Ширктің қауіптілігі



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Бауырларым! Шын мәнінде ширк – ең үлкен әділетсіздік. Надандықтың ең төменгі нүктесі. Сол үшін де барлық пайғамбарлар мен елшілер өз шақыруларын шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білуге шақырумен бастаған. Ал шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білу ширкке қарама-қарсы нәрсе. Олар дәл осы ширкті жек көргендей еш нәрсені жек көрмеген. Құрандағы және пайғамбарымыз Мұхаммедтің сүннетіндегі біз байқайтын ең үлкен қорқытулар – ширкпен айналысушыларға байланысты қорқытулар. Кемшіліктен пәк Ұлы Аллаһ тағала Өз Кітабында: «Шын мәнінде Аллаһ тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді. Ал кімде-кім Аллаһқа серік қосса, онда ол үлкен күнә жасады» — деген (Ниса сүресі, 48-ші аят).
Сондай-ақ тағы бір аятта: «Шын мәнінде кімде-кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ тағала жәннәтты харам етеді. Оның орны Тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші болмайды» — дейді (Мәида сүресі, 72-ші аят).
Ең жақсы адамдар — пайғамбарлар туралы Аллаһ тағаланың не дегеніне қарап көріңіз: «Егер олар ортақ қосса еді, әлбетте олардың істеген амалдары
жойылып кеткен болар еді»
— дейді (Әнғам сүресі, 88-ші аят).
Ал енді Алла тағала Өз жаратқандары ішіндегі ең жақсы жаратылысы Мұхаммедке (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не дегенін қарап көріңізші: «Шын мәнінде саған әрі сенен бұрынғыларға: «Егер Аллаһқа ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың»-деп уахи етілді. Аллаһқа ғана құлшылық қыл және шүкіршілік етушілерден бол» — деген (Зүмәр сүресі, 65-66-шы аяттар).
Аллаһ елшісінің өзі де бізге ширктің қауіпті екенін ескерткен. Имам Бұхаридің хадистер жинағында пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаһқа серік қосқан күйде о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді» — дегені келтірілген. Сонда Абдулла ибн Масғуд: «Ал кімде-кім Аллаһқа серік қоспай өлетін болса, онда ол жәннәтқа кіреді» — деген (Бухари 1238).
Сондай-ақ, имам Муслим Жәбир ибн Абдулла сөздерінен мына хадисті келтіреді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісіге: «Кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе, ол жәннәтқа кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді» — деп айтқан (Муслим 93).
Муаз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, одан пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Әй, Муаз! Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?» — деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаз: «Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі» — деп жауап қатады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы-кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы» — дейді (Бухари 5967, Муслим 30).
Әбу Зәррдың сөзін имам Бұхари мен имам Муслим келтіреді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған Жәбрәйл келіп мені жақсы хабармен қуантты. Шынында менің үмметімнен кімде-кім Аллаһқа серік қоспаған күйі о дүниелік болса, онда ол жәннәтқа кіреді» — дейді. Сахаба пайғамбарымыздан: «Мейлі ол зинақор болып және ұрлаған болса да ма?» — деп сұрағанда оған: «Мейлі ол зинақор болып және ұрласа да» — деп жауап берген (Бухари 3222, Муслим 94).
Сайд ибн Мусайб әкесінің сөздерін жеткізіп: «Пайғамбардың көкесі Әбу Талиб қайтыс болар шақта оған пайғамбарымыз келді. Ол жерде Әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя ибн Муғира болды. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесіне: «Көке! Лә иләһә илла Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтыңызшы. Шын мәнінде осы сөздер арқылы мен Қияметте сіз үшін шапағатшы бола алармын» — дейді. Сонда Әбу Жәһл мен Әбу Умайя: «Әй, Әбу Талиб! Сен әкең Абдул Мутталибтің жолынан бас тартпақшысың ба?»-дейді. Әбу Талиб: «Жоқ, мен Абдул Мутталибтің жолындамын» — деп, Лә иләһә илла Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтудан бас тартты. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһпен ант етемін, мен сіз үшін міндетті түрде Аллаһтан кешірім сұраймын» — дейді». Сонда Аллаһ тағала мына аяттарды түсірді: «Мүшріктер жақындары болса да, олардың тозақ иелері екендігі анықталғаннан кейін пайғамбар да мүміндер де ол мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды».

Аллаһ Тағала ширк істеген адамды күнәсін кешірмеген былай тұрсын, тіпті басқа мұсылман адам сол кісі үшін Алладан кешірім сұраса, оған күнә болады! Ширктің қандай қауіпті екенін осыдан-ақ байқауға болады!



Аллаһ бізді ширк зұлымдығынан сақтасын!
Бөлісу:

193 пікір

Ojdan
Аллаһ бізді сен сияқтылардын сақтасын!!!
satvaldo
әумин. «Түркістан күнтізбесінен» де )))
Ahi
Әссәләмуғалайкум! Кім сияқтылардан?
Onlasyn
Жұрттың бәрін шулатып енді келдің бе?
Ojdan
Кім сияқтылардан?
Ағылшын күшіктерінен!!!
Ahi
Сіз мені «ағылшын күшігі» деп айыптап жатсыз ба?
