Блогшыларға ортақ қуанышыммен бөлісейін!!!

Достар! Керемет қуанышым бар. “Әрбір блогшы журналист болуға міндетті емес, бірақ, әрбір журналист жақсы блогшы бола алады” қағидасы біздегі блогкеңістікте қалыптасып келеді. Десе де, жаңа медианың дәстүрлі медианы шаң қаптырып кетуінен сескенетін кей аға буын өкілдері блог ұғымын қабылдай алмай жүр. Журфакта Асхат ағайымның үйреткен білімін екшеп көрсету және блогшылар деген қауымның еріккен жұрт еместігін дәлелдеу мақсатында ғылыми жұмысымды “Қазақ журналистикасындағы блоггинг” тақырыбында қорғап ем. Жюри мүшелері түрлі сұрақтармен төпеп тастады, жақында өткен құрылтайдың мақсатын сұрады, блогтың пайдасын сұрады… Ең соңында “Теориялық пәннен тақырып таңдамай, осы тақырыпты қорғаудағы мақсатың не?” деді. “Қазақтілді блогкеңістіктен біздің журналистика факультетінің кез келген студенті не оқытушысы өз орнын таба алады. Еркін пікір алаңында өз ойын именбей айтудың, көрген-білген оқиғаны баяндаудың біздің студенттерге тек пайдасы тиер еді. Бла-бла-бла…” дедім.

Сонымен, маған факультет бойынша жүлделі 2-орын бұйырыпты. Егер, 1- ші және 3-ші орындарды магистрлердің алғанын (өзім 2-курста оқимын) және менің тақырыбымды басында кей ұстаздардың практикалық несерьезный тақырып деп қабылдағанын ескерсек, бұл – жақсы жетістік. Ең бастысы, қазақтілді блогшылардың пост жазып, бекерге потеть етіп жүрмегендігін белгілі бір топ алдында дәлелдедім деп ойлаймын.

Пы.сы. Марапаттау жұма күні болады екен, бұйырса грамотамды суретке түсіріп салам ғой блогқа. Сіз бен біздің қоғамда мойындала бастағанымызға қуанамын, блогшы!
Бөлісу:

54 пікір

asaubota
құттықтаймын, әлі де үлкен жеңістер, табыстар тілеймін.
Abilakim
Мадес, Розатай! Сен туғанда бекер ішпеппін ғой!
Rozatai
cен туғанда тесік шелекпен су тасып ем демейсіз бе?
edige
Кұттықтаймыз!!! Жуамыз ба?
Дипломды суретін сканерлеп жіберіп құтылмайсын.
Rozatai
енді не істейін?
edige
Гастаға САМСА, Саттыға ШЕКУШКА деп кете берсең я :))))
Бір күшті етіп жаз осында «блок» туралы. Мағана іздеп дал болып жатқан жастар шығып жатыр арамыздан. «Троллинг Продакшн» құрамыз деп
Rozatai
жазсам, сынға алынатын шығармын.
Abilakim
алдымен өздері жазып алсын… Сынау үшін деймдә…
Rozatai
ой, мен қорқам Керекинфода бірнәрсе жазуға
Abilakim
Батылдық үшін бір жүз граммнан тартып жібер))))
Rozatai
мен ішпеуші едім, ағай (сызылған смайлик) :))))))))))))))))))
sammita
алдымен өзіміз жазып алайық де одан да, немесе жаз өзің.
Abilakim
ол дәл сол жазбасын салса менің сын айтпаймын дегенім еді.
Rozatai
сіздің сыннан қорықпаймын, бырат (ыржиған смайл)
Rozatai
жазсын өзі, ы-ы-ы-ы-ы!
ken
Qutty bolsyn!

PS: Sammitaga:
Taqyryptagy «blogshylarGA» degen jazu dyrys pa, alde «blogshylarMEN» bolu kerek pe?
Rahmet.
alisha
Блогшылармен бөлісейін — дұрысы, блогшыларға айтайын, жар салайын т.с.с. формада қолданылады. Саммита үшін жауап беріп жатқаным үшін кешірім өтінемін.
sammita
:))) «Блогшылармен ортақ қуанышымды бөлісейін» деп ойлаймын.
Abilakim
Бұл қуаныш блогшыларға ортақ қуаныш дегісі кеп тұр…
Rozatai
иә, Әбіләкім, бұл қуанышым маған ғана емес, блогшыларға да ортақ дегім кеп еді. Ойымды түсініпсіз
alisha
мм, онда түсінікті, дұрыс.
Janasil
Құтты болсын!!! Ол кісілер(тақырыпты маңызды емес деп ойлаған)әлі заман ағымы қайда бара жатқанын түсінбейтін шығар.
Rozatai
жоқ, ұстаздарды жазғыруға болмайды
patick
қап, кеше репортажымды компьютерде емес, машинкамен басқызған ағайымды аямай ұрып едім.
Rozatai
тух, Патик, сіздің қалжыңыз қалмайды. :)
TOTY
Қуаныштымын, Күн-сұлу қыз, жарқырай бер күлімдеп!
Rozatai
рахмет, Вкототы! :) Розатай деңізші жай ғана
satibaldi
Біресе үздік оқымыстылар… Біресе үздік блоггерлер…
Күдік… Күдік… Жегідей жеген күдік…
Rozatai
Сатыбалды, оқымыстылар дегеніңізге қарсымын
qisyq
Бонд. Джеймс Бонд.
ushkin
Жарадың, Розатай…
Rozatai
Рахмет, бұл жерде мақтану үшін емес, блогкеңістікке қатысты болғасын жазып ем
edige
Резюмеге "Қазақ блог кеңістігі қоғамының мүшесімін" деп жазвалсам ба десем откенде құрылтайға бара алмағанымды ойлап мұңайып қаламын десең
Rozatai
а?
edige
Жазушылар одағы, журналистер одағы, суретшілер одағы, мүсіншілер одағының БІЛДЕЙ МҮШЕСІМІН деп жыртылатындарды айтам дә. Неге «Блоггерлер одағын» жасамасқа дегенім ғой.
Түбіріне барып ойланбаған мәселе
VKM
Жарайсың, Розатай!құттықтаймын
urimtal
Жарайсың, Роза! Құтты болсын!
qisyq
Ал, құтты болсын, балдыз! Қуаныштымын сен үшін! Жатақханаға келем, жуасың))) Екі себепті қатар, өзің білесің)))
Rozatai
Алдын-ала айтып кел, жеңеше, ой, жезде! Жуамыз
Aikona
Құттықтаймын! :))) Жарайсың!
AKY
Розатай маладес! Айттым ғо, осы сенен бірдеңе шығады)