Абайға ұқсамасам да, баласына ұқсаймын...
Мынау алдарыңызда тұрған 1896 жылы Абай атамыз, ұлдары Ақылбай мен Тұрағұл үшеуі Семейдегі фотосалон барып түскен кезі. Оң жақтағы Тұрағұл 19 жаста (Қараңыз: «Абай» энциклопедиясы, 426-бет. «Атамұра» баспасы, 1995 ж.). Енді сол Тұрағұл қазір қасыңызға келсе, не дер едіңіз? «Жиырмаға толмай жатырып сақалын өсірген сатқын уаххабшы» дейсіз ме? Қой, жұрттың айтқаны — өзіне. Одан да мен Абайға ұқсамас да, баласына ұқсайын.
Айтпақшылай, Тұрағұл туралы мына жерден оқысаңыздар болады: kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%A2%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%93%D2%B1%D0%BB
Абай болсам да. Бірақ, сақал шығып жарытпады маған. Текенікі секілді әр жерден қылтиядыКейбіреулерге «бабаларымыз сақалсыз жүрмеген» десең, «ол заманда қазіргідей қырынатын лезвие, джилет болмаған, сол себепті сақалын өсіруге мәжбүр болған» деп соғады. (Қазақ жігіттері қырынуды Октябрь революциясынан кейін ғана большевиктерден үйренді ғой).
Ал, мына суреттегі Тұрағұл болса байдың баласы, аристократ. Ақсүйек бола тұра ұстара таба алмады дегенге сену қиын.
Жиырмалар шамасында болса да сақалды көрік деп білген (бәлкім сүннет деп түсінген) Тұрағұлға барлық қазақтың баласы ұқсасын.
Осы сенің істеп жүргенің дұрыс па? Мұсылмандардың атына кір келтіріп… Біраз ойлансай!
Кімдерге зияның тиіп, кімге пайдалы болып жүргеніңді...!!!