Ojdan
Оқығаныңды түсінбейсін ба?
sakenspb
Құраннан аяттар, хадистер келтіріпсің. өзіңді үлкен ғұлама деп санайсыңба олай қылатын.
постыңды оқымадымда.

тағы сұрағым, біздің алдымызда өтіп кеткендердің бәрі сеніңше мушриктер яғни кәпірлерма?
Ahi
1) Құраннан аяттар, хадистер келтіру үшін ғалым болу керек деп кім айтты? Ондай шартты кім қойған?
2) Жоқ, бәрі мушрик, кәпір емес.
sakenspb
сеніңше қазақша орысша аудармаларды оқи берейін ба?
Ислам үлкен ҒЫЛЫМ болғаннан кейін сондай шарт бар.

14 ғасыр солай істеп келді. бұл дүниеден кеткендерді құрметтеді. оның ішінде Укаша ата бар.
a63a1
мен қарапайым тілмен түсіндіріп кетеиін. Қысқасы өлген адамға сенуге (одан көмек сұрауға) болмайды ол құдайға серік қосқандар қатарынан, өлген адам тірі адамдарға көмек жасамақ түгілі, өзіне көмек жасай алмайды!
Ahi
Дұрыс!
Onlasyn
Пәтуа беріп жатсың ба?
Ahi
Онласын, фәтуәның не екенін біліп алыңыз, кейін біреудің фәтуә беріп немесе бермей жатқанын білетін боласыз!
Onlasyn
Қазақпын дейсің. Қазақтың Арыстанбабқа барып медет сұрайтынын білмеуші мең? (Қобыланды да ма есімнен шығып тұр бар ғой сондай).
Ahi
Қазақ болу үшін міндетті түрде Арыстанбабтан медет сұрауым керек пе? Жоқ, мен одан өліп кетсем де көмек те, медет те, байлық та, бақыт та сұрамаймын. Себебі, Арыстанбаб ештеңе бере алмайды, өзінде жоқ нәрсені басқаларға қалай береді ол?
Қысқасы, Абай атамыздың «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан сұрап қайтесің?!» сөзімен тәмәмдайын.
aues
дұрыс айтасың, ол ешнәрсе бере алмайды, тек Аллаһу таала береді. бірақ тәуәссүл деген бар. Құлдардың бәрі бірдей емес, бірі кәпір, бірі мүмин, бірі фасық, бірі тақуа дұрыс па? Аллаһу таала бір құлын жақсы көреді, кейбір құлдарын жақсы көрмейді. біреулер Аллаһқа дос, ал біреулер дұшпан. Ал енді Аллаһтан жақсы көрген құлыңның құрметі үшін Ей Аллаһым бере гөр десек қай жері ширк? Тәуәссүл деген осы, бұндай оқиғалар көп болған. Мысалы Адам алейһиссалам «Соңғы пайғамбардың құрметі үшін кешір дегенінде кешірілді. оны қайдан танисың деп Аллаһ сұрағанда, сен Аршта Өзіңнің есіміңнің жанына сүйікті құлыңның есімін жаздың деген. (ол жазу Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадән Расулуллаһ). Бір соқыр кісі пайғамбарымыздан дұға сұрайды, оған дұға үйретеді, пайғамбарымыздың құрметі үшін көзімді аш дегенінде көзі ашылады. бұны жоққа шығара алмаймыз ғой. беретін тек Аллаһ, дұрыс түсіну керек.
a63a1
Ахи осылай қарапайым тілмен, қарапайым халыққа түсініктірек болады деп ойлайымын, Сондықтан бір өтініш, ендігі посттарыңды өзіңнің тіліңмен жазып отырсаң нұр үстіне нұр болады!
Ahi
Енді нақты айтсаңызшы, кім ондай шарт қойған? Қай ғалым ондай шарт қойған екен?
satibaldi
Қарағанды Мемлекеттік Университетінің жалпытеориялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент, профессор Ноғайбаев.
satibaldi
"Қорқыңдар! Қорқыңдар! Қорқыңдар, сендер түгілі өзім бұтыма жіберіп тұрмын, қорқыңдар!" — деп кейіді ол Сонда. © Евангелие от Амандык, стих 5:33.
sakenspb
сатыбалды ты опять бухой
a63a1
Екінші потадағы не? Ұзыннан жатқан, бетіне кілем төселген
Ojdan
ол жерге бармадын ба?
Onlasyn
Қабір ғой
a63a1
мұндай қабірге барып көрмеппін
Onlasyn
Келсей Түркістанға, апарам..:)
a63a1
не бар онда?
Onlasyn
Жоғарыдағы суреттегі қабір бар
Abilakim
Осы Сізге дін туралы жазсаңыз пікірге шектеу қойыңыз деп талай адам жазды ау деймін… Әлде көзіңіз ахи ақи ма?
Onlasyn
Ақи көреді ғой, уот соқыр…
Abilakim
Ақи адамдар монитордың алдында отырса ринтерді, принтер жақта отырса мониторды көреді дейд
Onlasyn
Мақаланы оқымадым. Айтқысы келгені қабірге бармаңдар ма?
Ahi
Неге оқымай жатырып, қорытынды шығарып жатырсыз онда?
Onlasyn
Сендердің темаларыңды білем ғо
Ahi
Бұ жерде ешкім қабірге бармаңдар деген жоқ!
