Мәдениет күндері
Бұрынырақта, бір он жыл бұрын шығар «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінің концертіне барған едік. Сол кездегі концерттен алған әсерімді әлі күнге ұмытар емеспін. Сол кезде бүткіл қазақ музыкасын, жалпы ұлтымды сүйіп, қадірлеп кеткен едім. ))
Алдында газетке Жамбыл атындағы филармонияның афишасы келіпті. 16-сәуірде «Отырар сазының» концерті болады деп. Ұсыныс тасталды – құпталды, солай қарай тартып тұрдық.
Бастапқыда Нұрғиса ағамыз жайлы азулы ағаларымыз бен апайларымыз жақсы естеліктер айтты. Кейін Динара Тілендиеваның дирижерлығымен Нұрғиса Тілендиевтың күйлері мен әндері орындалды. Динара-Зухра Тілендиева – керемет сұлу екен енді. Негізі концертте тағы қосымша біраз дирижерлер болды, байқауымша екі-үш өлеңнен кейін ауысып отыру керек қой дим. Оның қыр-сырын енді білмедім…
Жалпы Нұрғиса Тілендиевтің қоғамға сіңірген еңбегі жайлы тәптіштеп жазбай-ақ қояйын. Ол ұйымдастырған «Отырар сазы» оркестрі қазіргі кезде еліміздің бренді тәріздес. Жердің түкпір-түкпірінде қазақ өнерін паш етіп жүр. Қазірде, оркестрде осы қызы Динара басшылық етеді.
Суреттерді Салтанат түсірді. Сонымен қатар ол Сара Тыныштығұлова апайымызды Ағатай екеуі үйіне дейін шығарып салды. Еркебұлан апайымыздың үлкен сумкасын көтеріп жүру мәртебесіне ие болды. Малдес, ақтаулық жігіттер! ))))
Пы.Сы. Алматыда Нұрғиса Тілендиев көшесін әлі күнге дейін «Софья» дейді. Ұят, ұят…
‧°o‧°○╠jaqsy╣.╠eken╣ ╠^.^╣● ‧°o‧°‧°o‧°‧°
‧°o‧°●╚╩╝ ╚╩╝ ╚╩╝ ╚╩╝○ ‧°o‧‧‧°o‧° o‧°
☆.°∴°☆﹒﹒‧☆°∴°☆.∴°☆☆.°∴°☆ ☆.°∴°☆☆.°∴°
╰ /∕﹨\ /∕﹨\ ╰╮ /∕﹨\
/ \ / \ / \
/ / \ \
∕ ● ●∕ ● ● ﹨ ● ● ﹨
| ○ ▽ | ○ ▽ ○ ︱ ▽ ○ ︱
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~