақаланы қойдыру үшін қанша керек?
KILYZAMAN
Ішің өртеніп кетпесе болғаныда… Солай болған жағдайда — ана ойпаттың, болмаса Тұзкөлдің тұзын жалап алсаң болғаны… Шәуілдемейсің, үнің өшеді
satibaldi
Шал, бүгін-ертең атанам деп отырған мына шағыңда, жастарға, әсіресе — VKM-ға өсиеттеріңді айта отырмайсың ба, копи-паст жасап бәдіктене бергенше?
KILYZAMAN
Өртеніп кетпе мынауда сол копипаст (5.08 Kb, 216x233)
Onlasyn
Ақсақалдар қойыңыздар
AKY
Гугл арқылы іздеп тауып алуға болатын инетте онсыз да бар нәрселерді қойғанша, тым құрығанда орысша материалды аударып жазғаныңыз дұрыс болар еді…
KILYZAMAN
Құстың бәрі бұлбұл, елдің бәрі сіз сияқты дүлдүл дегенге сеніңкіремеймін… Адасып келген қолданушыға титтейде болса көмегім тисе — мақсатыма жеткенім…
KILYZAMAN
Шақырған қонақтарым көп…
Altygradus
осы Хан Тәңріні бір жақ бетін қытайларға беріп тастады ғой дейм.
KILYZAMAN
Мына жерде біраз мәліметтер бар, қызығушылық білдірсең оқырсың…