Onlasyn
Не айтылып жатыр басқа? Сен өзі қазақсың ба? Көзімізді ашқаннан ата-аналарымыз қабірге барады ғой, сендер қайдан шығардыңдар осыны?
Ahi
Сіз мақаланы қайтадан дұрыстап оқып шығыңыз, мақұл ма? Сосын қабірге бармаңдар деген сыңайлы сөйлем тауып жатсаңыз, жазарсыз!
Onlasyn
Сұрағыма жауап берсей
Ahi
Мен — қазақпын.
Қабірге бармаңдар деген бірауыз сөз айтылған жоқ бұл мақалада!
Onlasyn
Қабірдің суретін неге қойдың?
Ahi
Ааа, сіздің қытығыңызға тиген осы қабірдің суреттері ме? Қабірдің қасындағы адамдар қолдарны жайып не істеп отыр сонда?
Айтқым келгені, қабірге дұға қылып, одан көмек сұрауға, одан бақыт, бала, жол ашуын және кез келген нәрсені сұрауға болмайды. Бұл сөздерім қабірді құрметтемеу деген деп түсінбеңіз! Қазір "қабірден сұрама" десеңіз, "әй сен, қабірдің иесін қүрметтемейсің, сен қазақ емессің, сен сатқынсың" деп шығады адамдар. Сыйлау мен сыйыну, құрметтеу мен құлшылық қылу деген сөздердің айырмашылығын түсінбейді, парықына жете бермейді.
edige
Дұға бағыштап бата жасап жатқан шығар?
Ahi
Адамның хақысын сақтауға бес адамдарға таң қаламын. Бүкіл адамды, бүкіл әлемді жаратқан Аллаһтың хақысын Одан өзге біреу құлшылық етіп, дұға қылып бұзып жатқанда, бірауыз сөз айтпайтындарға қатты таң қаламын!
Abilakim
Мынау не деген ұзын адамның қабірі?
Ojdan
Үкәш-Ата
Abilakim
Аяғының размері 143 болған шығар
Zilola
кетч, Укаш атаның басы шабылғаны жайлы әңгімені білмеймісің?
satvaldo
вахаббит, сәләфиттерді игнорге қойындар. қара пиярдің өзі пияр. ел бұларды ұмыта бастағанда осылай «менмұндалап» қылт ете қалады.
админ мырза, аҺидің діни жазбаларыңа камент жазуға болмайтындай етіп қойыңыз. бұларға итак сол «боғжағу» керек.
Onlasyn
админ мырза, аҺидің діни жазбаларыңа камент жазуға болмайтындай етіп қойыңыз.
Мұны автордың өзң істесе де болады
a63a1
Ол жерге барғанда қайтқан адамға Алладан дұға сурап барадығой,
Ahi
Ол жерге барғанда қайтқанда адамдар тек Алладан ғана дұға сұрап қайтпайды, сонымен қоса сол жерде жатқан өліктерден сұрап қайтады. Егер адам Аллаға дұға жасағысы келсе, қабірге бармай-ақ жасауына болады.
Onlasyn
Сен қайдан білдің, әр барған адамның ішіне кіріп шықтың ба?
Ahi
Кіріп шыққан жоқпын, бірақ сіз егер шынымен қабірге баратындардың сол қабір иесінен қорқып, одан жолымды ашады деп үміт етіп баратынын білгіңіз келсе, шырақшылармен сөйлесіп көріңіз. Ол сол қабір иесінің қандай "қасиетті" адам екенін айтып береді. Немесе Түркістанға барып Яссауидің кесенесін көріңіз, адамдар не істеп жатады?! Кесенені айналып, ішін-арқасын кесенеге тигізіп, қасиет дариды деп сенетінін көресіз. Солардың кез келегенімен сөйлесіп көріңіз.
Onlasyn
Осы мәліметті, яғни діни сауатты қайдан алдың?
Ahi
Сіз осы ауық-ауық тақырыптан ауатыныңыз не?
Onlasyn
Түсінбедім
Ahi
Тақырыптан ауытқитыныңызды айтамын!
Onlasyn
Саған да ешнәрсе деп жатқан жоқпыз ғой:)
Ahi
Мен тақырыпта тікелей қатысты нәрселерді ғана жазамын, егер шалыс баспасам
Onlasyn
Менің бір тақырыбыма:
«Ширк көрсең бұлай түршікпес едің» сықылды бірнәрсе жазып едің ғой
asaubota
тақырып түсініктілеу болуы үшін қарапайым сөздермен және қандай істердің ширк болатынын жазып кетсең жақсы болар еді.
a63a1
еее менде соны айтқым келіп еді
Ahi
Рахмет, мен әдейі ширктің қауіпті екенін білдіру үшін жаздым, Құдай қаласа, келесі посттарымда ненің ширк, ненің ширк емес екенін түсіндіретін мақалалар шығарып қалармын!
konvict
Ахи бауырым! Не қыласың бұл жерге бұндай пост жазып? Аллаһ тура жолды көрсетпей адасқандар өз ойынан бас тартпайды. Ең дұрысы дін туралы мұндай жазбалардың болмағаны жақсы. Құр босқа сөз түсінбейтіндер қасиетті сөзді қор қылады. Көрдің бе, жоғарыда коммент жазғандар тіпті оқымағанда. Себебі оны оқу олардың нәпсісіне ауыр келеді. Содан кейін дін туралы аузына келгенін оттай береді.
Onlasyn
Негізі бұлай (ұзн қылып, Құран араластырып) жазатындардың кім екені білемін, сондықтан оымадым.
konvict
Сен секілділермен Нұршылар мен Сүлейменшілердің айналысқаны жақсы. Тілімді щықарватрм
Onlasyn
Мен Нұршы немесе Сүлейменші емеспін, Мен — таза қазақпын хэ-хэ
konvict
О құдай сен жазғанға түсінбейді екенсің ғо! Бәсе деймін де, кеше жолда бір итті көріп едім
Onlasyn
Сенің бір ұстанымың жоқ па? Бір уаххабты жақтайсың, бір де иеһованы шешесс
konvict
Асфальтқа май төгіліп қалыпты
Onlasyn
Жалап ал да! Нақүйіңе қайт!
konvict
Талдар бүршік атты. Жазда жапырақ жаяды!!!
Ojdan
Нұршы немесе Сүлейменшілерденде сақтасын
Abilakim
Е, Алла! Ертең мен өлгеннен кейін дәл мына Үкәш-атаға табынғандай, менің ұрпақтарымның басыма Әбіләкім ата деп келіп тұруынан сақта!
Onlasyn
Оған табыну үшін бармайды адамдар, артынан Құран бағыштау үшін барады.
satvaldo
түсінбейтіндер мақала жазады
a63a1
мен ешкімге де бармайм,өмірден өткен туған-туыстардың басына құран бағыштап қайтамыз, лишний движение жоқ
Abilakim
Бәріміздікі сол ғой
konvict
-О Әбіләкім ата!!! Маған жәрдем ете көр!
-КетНақ! Менің басыма бір қой сой!
Onlasyn
Құр босқа сөз түсінбейтіндер қасиетті сөзді қор қылады.
дегенің қайда?
konvict
Бүгін күн жылы. Аспан ашық. Жаз келді деген осы!!!
Ojdan
ондай темада әзіл болмайды!!!
Abilakim
Үкәш атаға екі адам сенеді екен
edige
Жауап жазуың тым қиын Ахи бауырым!
Әурелік қана қалады. Түсініктемені, каментке жауапты күтіп отыр гой
Erlan
Бугін кешкісін Спец репортаж болады казіргі кундегі діни ахуал жөнінде көп теген сұрақтарынызға жауап табылады, Хабар арнасында, 22:20 — “Ақиқат”
edige
Жасырын сұрайтын сұрақтарыма жауап ала алмай дал болып жүрмін… ту бііір
Ojdan
үаххабшылардың дайындағаны ма?
секталарға қарсы
Ojdan
жыртық жамауға күлді деген осы ғой
edige
Жоқ олай емес. Қарапайым түсінікті тілде жауап күткен едім да ееееей…
a63a1
кеше қазақшасы болды 313 деген крутой нөмірлермен жүретіндер туралыгой
satvaldo
шалың ничөөө, «313 LEO» деп қоят…
Onlasyn
Лібә жүрген жерлерің у-шу…
sakenspb
ата-бабаларымыз сенген, құрметтеген, солардың құрметіне барып Құран бағыштаған. ал кәзір оны ширк деп жатқандардың аталары қандай адам болды екен. және сол адамдардың болашағы, тарайтын ұрпағының болашағы үрей тудырады. мұсылмандарды оп оңай кәпір дей салады.
Ahi
«Ата-бабаларымызға сеніп»
не деп сеніп? Жолымды ашады деп сеніп пе?
a63a1
"Өлген адам сөйлемейді" — деген Сұлтан жылқышы!
omarbirat
Сәкенспб «ата-бабаларымыз сенген» деп жазған сияқты, көздерім алдап тұрмаса.
sakenspb
олар бекер адам емес екеніне сенген
sakenspb
олар бекер адам емес екеніне сенген.
satibaldi
ширк істеген адамды күнәсін кешірмеген былай тұрсын, тіпті басқа мұсылман адам сол кісі үшін Алладан кешірім сұраса, оған күнә болады!
Апырмай ә??? Бұтым дір-дір қағып қоя берді ғой тіптен, о несі ә???
Onlasyn
Жазғандарың satvaldo-мен ұқсап кетеді екен…
satvaldo
бас қатырмай тексерсей ай.пи. нөмірмен, насриіңдіссс…
Onlasyn
Өліп кетейін әртіссің нақ…
edige
Жап жақсы теманың быт шыты шықты
satibaldi
Бұ муахахаланың басқа тап осындай миллиард муахахаладан айырмашылығы жоқ. Сол баяғы, арабы сөздермен кеңрдегіңнен алып, тозақтың отынан тұтатып алған ағашпен жалаңдатып, қарапайым адамды үркіту.
Сол баяғы, түк негізсіз себеп-салдарлық конструкциялар, мысалы:
[тіпті басқа мұсылман адам сол кісі үшін Алладан кешірім сұраса, оған күнә болады!] --> [Ширктің қандай қауіпті екенін осыдан-ақ байқауға болады!]
Осындайды жазады, жазады, бірақ осыларды оқып-оқып алған адам қорыққаннан кришнаит не Исаның мүмміні болып жатыр.
Уағыз саласындағы тактикаларды өзгертетін уақыт жетті. Лібә, 19 ғасырдағы татар молдалардың өзі мына әдістеріңе құсқысы келетін шығар, гайнутдинсстің!!!
Onlasyn
Көлемді әрі тураны жазғаның үшін кейде сені жақсы көріп кетем Ш
Ojdan
Бұ муахахаланың басқа тап осындай миллиард муахахаладан айырмашылығы жоқ. Сол баяғы, арабы сөздермен кеңрдегіңнен алып, тозақтың отынан тұтатып алған ағашпен жалаңдатып, қарапайым адамды үркіту.
Сол баяғы, түк негізсіз себеп-салдарлық конструкциялар, мысалы:
[тіпті басқа мұсылман адам сол кісі үшін Алладан кешірім сұраса, оған күнә болады!] --> [Ширктің қандай қауіпті екенін осыдан-ақ байқауға болады!]
Осындайды жазады, жазады, бірақ осыларды оқып-оқып алған адам қорыққаннан кришнаит не Исаның мүмміні болып жатыр.
Уағыз саласындағы тактикаларды өзгертетін уақыт жетті. Лібә, 19 ғасырдағы татар молдалардың өзі мына әдістеріңе құсқысы келетін шығар, гайнутдинсстің!!!
кейде басың істеп кетеді
осы жерден-ақ кімнің күшіктері екенін білсен болады олардың(ұлыбритан иттердің)
a63a1
нәғеп))) бір-біріңмен әмпәй-жәмпәй болып қалыпсыңдарғой)))))))))
Onlasyn
Сырттан жау келгенде))
Ahi
Алладан кришнаитты кешіруін сұрау күнә! Сіз мақаланың логикалық байланысын түсінбеген секілдісіз. «Аллаһ Тағала ширк істеген адамды күнәсін кешірмеген былай тұрсын, тіпті басқа мұсылман адам сол кісі үшін Алладан кешірім сұраса, оған күнә болады! Ширктің қандай қауіпті екенін осыдан-ақ байқауға болады!» делінген сөйлемнің дәл алдында: Сонда Аллаһ тағала мына аяттарды түсірді: «Мүшріктер жақындары болса да, олардың тозақ иелері екендігі анықталғаннан кейін пайғамбар да мүміндер де ол мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды» — деген аят тұрған еді. Соны сіз мән беріп оқымаған шығарсыз…
asaubota
ия Сатыбалды дұрыс айтады, дінді үйретудің басқа әдістері керек. мындай агрессив әдістерден әрине адам қорқып қалады. тек біз ғана дұрыспыз ал қалғандары педерастар дегендей болып көрінеді.
sakenspb
ия асау, мен дартаньянмын қалағандары п… дегендей )
Onlasyn
Естп отырсың ба Ахи десеңізші))
satvaldo
оларға итак сол керек. «ислам, террор. ислам, террор» деп адам санасына сініріп қойып, ақшасын санап, вискиін ішіп отыра берет джондар. уахаббиттерді билікке әкелет. біраз уақыттан кейін өсірген ит иесін қабады. сосын елге «демократия» алып келеді. соған арабтардың (мұсылмандардың) басы жетпей тұр ғой, енессс.
Ahi
Әбу Зур‘а былай деген: “Кімге Аллаһтың Кітабында өсиет болмаса, оған басқа кітаптарда да өсиет болмайды!” Қараңыз: “әс-Сияр” 13/99, “әл-Әнсаб” 4/99.
satibaldi
Аударылған кемеден жалғыз өзі тірі қалған капитан қандай жиіркенішті болса, бүгінгінің уағызшылары сондай асқазан спазмасын шақырады. Аспаннан ақиқат тек жалғыз өзінің қауашағына ғана құйылған. Басқалар — сорлылар. Ол біз үшін уаймдамайды, ол түзу жолға салғаны үшін ана жақта құдайдан алатын қсымша бонустар үшін жазады (как то: хор қыздары(бұл жерде кейбіреуіміздің осал тұстымызды дөп басқандарын мойындамасқа болмайды, ық-ық), мәңгі жасыл бақ).
Аталмыш алқаштарға айтарым: жазбада рух деген болады. Кімнің шын, кімнің әншейін сөйлеп тұрғанын телевизордан көре алатының сияқты, жазбада да адамның оған ықыласы сезіледі. Сондықтан хуйлық «ана кітап күчТ, мына кітап құсық» деп, жіктеп жатады.
Ал мына жазбада — әріптердің әлдебір заңдылыққа бағынған тізбегінен басқа дым жоқ. Автор бар білетінін белгілі бір формаға сала алмай, пұшайман болғанға ұқсайды. Соңғы сөйлемі соған куә.
Сөзің ашетері: ужасная графика, отвратительный звук!
konvict
Сатекеңді осындай сөздері үшін құрметтеймін ғой. (бұған кәмент жазып әуре болмаңдаршы)
konvict
Міне, әй, тәкаппар нәпсім! Сен — сол саяхатшысың. Бүл дүние болса — бір шөл. Әлсіздігің мен пақырлығың шексіз. Дүшпандарың мен қажет нәрселерің де шексіз. Олай болса, бүл шөлдің Әбәди Маликі мен Әзәли Әкімінің есімін ал… Сонда бүкіл әлемнің қайыршылығынан және барлық уақиғалардың қарсысында дірілдеуден қүтыласың…
satvaldo
кетшей, нұршы. жана ған Ожданға секіріп жатыр едің. енді сайрадыңғо…
konvict
Бір топ жас мына замандағы әзәзіл де сұмпайы нәпсіқұмарлыққа және әуестіктерге салынып кетпей, оған төтеп берулері үшін, „ақыретімізді қалай құтқарып қалуға бола-ды?" — деп, Рисалә-и Нұрдан медет сұрады. Рисалә-и Нұрдың терең мағынауи тәмсілі атынан былай дедім: Дүниеде қабір бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің де оған кіретініміз анық
satibaldi
Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің де оған кіретініміз анық
Мұндай қорытындыға елу жылдық зерттеу нәтижесінде келіп отырғаны күмілжітті…
Abilakim
Біреу шөл далада келе жатып, алыстан құдықты көріпті. «СУ, су!»деп айғайлап жүгіріп келе жатса, құдықтан біреу "Қайда,қайда?" деп шығып келе жатыр дейді
ken
Osy qazaq tilindegi «serik» degen soz «shirk» degennen shyqqan emes pe eken?
satibaldi
Баяғыдн солай ғой нақ, мынау арабсымақтар ғой ширк деп жүрген.
Abilakim
сонда мен қонақта қасымдағы қатынымды «Мынау менің өмірлік ширігім» деп таныстырсам бола ма?
a63a1
Қатын дұшпан деген сол ма деп қалдым
ken
Dombyraga uki tagu da shirk eken
edige
«Мен піл тағыбалсам ба деп жүрмін» © Әбілмәжін Қақайық
a63a1
машінемдегі үкідеме не?
ken
Ya.
a63a1
Үкілеп таққан қайран мәшінем-ай, тюнингіне зақым келетін болдығой
edige
Үкіде тұрған не бар екен. Мейлі көзге деп таққан тасты. Ол әсемдікке де жарайды ғой
Zere
Бұрындары "Әруақ!" деп жауға шапқан, одан бері де әруаққа табынудан тайынбаған. Құранның жер бетіне түскеніне бірнеше ғасыр. Сонда осы уақытқа дейін неге осы хадистерді ескермеген? Аяқ асты осылай айтып кетті ғой, аз уақыт болды осы, 2-3 жыл болған шығар…
Ahi
Сонда сіз ата-бабаңыз христиан болғанда не істер едіңіз? Шыныңызды айтыңызшы! Ата-бабам христиан болған, мен де өле өлгенше христиандықтан тайынбаймын дейсіз бе? Сәл ойланыңыз, егер біреу әруаққа сыйынып жатса, оған еруге болмайды, тіпті ол ата-бабаң болса да.
satibaldi
Ата-бабам христиан болған, мен де өле өлгенше христиандықтан тайынбаймын дейсіз бе?
Әрине, солай дейміз!!!
Ahi
Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма? (Сонда да солардың жолымен жүре ме?)»(Бақара сүресі, 170-аят).
Аллаһ Тағала былай дейді: «Қашан оларға: «Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер» делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді» дейді. Ата- бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?»(Мәида сүресі, 104-аят).
Аллаһ Тағала былай дейді: «Ал және қашан оларға: “Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер” делінсе, мұнафықтардың сенен мүлде шегеншектегенін көресің» (Ниса сүресі, 61-аят).
Аллаһ Тағала Нұхтың қауымымен сұхбатын былайша баяндайды: «Сол уақытта ол әкесіне және еліне: “Мына сендер шоқынған мүсіндер не?”,- деді. Олар: “Біз аталарымызды осыған табынған түрде таптық”,-деді» (Әнбия сүресі, 52-53-аяттар).
Аллаһ Тағала Пайғамбарымыздың жағдайын оған дейін болған пайғамбарлардың қауымымен болған жағдайымен салыстырып былай дейді: «Осылайша (Мұхаммед) сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ, олардың беделділері: “Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз” деді. (Әр Пайғамбар): “Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: “Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді» (Зухруф сүресі, 23-24-аяттар).
haos
Пайғамбарға ата бабамыз жақынырақ өмір сүрген емес пе?
Onlasyn
Аяқ асты осылай айтып кетті ғой, аз уақыт болды осы, 2-3 жыл болған шығар…
Дөп түстіңіз!!!
Ojdan
Қысқасы мыжып кеттіңдер
Onlasyn
Ахи бауыр. Сен маған әрине ренжіме. Бірақ, сәл ойлан, осы сендерге адамдар неге қарсы шыға береді. Қарастыр, іздестір, зертте-зерделе. Өздеріңнен өзгені ақымаққа жатқыза бермей, оларды да тыңдап қой. Сен әлі жассың ғой, сол үшін ширк-мирк демей өз ата-бабамыздың діні бар ғой (Ислам деген), сол ғой ең жақсысы. Ол үшін Мүфтиатқа немесе (Алматыда тұратын болсаң) орталық мешіттегі имамдарға бар…
nurlan1
өлі разы болмай тірі байымайды деген сөз бар казакта, соны билмесендер несине көкіректеріңді ұрып казакпын деп жүрсиндер. оданда менин атам айткан сөзи бар соны устанып тыныш журсендерш. «АРТТЫ КЫСКАН БАЙ БОЛАДЫ»
Ahi
Ал өлінің сізге разы болғанын қайдан білесіз?
satibaldi
Логикалық бомба. Оңалсын, уішівөл.
Onlasyn
О дүниеге барғанда білесің.
satibaldi
Қазақ болу үшін міндетті түрде Арыстанбабтан медет сұрауым керек пе? Жоқ, мен одан өліп кетсем де көмек те, медет те, байлық та, бақыт та сұрамаймын.
Прикинь, осылай деген кезде — өліп кетсең ше, ммуах-ха-ха-ха-хааа, алдын да, арттан да кетті нақ))))
chimaq
ahi myrza surai ketein ,qara jorgha bileuge bolama?
chimaq
keshiringiz ahi,qate jazdym,tuzete almadym…
Zilola
1 сурет — Арыстан бабаның басындағы ащы сулы құдық
2 сурет — Укаш ата
Ahi
Басы-қасында болған сияқтысыз ғой?
Zilola
Арыстан бабта болғам, екі рет, моланы айналып, бақыт-байлық сұрауға емес. Просты мавзолей ғо ол!
Архитектурасына қызығамын, жалпы сондай жердің аурасы ұнайды, рухани қауіпсіз жер деп ойлаймын.
Ahi
Моланы не үшін айналдыңыз?
Одан да күшті архитектуралар бар егер қатты архитектураға қызығып барған болсаңыз…
Zilola
«моланы айналып, бақыт-байлық сұрауға емес», үтірді не в тему қоя беретін әдет бар :)
ал архитектура келсем маған именны исламская архитектура ұнайды
Ahi
Алматыдағы орталық мешітке барсаңызшы!
Zilola
өз басым әйел адам мешітке барғанын қаламаймын!
және мені анда-мұнда жолдаудың керегі жоқ!
Сәбет сұрауға емес, темаға өз ойымды қосуға кіргем бұл тақырыпқа
Ahi
Онда не үшін әйел адамның молаға барғанын артық көресіз? Моладан гөрі мешіт жақсы емес пе?!
Ahi
Кесене (мавзолей) — үлкен мола
Zilola
халық барып көруге мүмкіндік жасалған, және басқа молалардан оқшауланған мавзолей.
Басқа молаларға бару, абайсызда біреудің жатқан жерін басып жіберу қауіпі бар, өйткені кейбір молаларда белгі тас жоқ.
Атаға барып, құран оқып шыққанда тұрған еш сөлекеттік жоқ, мазалап ақша сұрап барғаным жоқ. Аллаға шүкір, менде (көп көрмесін) бәрі жақсы, бақыт та, байлық та, денсаулық та!
Zilola
Қалған сұрақтарыңды қойып әуре болма, Алланың алдына өзім барғанда тек өзіне ғана есеп беремін!
serjan
Бұрынырақта қазаққа исламның насихатталуы шала болған, ол кездегі қазақ арасына келген уағызшылардың өресі айтарлықтай биік деңгейде емес болды. сондықтан да аруаққа табыну, одан көмек сұрау тиылмай келді, яғни ислам дініне деген түсінік халық арасында өте таяз деңгейде болды. Егер бұл жерде Алланқа шын жүрегімен сенетін адам болса аруаққа табынудың дұрыс еместігін түсінер еді. Ата баба қателеспейді. деген қағида жоқ. Ұлы Абайда қазақтың түрлі қате мақал мәтелдерін түзеткен болатын.
Ал егер Алланың құдіретіне сенбей ол жаратқан нәрселерден көмек сұрасаң Буддистерден не айырмашылығымыз қалады.
konvict
Осындағы ата-баба жолы деген әркім Шәкәрім мен Абайды оқысы құп болар еді
Ojdan
Әуелі серік қосудың, ширктің не екенін біліп алайық. Мұсылмандар Аллаһу тааланы бүкіл субути және зати сипаттарымен танып, «илаһ» ретінде қабылдайды. «Илаһ» — құдай деген сөз. «Аллаһтан басқа құдай жоқ» деп әр намазда қайталаймыз және бұл мәселеде иманы ең әлсіз болған мұсылманның да күмәні жоқ.

Ал енді «ширк» немесе «серік қосу» дегені — Аллаһтың жұмыстарында оған көмектесетін, Оның орнына тілектерді беріп жіберетін, Оның орнына қалағанын жаратып бар не жоқ қылатын басқа бір тірі-өлі, жанды-жансыз затты да ҚҰДАЙ орнына шығару деген сөз. Мысалыға бір мұсылман егер қабірдің басында (немесе бір байдан бір нәрсе сұрағанда) дұға етіп жатып, сол қабірде жатқан кісінің (немесе байдың) Аллаһты араластырмай өзі тілектерді қабылдайды (көмектесіп жіберуіне сенсе) деп сенсе, ширк келтірген болады. Жоқ егер, қабірде жатқан кісі Аллаһтың сүйікті құлы болғандықтан «Ей Аллаһым, қабірдегі кісінің құрметіне бере гөр» — деп дұға етсе және сол қабірдегі кісінің Аллаһтың сүйікті құлы екендігіне, оның атымен Аллаһтан сұралғанда тілектердің тез қабыл болатынына сенсе, бұл еш қандай серік қосу болмайды.

"Үкаш атаға сену" дегенде екінші мағынада айтып тұрған болсаңыз, дұрыс. Онсызда бірінші мағынада айтатын тентекті Қазақстаннан табу мүмкін емес. Осы мәселені ажырата алмайтын уаххабилер бүкіл әлемді кәпірге шығаруға тырысады. Көрінген нәрсенің бәрін өз ақымақ бастарымен өлшеп көріп «ширк», «серік қосу» деп диагноз қойып жібереді. осының арқасында өздері кәпір және мүшрик болады да хабарлары болмайды. Сол себепті иманын сақтауға тырысатын әр бір мұсылман әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында көрсеткен жолымен жүруі қажет.
konvict
«Ей Аллаһым, қабірдегі кісінің құрметіне бере гөр» — деп дұға етсе және сол қабірдегі кісінің Аллаһтың сүйікті құлы екендігіне, оның атымен Аллаһтан сұралғанда тілектердің тез қабыл болатынына сенсе, бұл еш қандай серік қосу болмайды.
Тура осылай деп нұршылар да айтады
Ojdan
рамазанда ораза ұста деп те айта ма?(Негізі ұстау керек)
konvict
Әр дүйсенбі мен жұма күндері(бейсенбі ме еді?)
Ojdan
тағы недейд
konvict
Нұрси ұшқан дейді
Ojdan
Гүлен Америкадан қайтыпты ма?
ФБР-де тығылып жүр еді ғой
Ojdan
Нұрси Рим папасының қолын сүйгенін мақтанышпен айтпайма
konvict
Менің ұстазым Гүленнің қолын сүйгенін мақтанышпен айтады
Ojdan
ұстазың жетісіпті
konvict
О жағын білмедім. Олда қаласа ұшып келе салады ғо
AKY
Лібә, бір таусылмайтын айтыс… Қажыдым…
saken
осы жердегі «айтыстың» орнына Уикипедияға бірдеңе жазса, 10 есе артық болар ма еді…
meirzhan
Мына комменттер Абай.кз-ті еске түсіріп жіберді ғой. Ол жақтың дін тақырыбына байланысты комменттер сұмдық енді. "Қонақ" деп аноним болып ғайбат сөйлесе күнә боп саналмайды деп оййлайды ғой деймін солар.
Анығы 2 немесе одан да көп секта өкілдері қырылысады: 1-топ: сопылар, исматуллашылар, зікіршілер дегендер. Олар әбізәтельно Абай, Шәкәрім мен Иассуидің кейбір өлеңдерінің кейбір өзіне тиімді шұмақтарын жазып қояды. Мұсылман болу үшін араб тілін білу міндетті емес, қазақ болсаң болғаны дейді. 2-топ: уахабшылар, салафилер: бұлар енді керісінше ата-баба істеген істерін терістеп суперконсерватизмге бой ұрғандар.
Соңғы форпостымыз ҚМДБ секта әсерінен аман болсын дейміз.
Көрмеймін десем көзім бар.
Кешегі Хабардағы бағдарламада зікіршілер туралы бәрі айтылмады. Бірақ осының өзі хабар үшін «ерлік». Бар ғой онда жақсы журналистер бар ғой. Оларға толық сөз бостандығын бермейтіні өкінішті. Ал былай кәсіби деңгейде. Егер осындай бағдарламаларды көптеп жасаса дәретханадағы хлор шашушы кісілер бұндай «жазаны» қуана-қуана қабылдаушы еді.
«Хлор сасытыңдар, хлор сасытыңдар! Сонда сендер сөзсіз „Хабарды“ көресіңдер» © Туалетті хлормен жуатын апай.
omarbirat
Автор немесе көшірмеші, келесі жолы басқа сайттардан копипаст жасамай, мүмкіндігінше өз сөздеріңізбен жазсаңыз құба-құп болар еді. Әйтпесе, мынандай көшіріпсалма посттарды спам деп қабылдамасқа шара болмай отыр. Басқа бір тілден аударып салсаңыз, онда жөні бөлек болар еді.
Erlan
Ақиқат док. фильмін көріп, ата -бабамыздан келе жаткан сопылық дінді жоққа шығарып, теріс көз қарас тудыру ушін түсірілгендей екен, қазақтан ата баба дінін бір жолата айырмаққа, салафиттік діндер туралы ма десем ешнарсе айтылмапты, алде солардың?
meirzhan
Бұл псевдо-сопылық деп астын сызып тұрып айтты емес пе?! Бұлар сопылықтың, исламның атын жамылғандар. 2010 жылға дейін бұның ұйымдары жұмыс істеп келе жатқанына таңым бар. 1999 жылдан бері мем. органдар ай қарап жүрген бе? күдік, күдік…
Ahi
Аллаһ разы болсын сол бағдарламаны түсіруге қатысқандарға!
meirzhan
Кезекте басқа ағымдар тұр. Ал бұған қалай қарайсыз?
Ojdan
барлығын шетінен көрсетсін!
Уаххабшылардан бастап!
meirzhan
Оны «Хабардан» талап етуіміз керек. «Ертегілерді» айтқаны жетті. Халықтың салығына күн көріп отырған арна халықтың мүддесіне жұмыс істеуі керек.